Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет9/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мұғалімге кеңес 

Бағалауды жоспарлау барысында мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі керек: 

•  Мен  оқушыларға  «нені»  және  «қалай»  бағалайтынымды  қашан  және  қалай 

хабарлаймын?  

• 

Мен бағалау критерийлері мен бағалау үдерісін оқушылармен бірлесе отырып 



белгілей аламын ба?

 

 




Бағалау  үдерісін  зерделеу  өзектілігінің  көптеген  себептері  бар.  Әртүрлі  зерттеулер 

мұғалімдердің  оқушыларды  бағалауда  басшылыққа  алатын  нақты,  ғылыми  дәлелденген 

ережелердің жоқ екендігін көрсетеді. Бұдан оқушыларға баға қоюдың жүйесіздігі байқалады. 

Бұл  жағдай  оқушыларды  қорғансыз  жағдайға  қойып,  оқушының  МЕН-тұжырымының 

төмендеуіне 

немесе 

өзіндік 


бағасын 

жоғарылатуына 

жол 

берді  


(Ананьев Б.Г., 1980). 

Адамның  тіршілік  әрекеті  көптеген  факторларға  тәуелді:  білімдік  (қабылдайтын, 

өңделетін  материал  көлемі),  психологиялық  (уәж,  оқушылардың  жеке  тұлғалық 

ерекшеліктері), педагогикалық (әдіс-тәсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), 

адамгершілік (бірмәнді, нақты, анық, қатаң, икемді тәсілдер), т.б. Бағалау үдерісінде барлық 

факторлар  бір-бірімен  өзара  байланысты  болып,  бірін-бірі  толықтырады.  Білімдік  немесе 

педагогикалық  факторларды  ғана  жеке  бағалауға  болмайды,  себебі  басқа  факторлар  да  оқу 

нәтижелеріне  немесе  бағалауға  әсер  ете  алады.  Баға  оқушылардың  білім,  білік-дағдыларын 

әртүрлі  критерийлер  бойынша  бағалау  нәтижелерінен  құралады,  мысалы,  зерделенетін 

материалдың  көлемі,  осы  материалды  түсіну  және  қолдану,  материалды  пәннің  талабына 

сәйкес рәсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б. 

Мұғалімдердің  тәжірибесі  бағалауға  арналған  тапсырмаларды  саралау,  бағалаудың 

тиімді құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, 

өзінің даму бағытын анықтауына оң ықпал ететінін көрсетеді. 

 

Бағалау үдерісін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет