бағыты оқушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-
эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілуіне,
өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуына мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар,
пән бойынша бағдарлама оқушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі
| 14 |
Қазақ әдебиеті – қалыптасқан тарихы бар, әлем әдебиетінде өзіндік орнымен ерекшеленетін
бай әдебиет. Әлем әдебиетіне қосар үлесін ғаламдық мәдениетпен ұштастыра отырып, пән
ретінде оқушылардың танымдық әлеуетін кеңейтеді. Жалпы білім беретін мектептерде
әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білу,
талдау жасау, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Қазақ
әдебиетін оқу барысында оқушылардың көркем шығармалардағы көтерілген мәселелерді жан-
жақты талдау, бағалау, өзіндік ой айту дағдылары қалыптасады, бұл рефлексия дағдыларын
дамытуға мүмкіндік туғызады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды
шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза
білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын
қалыптастыру. Оқушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы
проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады. Теориялық материалдар
оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын
қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, проблемаларды зерттеуге
мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби
формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге
бейім ұрпақ тәрбиелейді.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму
мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну,
монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес
құрылған.
Оқушылардың бастауыш сыныпта қалыптасқан оқылым дағдысы бойынша дайындықтары
ескеріліп, көркем шығарманың ішкі мазмұндық дүниесіне бойлау міндеттері бастапқы орынға
қойылып отыр. Оқушылардың оқырмандық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту бағдарын
ұстана отырып, мәтінді түрлі қырынан талдау, көркем детальдарды меңгере отырып, оны
өзінің өмірлік тәжірибесінде сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу барысында сауаттылықпен қолдануға
үйрету бағдарламаның басты ерекшелігі. Қазақ әдебиеті қазақ тілімен аса тығыз байланыста
қарастырылады, себебі тіл – әдебиеттің бастау көзі. Ал әдебиет – бастаудан шыққан сөйлеудің,
тілдің ең жоғарғы, аса үлгілі қазынасы, кемел өрнектері. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
бағдарламаларының түйісетін нүктелері көркем мәтінді талдау жүйесі болып алынып
отыр. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің тарихпен және тағы басқа пәндермен байланысы
сақталады. Тұтас ұлттың бейнесін, қазақ халқының бейнесін сомдаған әдеби шығармалар –
Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік Елге айналуына қазық болатын сенімді тіректер. Бағдарлама
оқушының өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік қарым-
қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді.
Қазақ әдебиетінің оқу бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және
эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған. Қазақ әдебиеті пәнін
оқу арқылы оқушылар:
• қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын
құрметтейді және бағалайды;
• қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының
қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама- қайшылық
пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
• түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын
қалыптастырады;
• заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармалардың белгілі бір жүйесін, әдебиет теориясынан
| 15 |
Center
of Excellence
мәліметтерді, оқушылардың әдебиетті коммуникативтік бағытта, тыңдалым, айтылым,
жазылым, оқылым арқылы меңгеруіне керекті әдістер мен тәсілдер, құралдар жүйесін қамтиды.
«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы оқу мақсаттарына
негізделіп құрылған. Пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап
беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру, сонымен қатар, дағдыларды
қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады:
1-бөлім. Түсіну және жауап беру.
2-бөлім. Анализ және интерпретация.
3-бөлім. Бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі
дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау ;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі
дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тіліне, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі
дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдауп, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу
дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша пәндік білім мазмұнын қамтитын бөлімдер өз
ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады.
Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара
ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты
көрсетеді.
Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»
пәндері бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу
бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: