3-кесте. «Қазақ әдебиеті» пәні
5-сынып
5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік
дамуын сипаттау
6-сынып
6.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау
7-сынып
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
8-сынып
8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік
желілерін, эпилог,прологтарды анықтау
9-сынып
9.Т/Ж1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
10-сынып
10. Т/Ж1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылы-
сын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну
11-сынып
11.Т/Ж1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылы-
сын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну
Сыныптан сыныпқа өткен сайын алға ілгерілеу арқылы оқушылар тәжірибе жинақтап,
терең білім алады. Бұл оларға өздері сүйенетін дереккөздер аясын кеңейтуге септігін тигізіп,
сондай-ақ бұл дереккөздерді қалай және неліктен пайдаланатынын түйсінуге және бағамдауға
көмектеседі. Оқу барысында оқушының жасы мен тәжірибесі де өз бетінше шешім қабылдауына
ықпал етеді.
Оқушылар өз дағдыларын қайта-қайта қолданып, оны жетілдірген сайын өздерінің алға
ілгерілегенін көріп, тәуелсіз әрі еркін сезіне бастайды. Оқушыларды оқу бағдарламасының
түрлі тақырыптары бойынша өз дағдыларын қолданып, одан әрі дамытуға ынталандыратын
бірнеше әдістер бар. Мысалы:
- шеберліктің жоғары деңгейін талап ететін мәтіндермен қамтамасыз ету. Бұл анағұрлым
көлемді мәтін, жаргон немесе арнайы лексика қолданылған мәтін немесе өзекті және басы
артық ақпарат ұсынылған мәтін болуы мүмкін;
- оқушыларды модельденген мысалдармен қамтамасыз ету немесе тапсырманы орындауда
қолдау көрсету;
- мәтін құру кезінде пайдалануға арналған жазылым құрылымдарын ұсыну.
Оқушылар белгілі бір дағдыларды қайта-қайта қолданған кезде олардың бұған дейін
меңгерген білімі мен дағдыларын естен шығармай, соларды қолдануы маңызды болып
табылады. Бұл оқушыларға өз жетістіктерін жинақтап, қазақ тілі бойынша түрлі сыныпта және
түрлі тақырып аясында меңгерген білімдерінің арасындағы байланысты көруге көмектеседі.
Осы жағдайда көмек болатын бірқатар тәсілдер:
- Оқушылардан нақты бір тақырыпқа қатысты білімін жетілдіру үшін жеке жетістіктерін
көрсететін бағамдау немесе рефлексия жазуды сұрай аласыз. Бұл бағамдау/рефлексияны олар
осы тақырыптың келесі деңгейін меңгеру кезінде есепке алу қажет. Нәтижесінде оқушылар
өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алады, сондай-ақ жетілдіру мақсатында өзгеріс енгізіп,
келесі оқу кезеңіне дайындалуға негіз етіп алады.
- Оқушыларға алдыңғы білімі мен қазіргі тапсырманы байланыстыруға көмектесетін
мақсатты сауалнама пайдалана аласыз.
- Оқушылардан алдыңғы тарау немесе сыныптағы жұмыстың бір бөлігін қарастырып,
жаңа білімдерін қолдана отырып, осы жұмысты қалай жақсартуға болатыны жөнінде ойлануды
сұрай аласыз.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын жоспарлаудың тағы бір маңызды аспектісі оқушылардың
зияткерлік қабілеті мен тәжірибесін дамытуға көмектесетін әртүрлі педагогикалық тәсілдерді
| 18 |
таңдау болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіне деген сенімі соншалықты артпаған
күннің өзінде де, сіз жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуыңыз
маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Жаңа тақырыпты енгізу кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл
бөлгеніңіз орынды (мысалы, жазылым құрылымы, жауаптар модельдері және т.б.). Оқушылар
белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен кезде, тура нұсқаулар беруді азайтып, өз рөліңізді
біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруыңызға болады. Алайда оқудың барлық
кезеңдерінде оқушылардың сабақ кезінде олар жеке жұмыс істегенге қарағанда, сіз қолдау
көрсеткен жағдайда көбірек жетістікке жету мүмкіндігі болатынына көз жеткізуіңіз қажет.
Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсыну және
күрделілігі тұрғысынан қабілеті мен мүмкіндігіне сәйкес келетін тиісті мақсат белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |