Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет12/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 


11 

Дәлелдемелер жинау  

Тест спецификациялары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты деректерді 

көрсетеді және оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады.  

Бағалауға  арналған  тапсырманы  әзірлеу  барысында  құрылым  мен  өлшеуге  арналған 

компоненттерді  сақтау  маңызды.  Бағалауға  арналған  тапсырманың  сәйкес  болмау 

себептерінің  бірі  оның  толық  анықталмауында/құрастырылмауында  болып  табылады. 

Тапсырма  құрылымының  жеткіліксіз  берілуінің  мысалы  ретінде  әрқайсысы  жеке  немесе 

барлығы  бірге  қарастырылып  бағалануы  тиіс  байланыстырушы  ортақ  тақырыптардың 

болмауын айтуға болады.  

Мысалы,  қазақ  тілі  бойынша  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмасында  әдебиет 

тыс  қалуы  мүмкін,  ал  жалпы  түсінік  қалыптастыру  және  дұрыс  шешім  қабылдауда  бір-

бірімен  байланысты  барлық  пәндер  маңызды.  Жиынтық  бағалауда  олардың  біреуінің 

ескерілмеуі  пән  бойынша  оқушының  оқу  жетістігі  туралы  дұрыс  қорытынды  жасауға 

мүмкіндік бермейді. 

Поллит,  Ахмед  және  Крисп  (Pollitt,  Ahmed  and  Crisp,  2007)  бағалауға  арналған 

тапсырманың мазмұнына төмендегідей талаптар қояды: 

- тапсырманы орындауға берілетін уақытты дұрыс белгілеу

- тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау;  

- оқуға және жазуға берілетін уақытты есептеу;  

- мәтін мазмұнының күрделілігін анықтау; 

- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жадыға түсетін танымдық жүктемені анықтау; 

- бағалауға  арналған  тапсырманы  орындау  кезінде  оқушылардың  күйзеліске  ұшырау 

деңгейін анықтау. 

Тапсырманың  мазмұнына  қойылатын  кейбір  талаптардың  сандық  мөлшерін  анықтау 

немесе  бағамдау  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар  жаңадан  тапсырма  әзірлеу  кезінде  сүйенуге 

болатын бұған дейін орындалған тапсырмалар бойынша талдау мен ақпараттың болмауына 

байланысты  мұғалім  бағалауға  арналған  тапсырманың  санын  көбейту,  азайту  немесе 

бұрынғы қалпында қалдыру туралы шешімді өз бетінше қабылдауы тиіс. 

Бағалауға  арналған  тапсырманың  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  бағамдаудың 

құрылымдалған тәсілі бар ма? Әлеуметтік психологияда қолданылатын үлестіру теориясын 

тапсырманың  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  бағамдау  жұмыстарын  дамыту  үшін  де 

қолдануға болады. Гилберт, Пелхам және Крулл (Gilbert, Pelham, and Krull, 1988) адам өзінің 

іс-әрекетінің  себептеріне  мұқият  және  дәлелді  талдау  жасаған  кезде  үш  кезеңнен  өтеді  деп 

санайды: санаттарға жіктеу, сипаттамаларды анықтау және түзету.  

 

2-сурет. Бағалауға арналған тапсырмаларды анықтау 

Адамның мінез-құлқын үлестіру үрдісі бағалауға арналған тапсырма әзірлеуден мүлдем 

өзгеше  болуы  мүмкін,  бірақ  психологиялық  үдерістің  берілуі  мен  қолданылуы  бірдей 

болады.  Гилберттің  үлестіру  теориясына  сәйкес,  бағалауға  арналған  тапсырма  мазмұнын 

әзірлеу талаптарының бірінші кезеңі субъективті көзқарас пен тосын анықтамаларға (жоғары 

талап,  орташа  талап  және  төмен  талап)  негізделеді.  Сарапшы/мұғалім  осы  деңгейде  жұмыс 

істей отырып, өзіне  «Әзірленген тапсырманың деңгейі қандай?» деген сұрақ қояды. 

Бағалауға  арналған  тапсырманың  күрделілік  деңгейі  тапсырманы  әзірлеушінің  өзіндік 

тәжірибесіне  байланысты.  Санаттарға  жіктеу  дәлдігін  үлгілік  тапсырмаларды  пайдалану 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет