Қорытынды
Инновациялық-технологиялық даму ХХI ғасырда қоғамды құраудың
ажырамайтын бөлігі болады. Қазіргі заманғы ғылымда инновациялар
əлеуметтік экономикалық дамудың маңызды факторы сияқты
қарастырылады. Сонымен инновация - кез келген компанияға рынокта
талассыз бəсекелестік артықшылыққа кепілдеме беретін негізгі
фундаменталдық фактор. Инновациялар өндірістің өсуінің жəне еңбек
өнімділігінің элементінің орталық болатынын кең мойындайды.
Инновациялар мекеменің барлық бөлімдерінде жəне өмірлік циклдың
барлық кезеңдерінде: зерттеуде, жобалауда, дайындауда, маркетингте,
қызмет көрсетуде жəне мүмкін өнімді жоюда (өңдеуде) өтуі мүмкін.
Индустиалды- инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,
Қазақстанның кедендік одаққа кіруі, бірегей экономикалық кеңістікті құрау
үдерісі(ЕАЭО), экономиканың барлық салаларында бизнес –қоғамдастығы
алдына қағидатты жаңа міндеттер қояды. Осыларды орындауда,
кəсіпорындар өз жұмыстарында, соңғы есепте олардың іс- əрекетінің басты
критериі болып бағаланатын сапа мəселесіне басымдық береді.
Үдерістерді, шығаратын өнімдерді болмаса көрсетілген қызметті
модернизациялауға жағдайы жоқ мекемелер, əсіресе барлық əлем бойынша
бəсекелестіктің артуымен, экономикалық дағдарыс кезінде өміршең болып
қалуы екі талай.
Дамудың келешектегі жолы экономиканың инновациялық түріне өтумен
байланысты. Ал, ол – зерттеуді белсенді жүргізуді, жаңашыл
технологияларды дайындауды, олармен əлемдік рынокқа шығуға жəне
ғылыми-өндірістік өрісте халықаралық ықпалдасуды өрістетуге
жорамалдайды.
Дамыған елдер өздерінде əлемдік ғылыми-əлеуметтің 90%-нан көбірегін
шоғырландырады жəне жаһандық рыноктың жоғарғы технологияларының
80% бақылайды, жылсайын ғылыми-сыйымды өнімдердің экспорттық
көлемі АҚШ-қа $700 млрд., Германияға - $530 млрд., Жапонияға - $400
млрд. шамасында əкеледі.
Қазіргі заманғы жағдайда қоғамдық өмірдің барлық өрісінде
инновациялық іс-əрекеттің рөлі өседі. Инновация (ағылш. innovation) сөзі
қазақ тіліне «жаңалықты енгізу» сияқты жəне «жаңалықты болмаса
өнертабысты пайдалану үдерісі» (ағылш. innovation) білдіреді, б.а. жаңа
идея болмаса жаңалықты енгізу кезінен бастап инновация - жаңа сапаға ие
болады.
Қазақстанның əлемдік экономикаға ықпалдасуы жəне ҚР келешекте
БСҰ-ға кіруі сапаны анық бағалауды қамтамасыз етудің қажеттілігіне
78
өнімдерді ұқсастыруды, өнімдерді сертификаттау кезінде сынақтың
хаттамасын өзара мақұлдауды мəжбүрлейді. Республикада сапа менеджмент
жүйесіне ХС ИСО 19011жəне ИСО/МЭК 17021 талаптарын негізге ала
отырып аудит жүргізу бойынша белгілі жұмыс жүргізіледі.Республикада
менеджмент жүйелерін дайындауға жəне енгізуге 100ден аса
мемстандарттар жəне əдістемелерден тұратын жеткілікті мемлекеттік
нормативтік база жасалынған. Менеджмент жүйелерін енгізу отандық
өнімнің бəсекелестігін жоғарылатудың кешендік міндетін шешуге,
жаңалықтарды өндіріске енгізуге, энергетикалық қорларды үнемдеуге
мумкіндік береді.
Сертификаттау органдарының жəне сарапшы-аудиторлардың жұмысы
үшін маңызды шарт-ол, сарапшылардың жəне аудиторларың жоғары кəсіпті
аккредиттеу куəлігімен, ал сертификаттау органы өкілетті органмен
аккредиттелген болуы керек. Жұмыста негізқалаушы ИСО 9001:2007
стандартын, оның құрылымын жəне маңызын басшылыққа алуы керек.
Бүгінгі Қазақстандық кəсіпорындардың жетістігі - өндірісті
модернизациялау бойынша актуалды міндеттердің шешімі, өнімдер жəне
қызмет сапасын, отандық мекемелерде еңбек өнімділігін жақсарту қорларды
едəуір үнемді пайдалану жаңа технологияларды жəне басқару амалдарын
енгізу арқылы іске асырылады, олардың негізінде жүйелі менеджменттің
қағидаты жатыр.
79
|