Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет207/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Келе ғой, нешінші сыныпта оқисың? – дегені маған қа-
рап тұрып.
– Сізден жұмыс сұрап келдім, бес баламен қиналып кет-
тім, – деп əдейі бірден баланың санын айттым. Директор көзі 
бақырайып:
– Сенің бес балаң бар ма? – деді.
– Иə, анам ерте өлген, қолымда бес балаға қосымша əкем, 
үш інім бар, – деп едім,
– Ойпырай-ə, өзің Дюймовочкаға ұқсайсың, күйеуің бар 
ма? – деп күлді. 
–  Бар.  Бірақ  ішіп  кетті, – деп  жағдайымнан  біраз  хабар 
бердім.
Директор тыңдап отырды да, бір кезде:
– Қолыңнан тамақ жасау келе ме? – деп сұрады. 
Көпшілікке тамақ жасап көрмесем де, «Келеді», – дедім.
– Онда ауыл шетінде бос тұрған екі бөлмелі үйге кө шіп 
кел де таңертең егіншілерге аспаздыққа шық, – деді де бри-
гадирді шақырып алып «Ана үйдің кілтін бер. КамАЗ жі бе-
ріп көшіріп ал, ертеңнен бастап саған аспазшы болады», – 
деп қосып жіберді.
Мен КамАЗбен үйге келсем əкем мен балалар жиылып-
түйіліп  отыр.  Сол  қалпында  көшіп  жүре  беруге  болады. 
Əкем аздап құмалақ ашатын өнері бар еді, мен күні бойы үн-
сіз жоғалып кеткенге қорқып құмалақ ашып, балаларға «ма-
ма ла рың көлікпен келе жатыр, бізді көшіріп əкетеді, дайын 
отырыңдар»  дейді  де  заттарды  буып-түйе  бастайды.  Тал-
ғат пен жүргізуші көліктің үстінде заттарды алып əкем мен 
іні ле рім  төменнен  беріп  жатыр.  Мен  балаларды  киіндіріп, 
заттарын түгелдеп жатқанмын. 
–  Қаңғыбастар  тағы  қайда  көшіп  барасыңдар, – деп  ай-
қай лап енем келді. Арғы жағынан шала мас Ерік шықты. 
– Бар заттарды түсір, оның бəрі сенің еңбегің, – деп ұлын 
итеріп мəшиненің үстіне шығарып жіберді де өзі көр ші лер ге 
қа рай аттандап жүгірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет