Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет19/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

қолданылатын тәсілдер

Құндылықтарға бағдарланған тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан 

ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  нәтижелерге  қол  жеткізу  және  пайдалану  тәсілі. 

Құндылыққа бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар 

жүйесін  қалыптастырады.  Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  қолданылатын  құндылықтарға 

бағдарланған тәсіл қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, 

ата-бабалардың әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың 

мүмкіндіктерін көздейді.

1)  Түрлі  мәдениет  пен  көзқарастарға  құрмет  сезімін  қалыптастыру.  Түрлі  мәдениеттер 

мен  көзқарастарға  құрмет  сезімі  жеке  тұлғалық,  тұлғааралық  және  мәдениетаралық 

құзыреттіліктердің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Оқушыларға  тиісті  мінез-құлық 

ережелерін үйрету көпмәдениетті қоғамның әлеуметтік және кәсіби өміріне белсенді  қатысуына 

мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті бойынша оқу бағдарламасында төмендегілер  қамтылған:  




| 23 |

Center


of Excellence

2)  басқаша  ойлауға,  көзқарасқа,  наным-сенімге,  іс-әрекетке,  әдет-ғұрыпқа,  сезім-күйге, 

идеяларға төзімділік көрсете білу қасиеті; 

3) оқушының  көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі; 

4) түрлі көзқарастарды талдай отырып, өзгенің пікірімен салыстыру арқылы өз ойын ашық 

жеткізу дағдысы;     

5) ұлттық мәдениетке, Қазақстанда тұратын  басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және 

әдет-ғұрпына құрметпен қарауға және сыйлай білуге үйрету;

6) Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтауды қолдау дағдыларын 

қалыптастыру.

  Тұлғаға  бағдарланған  тәсіл  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  тұлғалық  қарым-

қатынасты, оқушыны тұлға ретінде құрметтеуді, оның моральдық-этикалық қасиеттерін, әлеуетті 

қабілеттерін  ескере  отырып  үйлесімді  қалыптастыру  және  жан-жақты  дамытуды  білдіреді. 

Қазақ әдебиеті бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұлғаға бағдарланған 

тәсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тіл мен әдебиетке қатысты 

күрделі мәселелерді талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын 

қалыптастыруды, өз бетінше тұжырым, қорытынды шығару, қарастырылып отырған оқиғалар 

мен үдерістерге өзіндік көзқарасы мен пікірін білдіруді көздейді. Тұлғаға бағдарланған оқыту 

тәсілі дамыта  оқыту  моделіне жатады. Бұл  оқыту  технологиясы  оқушының  жеке  тұлғасын, 

рухани  қырларын біртұтас үйлесімді жүйеде қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тұлғаға 

бағдарланған оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса маңызды болып табылады.

Тұлғаға  бағдарланған  оқыту  жүйесінің  білім  алушылар  мен  педагогтердің  қарым-

қатынастарын  табысты  етіп  ұйымдастырудың  өзіндік  ұстанымдары  бар.  Ол  ұстанымдар 

төмендегідей:

- Іс-әрекет ұстанымы;

- Білім берудің тұлғалық-жанама сипатты ұстанымы;

- Белсенділік ұстанымы;

- Жүйелілік ұстанымы;

- Тұтастық ұстанымы;

- Дербестік ұстанымы;

- Диалогтік ұстанымы;

- Іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдерінің вариативтілігі ұстанымы;

- Саралай оқыту және даралай оқыту ұстанымдары.

Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтар ұйымдастыруда мына қағидаттарға 

сүйену керек: 

-  тұлғалық  бағдарлы  оқыту  моделі  бойынша  сабақтарда  оқушының  мектепке  келмей 

тұрғанда-ақ  қалыптаса  бастайтын  субъектілік  өмірлік  тәжірибесі  бар  тұлға  ретіндегі  жеке 

басының дербестігінің, жеке басы құндылығының, өзіндік болмысының басымдығы;

- білім беру үдерісі – өзара байланысты болып келген екі тараптың, білім беруші мен білім 

алушының бірлігі;

- білім беру үдерісін жобалауда білім алу барысын оқушының оқыту мазмұнында берілетін 

әлеуметтік маңызы бар нормативтерді  қайта өзгерте отырып меңгеруін алдыңғы орынға қою 

басымдығы;

-  білім  беру  үдерісін  құрастыруда  және  жүзеге  асыруда  әрбір  оқушының  тәжірибесін 

анықтаудың  маңызы  зор,  сонымен  қатар,  оның  әлеуметтенуін,  оқу  барысында  қалыптасып 

жатқан тәсілдерді бақылау; түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған мұғалім мен 

оқушының  ынтымақтастығы;  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  барлығына    ұжымдық 

түрде  бөлініскен іс-әрекеттің түрін арнайы ұйымдастыру;




| 24 |

- білім беру үдерісінде  оқыту үдерісінің ішкі мазмұнынан туындайтын ерекше ұштасу мен 

сабақтастық орын алады. Ол  қоғамдық-тарихи тәжірибе мен оқушының білім алу барысында 

жүзеге асыратын жеке тәжірибесінің ұштасуы болып табылады.

- тәжірибенің екі түрінің өзара сабақтасуы олардың тұрақты келісім жолымен жүруі керек, 

сол арқылы оқушының таным субъектісі ретінде жинаған тәжірибесі енді оның жеке өмірінде 

пайдаға асуы керек;

- оқушының  жеке тұлға ретінде даму барысы оның нормативтік іс-әрекетті игеру жолымен 

ғана емес, оқушының субъектілік тәжірибесінің өз басының әрі қарай дамуына қуат беретін 

маңызды бастау ретінде танылу жолымен де жүруіне байланысты;

-  білім  алудың  маңызды  нәтижесі  қажетті  білім  мен  білікті  игеру  негізінде    танымдық 

қабілеттердің қалыптасуы болып табылады.  

Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесіндегі  сабақтың,  барлық  сабақтардағыдай,  білімдік, 

дамытушылық  және  тәрбиелік  мақсаттары  болады.  Бірақ  осыған  қоса,    тұлғалық  бағдарлы 

оқыту жүйесіндегі сабақтың оқушының танымдық әрекетін туындату үшін қажетті жағдаяттар 

туғызуы аса үлкен орын алады. Оқушының танымдық әрекетін туындатуда оңтайлы болатын 

педагогикалық тәсілдер бар:

- оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу әрекетін ұйымдастырудың 

түрлі формалары мен әдістерін қолдану;

- сыныптағы әрбір оқушының тақырып бойынша білім мазмұнына өз көзқарасын танытуға 

деген қызығушылығын, құлшынысы мен шабытын оятатын жағдай туғызу;

- оқушыларды өз ойын айтуға әрдайым ынталандырып отыру, тапсырмаларды орындауда 

қателесуден, қате жауаптар алудан қорықпауға дағдыландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет