Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет20/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

Іс-әрекетке  бағдарланған  тәсіл  білім  мен  дағдылардың  белсенді  танымдық  іс-әрекет 

барысында қалыптасатынын білдіреді, өз кезегінде бұл деректер мен басқа да ресурстарды 

өз бетінше іздеу, интерпретациялау, талдау, тұжырымдау мен бағалауды көздейді. Оқушылар 

проблемалық сұрақтарды бірлесіп талқылау, рөлдік ойындар мен белсенді оқуда белсенділік 

танытып,  қатысады.    Оқу  бағдарламасында  жаңа  ақпаратты  қолдану  мен  түрлендіру 

мүмкіндіктерін қолдануға баса назар аударылады, өз кезегінде ол оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқушылардың  жан-жақты дамуының тиімді және сапалы бастау 

көзі  ретінде  қарайтын  болсақ,  онда  оқушылар    оқу  және  танымдық  әрекеттерге  молынан 

араласуы, қатысуы керек. Тіл мен әдебиетті әрекет үдерісі негізінде оқыту арқылы  оқытудың 

өзіндік әдістемелік жүйесі құрылады. Ондай жүйе құрудың ұстанымдары:

- оқушылардың қызығушылықтарын ескеру;

- ой мен әрекет ету әдіс-тәсілдеріне жаттықтыру арқылы білім беру;

- таным мен білім ─ қиыншылықтарды жеңе білудің нәтижесі;

- еркін шығармашылық жұмыс, еңбек пен ынтымақтастық.

Сондай-ақ  әдебиетті  оқыту  барысында  жүзеге  асырылатын  әрекеттер  пәннің  өзіндік 

ерекшеліктерімен тікелей байланысты:

- оқырмандық;

- интерпретация жасау;

- шығармашылық;

- сөйлеу;

- зерттеу;

- ізденіс;

- таныстырылым дайындау;

- жобалау;



| 25 |

Center


of Excellence

- аналитикалық талдау;

- кіріктірілген;

- иллюстрациялық («Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет