Өрт қауіпсіздігі ережесі
Өрт қауіпсіздігі – тұлғаның, бұйымдардың, қоғамның жəне мемлекеттің
өрттен қорғанулық жағдайы. Еңбекті қорғау, өртке қарсы шаралармен тығыз
байланысты, өрттің шығуын ескертуге бағытталған, оның таралуын шектеу,
жанып жатқан болмаса үйлердің жануына қауіптөндірген, құрықтау
мүмкіндіктерін табысты қамтамасыз ету жəне өртті сөндіру, адамдарды
жəне материалдық бағалықтарды жетістікпен көшіру үшін жағдай жасауға
бағытталған. Өртті сөндіргеннен оны алдын ала ескерту жеңіл, сондықтан
өртке қарсы режімнің ережесін қатаң ұстану қажет . Ол үшін жұмыс орнын
тəртіпте жəне тазалықта ұстау керек, отты, қыздырғыш аспаптарды абайлап
пайдалану керек. Əрбір қызметкер техниканың, сымдардың оқшаулануын
бұзылуы, күйік иісі, түтіннің пайда болуы кезінде лезде компьютерді немесе
басқа техникалық құралды жүйеден ажыратуға міндетті.
Еңбекті қорғау бойынша маман, өртке қарсы саймандардың белгілі жерде
жəне əруақытта дайын болуын қадағалауы керек. Өрт сөндірудегі негізгі
құрал- су болып табылады. Ол тек қана мұнай өнімдерінің, сумен
реакцияланатын заттар (металдар карбиді, металдық калий, натрий жəне б.),
сонымен қатар электрсымдар жəне электржабдықтар жанған кезде
пайдаланылмайды. Электрсымдарын жəне электржабдықтарын өрттен
өшіргенде тек қана көмірқышқылды өртсөндіргіш қолданады. Аз мөлшерде
жеңіл тұтанатын заттарды өшіргенде көбікті қол өртсөндіргішті қолданады.
77
|