Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет233/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
рі нен адам шошырлық бомж-қаңғыбас тұр. Жа қын да ған ша 
«Құ дай-ау бомж мені қайдан біледі?» деп ойлап бар ған мын, 
жа қын да ған да қарасам... Ерік!..
Қанша тозып кетсе де, қанша қорқынышты болып кетсе 
де  жазбай  таныдым.  Менің  балаларымның  əкесі,  жо ға лып 
кеткен  «мамасының  жалғызы».  Түріне  қарап  жүрегім  ая-
ныштан езіліп қоя берді. «Қанша қаңғыса да менің есі гім нің 
алдына келіп тұр ғой, жер бетіндегі жалғыз жанашыры мен 
деп келді ғой», – деп аяп үйге кіргіздім. Ауызы-басы ісіп кет-
кен сөйлей алмайды...
Содан не керек, балалармен жабылып моншаға жуынды-
рып,  тазалап,  тырнағын  алып,  киіндіріп,  та мақ тан дыр дық. 
Кешке қарай əлгі қаңғыбас тамақ аш өзегіне түсіп кетті ме, 
тырапай асып талып түсті. Тамыр соғысы жоқ...
Анда-санда  жоғалып  кеткен  Ерік  есіме  түскенде  бауыр-
ларым  мен  балаларыма  «Əкелерің  жайлы  жаман  хабар  ал-
сақ жерлеу біздің міндетіміз. Оның бізден басқа жанашыры 
жоқ», – деп отырушы едім, енді менің қолыма өлуге келген 
болар  деп  ойладым.  Сонда  да  жедел  жəрдем  шықырттым. 
Өзім бірге барып басы-қасында жүрдім. Бөлім бастығы «Ко-
ма ға түсіп кетті. Сізді енді реанимация жаққа жібермейміз, 
мына дəрілерді тауып келіңіз», – деп маған бір бет қағаз бер-
ді де, шығарып жіберді.
Содан  бастап  ауруханамен  екі  арадағы  сабылыс  бастал-
ды.  Дəрігерлер  мені  əйелі  деп  қабылдап,  кейде  кіріп  шы-
ғуы ма рұқсат етті. Балалар да менімен бірге келіп əке ле рін 
көріп жүрді. Бір айға жақындағанда кешке қарай аурухана-
дан телефон шалды, «Күйеуіңіз есін жиды», – деп сү йін ші 
сұрағандай.  Қуанып,  жылдамдатып  сорпамды  пісіріп  же-
тіп бардым. «Есін жиды» дегенге мені тани қала ма десем, 
бай құс əйтеуір кірпігі қимылдап жатыр екен. Аузына тығып 
қой ған түтіктерімен дəрімен «тамақтанады». Менің сорпам-
ды ішуге бір аптадан кейін жарады ғой. Басын көтеріп, қа-
сық пен тамақтандырып тағы бір ай өтті. Көп сөйлемейді, та-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет