Экономикалық теория
107
қарағанда, техниканың барынша аз саны ғана қызмет көрсетеді.
Мұнан, ауыл шаруашылық өнімінің жоғары құны шығады.
Рентаның бұл түрін бірі қалмай барлығы алады және абсолютті
деп аталады, соның ішінде нашар жер учаскесі де. Сандық
тұрғыда ол оңай анықталынады. Ауылшаруашылықтың жалпы
құнынан (ол жоғары) оның өндіріс бағасы (ол кішігірім)
шегеріледі.
Жер рентасы табиғи және ұдайы өндірілмейтін өндіріс
факторын қолданудың нәтижесі болғандықтан, мұндай фактор
болған барлық жерде туындайды: құрылыста, өнеркәсіптің
өңдеуші салаларында т.с.с.
Жер де сатылады және сатып алынады. Негізінде, жердің
өзі емес, ол алып келетін табыс сатып алынады. Осыдан шыға,
жер бағасы келесі формуламен есептелінеді:
R
n
V
p
= ----------- x 100%,
Банк, %
мұндағы – V
p
– жер бағасы; R
n
– жер рентасы.
Пайыз нормасынан тәуелді рентаны есептеуі жер, оның
ресурстары немесе оның үстінде жылжымайтын мүліктер
орналасқан секілді капиталдық активтерді дисконттаудың
әртүрлілігін білдіреді.
Рентаның дисконтталған мөлшері белгілі бір кезеңге
өндірістің осы факторларын қолдану туралы келісім-шартты
жасасу кезінде қажет.
Достарыңызбен бөлісу: