70-бап. Толық емес жұмыс уақыты 1. Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер
мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі
мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының
нормасын азайту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын
қысқарту;
3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және
жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып
есептеледі.
3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың
біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын