Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет4/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Қалыптастырушы  бағалау  оқудың  бір  бөлігі  болып  табылады  және  оқу  үдерісінің 

өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:  

-  оқушының  оқуда  қаншалықты  «ілгерілегенін»  айқындай  алады,  өзінің  оқыту  әдіс-

тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;  

- қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік 

беретінін шешеді;  

- қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады; 

-  оқушылардың  оқуы  жайында  барынша  мол  ақпарат  алады,  мысалы,  ауызша 

сауалнамалар,  оқушылардың  топтық  әрекеттері,  тапсырманы  өз  бетінше  орындау, 

тақырыптық  зерттеулер,  рөлдік  ойындар  ұйымдастыру  және  қадағалау  арқылы  ақпарат 

алады. 

Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс ұсына отырып, оқушыларға пәнді 

меңгеру  мен  түсінуде  көмекші  болу  арқылы  олардың  оқуда  алға  ілгерілеуді  қадағалайды, 

сонымен  қатар  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  объективті  көзқарасты  ұстана  отырып, 

оқушыларды оқуға ынталандырады. 

Оқушыны  дамытуда  қалыптастырушы  бағалаудың  мәні  зор,  сондықтан  ол  оқу 

үдерісіне  қатысушылардың  барлығына  түсінікті  және  анық,  оқушыны  жетістіктерге 

ынталандыратын сипатта болуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет