Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен


БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ



Pdf көрінісі
бет8/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

3. БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ 

 

Бағалау үдерісін түсіну 

Мұғалім  бағалау  критерийлерін  анықтауды  үйренуі  керек.  «Өзің  үйретпеген 

нәрсені бағалау әділетсіз болады» (Дайана Хесс, 2001).  

Бағалау  оқу  үдерісіне  ықпалдастырылуы  тиіс.  Бағалауға  арналған  тапсырма 

оқу жаттығуларының бірі болып саналады. Бағалау мен оқу –  біртұтас үдеріс (Ким 

Метлоф).  «Бағалау  критерийлері  оқу  үдерісіне  қосылған  ба?  Мен  бағалайтын 

нерсені  оқытып  жатырмын  ба?»  –  мұғалім  оқытуды  жоспарлағанда  осы  сұрақтар 

туралы ойлануы тиіс. 

 

Профессор Дайана Хесс Будапешт қаласында өткен құқықтық және азаматтық 



білім  беру  жүйесіндегі  бағалау  мәселелеріне  арналған  семинарда  (2001)  бағалаудың 

ашықтығы  мен  жариялылығы  туралы  «бұл  қағида  Америка  мектептерінде  нағыз 

төңкеріс  жасап,  оқыту  жүйесін  түбегейлі  өзгертіп  жіберді»  дейді.  «Мұғалімдер 

бағалау  жүйесін  алдын  ала  ойластырып,  оқушыларға  жеткізді.  Бұл  мұғалімдердің 

артқа шегінуіне жол бермеді, өйткені оқушылар бағалаудың әрбір қағидасы бойынша 

берілген  сұрақтарды  мұғалімдердің  өзіне  де  қоя  алатын  болды.  Сол  себепті 

мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды». 

Бағалау критерийлері мен әдістерін белгілеуге, бағалау үдерісіне оқушылардың 

өздерін  де  қатыстыру  керек.  Мұндай  ұстаным  бағалауды  оқушылар  үшін  өзіне 

түсінікті, демократиялық және әділ үдеріске айналдырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет