Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет231/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Ей, есің дұрыс па! – деп қарсыласып жатырмын. Дəу ер-
кекке қайдан күшім келсін. Еріп келе жатқан Игорь ана ның 
мені сүйіп жатқанын көріп шығып кетті. Қысымынан əрең 
босап шығып, итеріп жібердім.
–  Анвар,  адам  құсап  амандасуға  болмай  ма,  мен  сені 
ұмытқалы қашан, – дедім ренжіп.
–  Ал,  мен  сені  ұмыта  алмай  іздеп  жүр  едім,  бүгін  əрең 
таптым! – деп алқынып тұр. Өзі жүдеп, тіпті қартайып ке-
тіпті. 
–  Сенің  мені  күйеуімнің  көзінше  бас  салып  сүйетіндей 
ма ған ешкім емессің, – деп ауырлау айттым. 
– Ол да мен сияқты біреу ғой, заңды күйеуің емес, сенің 
кү йе уің қазақ болатын, – дейді. 
– Мен осы орысқа тиіп алғанмын, мынау соның үйі, сон-
дық тан бөтен үйді босатқаның дұрыс, – дедім.
–  Гулятай,  ең  соңғы  рет  кездесейікші.  Мен  Маринамен 
ажырасып  кетіп  сені  іздеп  жүргенмін,  əрең  таптым  ғой, – 
дей ді тап бір алтын тауып алғандай қуанып тұр.
– Ренжіме, сенімен ешқайда бара алмаймын. Бала-ша ғам-
мен осы үйде əрең күн көріп жүрмін, мына орысқа жа лын-
ған дай болып. Менің ешбір сүйенішім жоғын білесің, тағы 
мені далада қалсын демесең тез үйден шық. Менің өмі рім ді 
бұз ба, мені сүйетінің рас болса, балаларымды аясаң, біз ден 
ау лақ жүр, – деп есікті көрсеттім. Мен жылап тұрғаннан ке-
йін сенді ме, жоқ балаларды аяды ма:
– Ал, жақсы, енді кездеспеспіз. Менің сені қатты сүй ге-
нім ді  өмірі  ұмытпай  жүр.  Саған  бақыт  тілеймін! – деді  де 
шы ғып кетті. Мен сол қақайған қалпымда артында қала бер-
дім. Ең болмаса, «саған да бақыт тілеймін», – деуге де жара-
мадым өзімді сонша сүйген азаматқа.
Ол сыртқы есікті тарс еткізіп жапқанда есім кіріп, орын-
дық қа отыра кеттім. Содан ал кеп жылайын, Анвардың ауы-
лына адасып барып соның отты махаббатынан қашып кет ке-
нім нің өзі жастықтың бір дəурені екен ғой...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет