10
- оқу нәтижесін түсіндіруге қатысты қандай критерийлер ұсынуға болады?
- шекті балл жинаған оқушылардың көрсеткіштері қалай бағаланады?
Осы сұрақтардың жауабы бағалау үдерісін түсінуге көмектеседі. Бағалау құрылымын
немесе нысанын таңдауда нені өлшеу (бағалау) керектігін және оны бағалау критерийлерінің
өзара қалай байланысты екенін анықтау маңызды.
Сын тұрғысынан ойлау – адамның өзін-өзі тәртіпке салып, бағыттап басқаратын, өзін-
өзі бақылайтын және түзететін сыни ойлау деген пікір бар (Paul and Elder, 2003). Бұл
анықтамада сын тұрғысынан ойлау келесі компоненттерді қамтуы мүмкін:
- маңызды сұрақтарды анықтай білу қабілеті;
- маңызды ақпаратты жинау, бағамдау және түсіндіру қабілеті;
- қорытынды жасау және оларды тексеру қабілеті;
- шешім қабылдауға дайын болу, болжам жасау қабілеті.
Аталған компоненттердің әрқайсысы жеке өзі құнды болмауы мүмкін, бірақ барлығын
бірге алғанда күрделі мәселені дұрыс шешуге көмектесетіні анық, мұндай жағдайда
оқушылар тиімді талдау жасап, ұсынылған мәселенің оңтайлы шешімін таба алады.
Мысалы,
- өздерінің пікірлеріне негіздеме жасау барысында ақпараты, білімді, фактілер мен
мағлұматтарды пайдаланады;
- өздерінің пікірлерін нақты білдіру үшін өзінің бақылау және зерттеу нәтижелерін
пайдаланады;
- өзінің іс-әрекеттерін зерттейді, проблема туралы және оны шешу жолдары туралы
ойланады.
Бағалау құрылымын анықтаудағы екінші маңызды қадам әрбір компонент бойынша
жеке және барлық компоненттерді бірге алғанда «жоғары, орташа және төмен
көрсеткіштерді» анықтау болып табылады. Оны жасаудың ең жақсы тәсілі – сын
тұрғысынан ойлайтын үш тұлғаның (сарапшы/тапсырма әзірлеуші, мұғалім және оқушы)
көрсеткіштерін бақылау және бақылау нәтижесін бағамдау. Әдетте сарапшылар әрбір жеке
компонент бойынша және барлық компоненттерді бірге алғанда да жоғары нәтиже көрсетеді,
ал оқушылардың көрсеткіші төмен болады. Неліктен? Қандай айырмашылық бар? Бағалау
тапсырмаларын әзірлеуші сыни ойлау дағдысын ұзақ уақыт бойына жетілдірген, өзінің
дағдылары мен сын тұрғысынан ойлаудың аталған төрт компонентін дәйекті пайдалана
білетін білікті маман болып табылады. Мұғалімдер (олардың саны басқаларынан көптеу)
дағдылар мен төрт компонентті бағалау тәжірибесіне жеткілікті деңгейде уәжделген.
Оқушылар көбіне сын тұрғысынан ойлауда қиналады, оның құрамдас бөліктерімен жұмыс
істеу қабілеті мен оларды өз тәжірибесінде қолдануға деген ынтасы төмен. Осының барлығы
емтихан алушы мұғалімнің жоғары, орташа және төмен көрсеткіштердің дәлелдерін
жинақтауына көмектесетін бірыңғай тест спецификациясын құру қажеттілігін айқындайды.
Пән бойынша тест спецификациялары белгіленген құрылым бойынша тест сұрақтарын
әзірлеуден бастап, ұсынылатын жауаптарды (кілт және дистракторлар) құрастыруға дейін
барлық талаптарға сәйкес жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: