Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет7/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мұғалімге кеңес 

1. Өте жақсы және жақсы жұмыстардың бағалау критерийлері қандай болады?   

2. Қанағаттанарлық және қанағаттанғысыз жұмыстардың бағалау критерийлері 

қандай болады?   

3.  Анықталған  бағалау  критерийлері  оқушыларға,  әріптестерге  немесе 

сарапшыларға түсінікті ме? 

4. Бағалау критерийлері анық және бірмәнді ме? 

5.  Әзірленген  бағалау  критерийлері  бойынша  бағаны  белгілеу  үлгісі  қандай 

болуы тиіс? 

 

 

 



Мұғалімге кеңес 

1. Қандай күтілетін нәтижелер бағалауға тұрарлық маңызды болып табылады?  

2.  Осы  білім,  білік-дағдылар,  құндылықтар  оқушыға  пайдалы  ма,  оларды  өз 

өмірінде қолдана ма?  

3. Оқушы оларды өмірде қаншалықты жиі қолданады? 

 

 




 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-



ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 

Мұғалім осы үдерісті реттеп, басқарады. Жиі қолдануға болатын мысал ретінде бағалау 

критерийлерін  белгілеуге  арналған  ашық  сағат  өткізу  тәжірибесін  келтіруге  болады,  бұл 

бағалауды тиімді жоспарлауға және оқушылардың дағдысын бағамдауға мүмкіндік береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

•  Үздіксіздік.  Бағалау  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің  ілгерілеуін  дер  кезінде 



және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау 

үдерісінің  тұрақтылығы  рәсімдер  арасындағы  өзара  байланысты  негіздейтін  және  бірыңғай 

білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану 

және жиынтық бағалау кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі. 

Бағалау оқу үдерісінің қозғаушы күші болуына байланысты оқушылар білім сапасын 

бағалау  үшін  критерийлерді  түсінуі  керек.  Пән  бойынша  білім  мен  дағдыларды  айқындау 

қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арқылы қамтамасыз етіледі. 

• Дамытуға бағытталуы. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім 

беру  саласының  даму  бағытын  анықтайды  және  ынталандырады.  Бағалау  білім 

алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға 

және  жинақтауға  негізделген  білім  беру  үдерісінің  алдағы  уақыттағы  қадамдары  туралы 

негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді. 

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет