қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және дағдылармен алмасуы
болып табылады. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тіл арқылы қарым-қатынас жасауға
қабілеттілік, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып, қарым-қатынас
жағдайына сай тиімді қатынас тәртібін таңдай отырып, түрлі жағдайларда қарым-қатынас
әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және пікір алмасуға қабілеттілік болып табылады.
Коммуникативтік тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қарым-қатынас дағдыларын
және шынайы қарым-қатынас жағдайларына сәйкес жұмыс тәртібін қалыптастыруға ықпал
| 26 |
- Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жалпы білім беретін мектептердегі
оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі ─ түрлі әлеуметтік топтармен ортақ тіл табысуға
қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін
ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек. Қарым-қатынастың түрлі формаларын
қолдану құнды болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз пікірін еркін білдіре алады. Оқу
бағдарламасы аясында оқушылардың түрлі құралдарды қолдану арқылы сыныптастарымен,
мұғалімдермен, көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсуі, қазақ тілін сауатты
қолдануына қолдау көрсетіледі.
Мысалы, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша түсіну мен жауап беруге арналған тапсырма
үлгілері:
- өлең, толғау, аңыз, драмалық шығармалар, хикаяттарды тыңдау және түсіну, көтерілген
мәселелер бойынша өз ойын анық жеткізу, маңызды идеяларды ортаға салу;
- өз ойын өзгелердің пікірімен байланыстыра отырып, шығармалардағы әдеби көркемдегіш
және стилистикалық құралдардың ерекшелігін сипаттау және анықтау;
- дебатқа қатысу, өз пікірін дәлелдеу;
- пікірталас (дөңгелек үстел, дебат, айтыс) барысында түрлі қанатты сөздерді қолдана
отырып, белгілі бір тақырып бойынша өз көзқарасын негіздеп айту.
Сондай-ақ пән бойынша анализ және интерпретацияға арналған тапсырма үлгілері:
- медиақұралдардағы материалдарды оқу арқылы ақпараттар мен дәлелдемелерді түсіну,
түрлі көзқарастарды талдау және салыстыру;
- күрделі және көлемді шығармалардағы кейіпкерлердің психологиялық көңіл-күй
өзгерісіне автор көзқарасын анықтау, себебін білу және дәлелдеу;
- шығарманың бөліктерін түсініп оқу, ақпаратты зерттеу және синтездеу;
- жоспарлар, тезис, конспект, сұхбат, репортаж, эсселерді жазу және редакциялау;
- ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, әлем әдебиетінің құндылықтары туралы
зерттеу жүргізу және сыни тұрғыдан ойлау арқылы сын-пікірлер айта білу;
- әдеби шығармаларды, БАҚ және интернет материалдарын өз бетімен оқу және түсіну.
Қазақ әдебиетінде бағалау мен салыстыруға арналған тапсырма үлгілері:
- әдеби шығармалардағы ақпараттарды синтездеу;
- әдеби шығармалардың аудармалары бойынша ауызша және жазбаша тапсырмалар
ұйымдастыру.
- әдеби шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі, туындының эстетикалық
құндылығы, оның қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі орны туралы шығармашылық
жұмыстар /эссе жазу («Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы»).
Достарыңызбен бөлісу: