Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет13/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

Спиральді оқу бағдарламасы

Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім 

беру  үдерісі»  (1960)  атты  еңбегінде  қарастырылған  танымдық  теорияға  негізделеді.  Оның 

пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны 

тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы 

өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен 

басталғаны» абзал (Ж.Аймауытұлы, 1929).

Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады 

деп тұжырымдайды: 

-  белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

-  бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);



| 16 |

-  таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).

Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером Брунердің 

жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

-  оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

-  әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

-  жаңа  білім  алдыңғы  біліммен  тығыз  байланысты  және  бұған  дейін  алынған  ақпарат 

тұрғысынан қарастырылады.

Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар 

аударады:

-  оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

-  спиральді  оқу  бағдарламасы  қарапайым  идеялардан  анағұрлым  күрделі  идеяларға 

қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;

-  оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін 

қолдануға жетелеу ұсынылады. 

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  әзірленген  оқу  бағдарламалары  оқушылардың 

бір  сыныптан  екінші  сыныпқа  өтуі  кезінде  білімі  мен  дағдылары  қайталанып,  одан  әрі 

дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға 

ілгерілеуі  айқын  көрінуі  үшін,  оқу  мақсаттары  өзара  тоғысқан  бөлімдер  мен  бөлімшелерге 

топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, 

олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Спиральді білім 

беру  бағдарламасының  құрылымы  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарын  салыстырып 

қарастыру барысында айқын байқалады.

Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің 

4 тілдік дағдыны меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, «Қазақ тілі» 

пәні бойынша «Оқылым» бөлімінің «О1: Ақпаратты түсіну» бөлімшесі бойынша және «Қазақ 

әдебиеті»  пәні  бойынша  «Түсіну  және  жауап  беру»  бөлімінің  «Т/Ж1.  Көркем  шығарманың 

мазмұны  мен  пішіні»  бөлімшесі  бойынша  оқу  бағдарламасының  спиральділігі,  яғни 

оқушылардың алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын 

оқу материалы күрделене береді. 



2-кесте. «Қазақ тілі» пәні      

5-сынып


5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,  анықтау.

6-сынып


6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру

7-сынып


7.О1.  Мәтіндік  және  графиктік  (кесте,  диаграмма,  сурет,  шартты  белгілер) 

ақпаратты интерпретациялау. 

8-сынып

8.О1.Тұтас  және  аралас  мәтіндердегі  (кесте,  диаграмма,  сызба,  сурет)                       

ақпараттарды салыстыру. 

9-сынып


9.О1. Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді 

салыстыру, өңдеу.

10-сынып

10.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша детальді ақпараттарды анықтау, басқа 

дерекөздердегі ақпараттармен салыстыру

11-сынып


11.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша детальді ақпараттарды анықтау, мәтін-

дегі астарлы ойды табу, басқа дерекөздердегі ақпараттармен салыстыру




| 17 |

Center


of Excellence



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет