- Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер,
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.
| 22 |
Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді
оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу,
бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын
жетілдіре және бағалай отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
дағдыларын дамытады.
«Қазақ тілі» бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
төмендегідей көрініс табады:
- онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды
қолданады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы таныстырылымдар жасайды,
салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, өз пікірлерін дәлелдейді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.
Достарыңызбен бөлісу: