Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет230/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
251
қан дай Игорь жалындаған жүрек сөзін жеткізіп айта біл ген 
соң ба, мен де жылылық танытатын болдым. Маған ұнай тын 
ең жақсы қасиеті – арақты аузына алмайды. Темекі де шек-
пейді. Өте таза. Жоғары білімді механик. Өзінің айтуынша 
бұ рын бір рет үйленген. Көңілдері жараспай ажырасып кет-
кен.  Ортада  балалары  жоқ.  Бірақ  орынсыз  бұрынғы  əйе  лін 
жамандамайды, тіпті ол туралы айтпайды десе де бол  ған  дай. 
Заты орыс демесем – жігіттің төресі. 
Заманның  өзі  сондай  болды  ма  кейінгі  кезде  азаматтық 
некеде тұратындар көбейді ғой. Мен де соның біреуі болып 
орыс жігітімен тұрып жаттым... Оны біздің отбасы мү ше сі 
деп  қа был да ға ным мен  заңды  некеге  тұруға  батылым  бар-
мады. 
Игорьмен  бірге  тұрғалы  қолтығыма  қанат  байлағандай 
қан дай шаруаны да ұшып жүріп бітіремін. Бауырларым да, 
балаларым  да  менің  көңілімнің  осы  бір  күйін  тү сін ген дей 
Игорь ағайларына құрметпен қарайды. 
Ғасырдың  аяғы  мен  басында  уақыт  зымырайды  дегенді 
ес тіп едім, соның шындығы ма, менің соңғы он жылымның 
қа лай  зымырап  өте  шыққанын  да  білмей  қалдым.  Бауыр-
ларым мен балаларым өсіп, Игорь екеуміз мəуелі бəйтерек 
сияқ ты  соларға  көлеңке  түсіріп  келеміз. «Өткен  күндердің 
кеткен күндердің бəрі аңыз», – деп əнде айтылғандай менің 
өт кен күндерім енді кешегі естеліктей болып бара жатқанда 
бір оқиға болды. Ол менің көрешігім əлі алда дегенге берген 
бел гі еді...
Мен ас үйде күйбеңдеп жүргенмін, бір кезде ашық есік-
тен аулада дабұр-дұбыр еткен еркектер үнін естіп, басымды 
бұ рып қарап едім дəлізді тарсылдатып жүріп келе жатқан ер 
адамды көрдім. Алакөлеңкелеу еді, танымадым. Асханаға кі-
ріп келгенде таныдым... 
Анвар! 
Келе  қазандық  жанында  тұрған  мені  əй-шəйға  қарамай 
бас салып, құшақтап сүйе бастады. 


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет