Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет235/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
айтады. Онымен арамызда бір бала болып еді, түсік болды. 
Сол  салтаң  жүргенімізден  бе,  бəрі  балалардың  əкесін,  та-
нитындары əжелерін еске алып, менің өмірімді қаласам да, 
қаламасам да Ерікпен байланыстырып жатады. Кейде Ерік-
ке де ренжимін, жап-жақсы өміріміздің тоз-тозын шы ға рып, 
əкесінен қалған шаңырақты сатып өзінің басын қаң ғыр тып 
жүрген өзі емес пе. Сөйтіп сергелдеңде жүргенімде:
–  Сіздің  күйеуіңізді  арғы  күні  шығарамыз, – деді  бөлім 
бас ты ғы шақырып алып. Мен не дерімді білмей үндемей тұ-
рып қалғаныма таңырқаған дəрігер,
– Бұдан ары ұстай алмаймыз, қазір жағдайы қалыпқа түс-
ті, сондықтан шығаруға тура келеді, – деді.
– Дұрыс қой, дұрыс қой, – дей беріппін. 
Үйге келгенше Ерікті қайда апаратынымды ойлап басым 
қатты. Оған деген аяныштан қан қысымым көтеріліп, жа тып 
қалдым. 
Кешке  қарай  жұмыстан  келген  күйеуіме  бар  жағдайды 
айт тым. Ол үндемей тыңдады.
– Бір жерің ауырып отыр ма? – деді мені қабағымнан та-
нитын əдетімен.
– Ерікті аяғаннан ауырып жатырмын, – деп шынымды ай-
ттым.  Ол  отырған  жерінен  жаныма  келіп  басымды  кө те ріп 
құшақтап:
–  Мен  сені  осы  қайырымды  жүрегің  үшін  жақсы  кө рем 
ғой. Сенің жаныңда жүрген адам далада қалмайды, – деп кө-
зім нен сүйді. Мен Игорьды құшақтап алып жылап жібердім.
– Үйдің бас иесі өзіңсің, өзің шеш, – деп салмақ сала сөй-
ле дім. 
–  Ерік  сенің  көңіліңді  қалдырғанымен,  ана  бес  баланың 
əке сі ғой, сондықтан оның ендігі орны сол балалардың орта-
сы. Үйге алып келейік. Үйдің арғы жағына қаратып есік шы-
ға рып бір бөлме қосып салайық. Сонда тұра берсін. Сен екеу-
міз осы жағында өз үйімізде тұрамыз. Тек арағын тастасын, 
əйтпесе, балалардың мазасын алады, – деп еркекше шеш ті. 


Сәуле Досжан
257
Айтылған күні өмірге əкемізді қайта əкеліп, ай бойы əке-
міз ді баққан дəрігерлерге тарту-таралғымызды арқалап, ба-
сымыз Игорь болып бала-шағамызбен Ерікті үйге шығарып 
ал дық. Есіктің алдына келгенде Ерік ыңғайсызданып:
– Мен мұндай құрметке лайық емес едім ғой, – деді.
–  Сен  осы  балалардың  əкесі  болғандықтан  барлық  құр-
мет ке  лайықсың,  досым.  Мынау  енді  сені  мен  балалардың 
үйі. Ал, Гүлжан менің əйелім, біздің үй мына жағында бола-
ды, – деп Игорь Ерікке есік ашты. 
Жазға  салым  үйімізге  үй  жалғанып  құрылысын  екі  ер-
кек жылдамдатып жүргізді. Балалардың қуанышын көрсеңіз 
ғой. Əкелерін өздері-ақ бағып-қағып отыр. 
* * *
 Жеті күйеуге тигенді естіген шығарсыз, екі күйеуді қа-
тар ұстаған əйелді естігеніңіз бар ма? – деп бастады ал ғаш-
қы сырын.
– Естімеппін, қызық екен. Жалпы, ол біздің мен та ли тет ке 
жаттау ғой.
– Жақында телевизордан бір депутат əйел «еркектер төрт 
əйел алса, əйелдер неге төрт күйеу ұстамайды», – деп сұх бат 
берді.
– Ол əншейін еркектерге ерегесіп айтып тұрғаны шығар.
– Не десе де сол əйелдің айтып отырғаны бүгінгі заман 
шындығы.  Бүгінде  кəсіпкер,  бай  əйелдер  үндемей-ақ  төрт 
еркекпен қатар жүріп жүр ғой.
– Жүрсе жүретін шығар жұртқа білдірмей, бірақ ол тиіп 
алған емес қой. 
– Ондайлар төрт түгіл бір байға да заңды түрде ти мей ді. 
Себебі түбінде дүниесін бөліске салады деп қорқады. 
– Сіз қалай екі күйеу ұстап жүрсіз?
– Ол тағдыр құрбым, – деді Гүлжан.
 


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет