Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет202/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
223
тəтемді  білмеппін  ғой,  оны  біле  түскен  сайын,  Құ дай дан 
«осындай парасатты жанды бізге қишы» деп ті леу мен бол-
дым. Тəтем соғыстан кейін ата-анасыз қалып балалар үйін-
де өседі. Жоғары білімді ұстаз. Күйеуге уа қы тын да шық қа-
ны мен бала таппайды. Содан күйеуі өлген соң көп жылдар 
жал ғыз  жүріп,  əкеме  кездеседі. «Үш  ұлға  деген  махаббаты 
үшін болса да тəтем аман қалуы керек», – деп іштей зар жы-
лаймын. 
«Менің  де  мүгедектікке  төленетін  зейнетақымды  осы 
үйге  келгелі  бері  алмай  жүр  едім,  барып  жиып  келейін, – 
деп  баяғыда  менің  тойымның  алдында  айтқанын  естігенде 
дереу емдеткенімізде тəтем осындай халге түспес па еді», – 
деп іштей мүжілем. Біз анадан ерте айырылдық та ана ның 
ма хаб ба ты ның  не  екенін  білмедік  қой,  тəтем  соның  орнын 
толтырғаны сондай, ұлдар түгілі мен енді одан айы рыл ғым 
жоқ,  тəтемді  қимай  түнімен  жылап  шығам.  Өзімнің  от ба-
сым да ғы қиындықтарымды ұмытып қалдым. Ананың аман-
ды ғы ның  жанында  ағайынға  өкпе-наз  деген  əншейін  екен. 
Қыз да рым үшін аман жүргім келеді. «Əкесіз жетім – мас же-
тім, анасыз жетім – тас жетім» деген осы.
Мен  қанша  бақсам  да,  əкемнің  соры  қайнап,  əйелі  өліп 
қал ды.  Мен  қайырымды  да  парасатты  тəтемнен,  бауырла-
рым тағы да аналарынан айырылды. Əкемнің  сол күндергі 
қай ғы сын, оның төрт бүктеліп қалғанын ешбір сөзбен айтып 
жеткізе  алмаспын.  Қараймын  да  жылаймын,  басқа  не  іс те-
йін. «Папам тəтемді сондай жақсы көрген екен ғой», – деген 
ой да келді. «Мені Ерік сондай жақсы көре ма екен. Бір ай-
дан асты ең болмаса телефонмен мен түгілі балалардың жағ-
да йын да білмеді», деп өкпелеп қалдым. 
Тəтемнің жетісін өткерген соң қыздарымды жетектеп қа-
ла ға  қайттық.  Менің  əкемнің  қарашаңырағы  баяғы  қа ра лы 
күй  ге  түсіп – Жарсыз,  Анасыз  мені  шығарып  салды.  Төрт 
еркек көздері жəудіреп суық үйде қалды... 
Қайран тəтем... Біздің аз жылғы қуанышымыз...


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет