АННОТАЦИЯ
Бұл диплом жұмысы шетел және отандық зерттеушілердің еңбектерін
және ғылыми мақалаларын негізге ала отырып жазылды. Дінаралық келісімді
айқындайтын ертеден қазірге дейінгі құжаттардың маңыздылығы мен адам
өркениетінде алатын рөлі баяндалады. Зерттеу барысында мұсылман, христиан,
яһуди қарым-қатынастары, Қасиетті Жазбалары, діни сенімдеріне қысқаша
сипаттама келтіріледі. Сонымен қатар дінаралық келісімнің түрлері, формалары
және міндеттері, қорытындылай келе перспективалары мен нәтижелері туралы
айтылады.
Бірінші бөлімінде көбіне христиандарға қатысты «Милан эдикті» және
«Никомедия эдикті», ислам және яһуди қарым-қатынасына негізделген
«Мәдина Констититуциясы» құжаттары, әртүрлі дін өкілдері арасындағы
байланыс туралы сөз болса, ал екінші бөлімінде жалпы Дінаралық диалог
дегеніміз не, оның қандай формалары мен міндеттері бар және перспективасы
мен нәтижелері туралы баяндалады. Қорытындылай келе дінаралық
қақтығыстар, олардың алдын алу шаралары келтіріледі.
ii
Қосымша: «Сурет» үлгісі
Сурет 1. Мұсылмандардың аймақтық таралуы
Дереккөз:
https://www.pewresearch.org/fact-tank/2017/01/31/worlds-muslim-
population-more-widespread-than-you-might-think/, 24 наурыз, 2020 жылы
алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |