Н. А. Маженова экономикалық теория


 Ссудалық капитал және ссудалық пайыз



Pdf көрінісі
бет66/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

9.3. Ссудалық капитал және ссудалық пайыз 
 
Қоғамда,  әрбір  сәтте,  бір  жағынан  бос  ақша  құралдары 
жинақталады,  екінші  жағынан  оларға  деген  қатты  қажеттілік 
туындайды.  Бос  құралдар  кәсіпкерлер  пайдасының  бөлігі, 
амортизациялық қорлар, жалақы қорлары және т.б.  
Кейбіреулеріне  ақша  құралдары  қажет  емес,  сол  уақытта 
басқаларға  олар  қатты  мұқтаж.  Сондықтан,  ақша  құралдар 
белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда пайызды төлеуге белгілі 
бір мерзімге беріледі. Уақытша бос ақша құралдары табыс алып 
келеді,  жай  ғана  ақшадан  капиталға,  нақтырақ  айтқанда,  
ссудалық  капиталға  айналады.  Тиісінше,  ссудалық  капитал  өз 
алдына  белгілі  бір  мерзімге  қайтарымдылық  шартында  және 
пайызды  төлеуімен  қарызға  берілетін  ақша  құралдарын 
білдіреді.  
Ссудалық  капитал  –  бұл  ерекше  түрдегі  тауар,  белгілі  бір 
мерзімге сатылады. Ссудалық капиталдың ұйымдық – құқықтық 
нысанда 
қозғалысы 
несие 
болып 
табылады. 
Несиелік 
механизмнің субъектілері банктер, басқа қаржылық институттары 
болып табылады.  
Ссудалық капиталдың бағасы (пайыз) сұраныс пен ұсыныс 
арақатынасымен реттеледі және пайыз нормасында көрінеді. Ол 
ссудалық  пайыз  түрінде  алынатын  жылдық  табыстың  берілетін 
несие мөлшеріне қатынасы ретінде есептелінеді.  
 
                                                 R
A
 
t = ———  •  100% 
                                                   K 
 


Н. А. Маженова 
 
104 
мұндағы t – ссудалық пайыз ставкасы;  
R

– жылдық табыс; 
K – несие сомасы.  
Ссудалық  пайыздың  ставкасына  келесідей  факторлар  әсер 
етеді:  
1. Тәуекел. Несие берушінің ссуданы қайтарылмауы мүмкін 
секілді  қауіптенуі  көп  болған  сайын,  пайыз  ставкасы  жоғары 
болады және керісінше.  
2.  Ссуда  мерзімі.  Ссуда  барынша  ұзақ  мерзімге  берілетін 
болса,  несие  берушіде  жіберілген  (балама)  мүмкіндіктер  көп 
болады.  Және  қайтарылмау  тәуекелі.  Сондықтан  несие  беруші 
пайыз ставкасының артуымен орнын толтырады.  
3.  Ссуда  мөлшері.  Өзге  тепе-теңдік  жағдайда  пайыз 
ставкасы  аз  мөлшердегі  ссудадан  жоғары,  себебі  әкімшілік-
басқарушылық  шығындар  ссуданың  кез  келген  мөлшерінде 
бірдей болады.  
4.  Салық  салу.  Кейбір  несие  нысандары,  тиісінше,  несие 
берушінің  табыстарына  салық  салынатындықтан,  несие  беруші 
көрсетілген  салықты  пайыз  құрамына  қосып,  оның  мөлшерін 
ұлғайтады.  
5.  Ссудалық  капитал  нарығының  монополизациялану 
деңгейі.  Бір  аймақта  барынша  аз  банк  қызмет  көрсетсе,  пайыз 
ставкасы  жоғары  болады,  және  керісінше.  Мұнда  монополия 
бәсекені басады және несиелеудің өзіндік шарттарын орнатады.  
Ссудалық  капитал  қозғалысының  өте  маңызды  жағы  оның 
дисконттауы – несиелеу мерзімінің  басы мен соңында ссудалық 
капитал  мөлшерінің  бір  ортақ  бөлгішке  келтіру  болып 
табылады.  Ссуданы,  әсіресе,  ұзақ  мерзімге  беру  үшін  біз 
ақшаның  (табыстың)  қазіргі  құнын  есептеуіміз  керек  немесе 
бүгінгі  шығындар  мен  болашақтағы  табыстарды  теңестіруі 
қажет.  Басқаша  айтқанда,  инфляция  деңгейін  ескеру  керек. 
Дисконттау формуласы келесідей түрде болады:  
 
          Vt 
Vр  =  ─── 
           (1+r)t 
 


Экономикалық теория 
 
105 
мұндағы - V

–  болашақтағы ақша сомасының бүгінгі құны;  
V

–  бүгінгі  ақша  сомасының  болашақтағы  құны  (берілген 
несие сомасына қосылған оның пайызы); 
 t – жыл саны;  
 r – пайыз ставкасы.  
Сонымен,  пайыздың  номиналды  ставкасын  болжанбалы 
инфляция  мөлшеріне  түзетеміз  және  оның  нақты  ставкасын 
аламыз. Әйтпесе, несие берушілер зардап шегуі мүмкін.  
Біріншісі  –  бұл  есеп  ставкасы  немесе  ол  бойынша  Ұлттық 
Банк  коммерциялық  банкті  қаржыландыратын  ставкасы. 
Екіншісі  –  банктің  шығынсыз  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін 
пайыз, және үшіншісі – банк салымшыларына төленетін банктік 
пайыз. 
Бұл 
үш 
компонент 
ссудалық 
пайыз 
ұғымына 
біріктіріледі,  бірақ  банктің  шынайы  табысы  оның  тек  екінші 
компоненті болып табылады.  
Ссудалық пайыз және оның мөлшері кәсіпкерлік қызметтің 
дамуында  үлкен  рөл  атқарады.  Пайыздың  қолжетімді  ставкасы 
кезінде  капиталсыйымды  өндірістерде,  құрылысқа  инвестициялар 
артады,  өндіріс  масштабтары  ұлғаяды.  Жоғары  пайыз  кезінде 
барлық  экономика  зардап  шегеді,  әсіресе  машина  жасау, 
металлургия.  
Дисконттау 
үдерісін 
жеңілдету 
үшін 
болашақтағы 
табыстардың  бүгінгі  құнын  жылдам  есептеуге  және  дұрыс 
шешім қабылдауға көмектесетін арнайы кестелер бар.  
Пайыз  санатын  талдау  кезінде  номиналды  және  нақты 
пайыздық ставкасын ажырата білу маңызды. Номиналды ставка 
–  бұл  пайыздың  инфляция  қарқынын  ескерусіз  ағымдағы 
нарықтық  ставка.  Нақты  ставка  –  бұл  күтілетін  инфляция 
қарқыны  алып  тасталынған  номиналды  ставка.  Мәселен, 
номиналды  пайыздық  ставка  9%-бен,  инфляцияның  күтілетін 
қарқыны  жылына  5%,  нақты  пайыздық  ставка  (9-5)=4%.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет