Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет50/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   163
15-күн
1-2-сабақтар
Тақырыбы:
Сабақта ОүБ қолдану әдістемесі.
Мақсаты:
Мұғалімдер  жоспарлауда  тиімді  оқыту  идеяларын  қолдану  арқылы  оқу 
үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі 
туралы білімдерін көрсетеді. 
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер  оқу  үшін  бағалау  әдістерін  қолданып,  сабақ  жоспарын 
әзірлейді  және  оқу  үдерісін  жетілдіру  үшін  оның  қолданылу  әдістемесін 
өзара бағалауды жүзеге асырады. 
Түйінді 
идеялар:
Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі 
екенін түсіну мұғалімдердің бағдарлама идеяларын іс-тәжірибеде қолдану 
арқылы  түйсінуді  талап  етеді.  Курс  қатысушылары  өз  бетімен  әзірлеген 
әдістерді  қолдана  отырып,  дереккөздер  мен  әріптестердің  тәжірибесін 
талдау нәтижесінде өздерінің сабақ жоспарларын жасайды.
Сабақ барысы


| 35 |
Center
of Excellence
1-сабақ

Бағалауға арналған жаттығу.

Қатысушылар ресурстарды талдайды. Тренер келесі әдісті қолданады: 
жұптық жұмыс (№1 бір ресурсты талдайды, №2 – басқа ресурсты, содан 
кейін негізгі ойларды білдіретін 3 тезиспен белгілейді және бір-бірімен 
бөліседі).

Мысалдармен бөлісу:
Ресурстар: 
Үй жұмысына арналған буклет (Білім беру платформасы). 
Сабақтардың аяқталуы (Білім беру платформасын қараңыз). 
Оқу үшін бағалау (Білім беру платформасын қараңыз). 
Оқу үшін бағалаудың құралдары (Білім беру платформасын қараңыз). 
Өзара бағалауға жағдай жасау (Білім беру платформасын қараңыз). 
Әріптестермен бірлесіп іс-тәжірибені жетілдіру (Білім беру платформасын 
қараңыз). 
Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу (Білім беру платформасын қараңыз). 
Рефлексиялық журналдағы рефлексия (Білім беру платформасын қараңыз). 
Ойлануға арналған журнал жүргізу (Білім беру платформасын қараңыз). 

Мұғалімдер пән бойынша топтарға бірігеді және сабақты жоспарлауды 
барлық кезеңдерге қалыптастырушы бағалауды енгізіп, жүзеге асырады. 
Мысалы, қызығушылықты ояту кезеңінде, үй жұмысын өзара бағалау 
кезеңінде, жаңа материалды зерделеу кезеңінде, іс-тәжірибе кезеңінде, 
рефлексия кезеңінде. 
2-сабақ

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

Жоспарлауды жалғастыру. Тренер мұғалімдерге жекелей кері байланыс 
береді.

Жұптық өзара бағалау. Сабақ жоспарын бағалау критерийлерін бірлесіп 
талқылау. Жоспарды өзара бағалаған кезде не нәрсеге назар аударамыз? 
Мұғалімдер жұптық жұмыста қолдана алу үшін тренер критерийлерді 
тақтаға жазады.

Тренер  әр  түрлі  пән  мұғалімдерін  араластырып,  жұптарды 
ұйымдастырады,  олар  бір-біріне  сабақ  жоспарларын  ұсынады  және 
сол жоспар шынымен де оқуды қолдауға арналғаны туралы түсініктеме 
береді.

Қатысушылар  рефлексиясы.  «Мен  сізге  ...  үшін  алғыс  білдіремін». 
Мұғалімдер осы сабақта өздеріне ықпал еткен әріптестерін атайды.
Қосымша оқу:
Оқу үшін бағалау (Білім беру платформасын қараңыз). 
«Қара жәшік ішіндегі жұмыс» (Білім беру платформасын қараңыз).
Диалогты бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).
Педагогикалық диалог №2 (8) 2014 (Білім беру платформасын қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет