Н. А. Маженова экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет64/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

6) Қысқа мерзімді кезеңде: 
A) барлық шығындар тұрақты; 
B) барлық шығындар өзгермелі; 
C)  тұрақты  шығындарға  қарағанда  өзгермелі  шығындар 
тезірек өседі; 
D)  өзгермелі  шығындарға  қарағанда  тұрақты  шығындар 
тезірек өседі; 
E) өзгермелі және тұрақты шығындар  болып бөлінеді. 
 
7) Тауар саны –50, бірлікке баға – 6, шығындары – 70% 
құрайды, пайданы есептеңіз: 
A) 210; 
B) 300; 
C) 90; 
D) 70; 
E) 420. 
 
Тест сұрақтарының  дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4В, 5А, 
6Е, 7С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Н. А. Маженова 
 
100 
9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ  НАРЫҒЫ  ЖӘНЕ     
ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 
 
9.1. Еңбекақы бұл  еңбек бағасы 
 
Еңбек  -    өндіріс  факторы  болып  келеді,  ал  еңбекақы  –  ол 
еңбектің    бағасы.  Жұмысшы,  жұмысқа  жалдана  отырып,  адам 
физикалық  және  рухани  қабілетін,  өз  жұмысшы  күшін  сатады. 
Сондықтан кәсіпкер адамды емес,  оның жұмысшы күшін, еңбек 
етуге  деген  қабілеттілігін  сатып  алады.  Егерде  жұмысшының 
нақты  еңбегі  төленсе,  онда  нарық  кезінде  кәсіпкерге 
эквиваленттік  айырбас  жөнінде  ештеңе  қалмас  еді,  ешқандай 
пайда болмайды. 
Нақты  өмірде  еңбекақы  –  бұл  еңбек  бағасы,    немесе  еңбек 
күшінің  құны,  адамның  өмір  сүрудегі  құрал  құнымен 
анықталады.  Смиттің  айтуынша,  адам  жұмыс  істеу  үшін, 
жалақысы  адамның  өмір  сүруіне  тіршілік  құралдарының  құны 
болып  табылады.  А.  Маршалл  «керекті  тіршілік  құралдарына», 
жұмыс  істеу  үшін  және  өмір  сүру  үшін  құралдарды  қосады.  К. 
Маркс жалақы мөлшерін қажетті өнім құнымен анықтайды. 
Номиналды және нақты жалақы ажыратылады. Номиналды 
жалақы жалдама қызметкердің  еңбегі үшін алған ақша сомасын 
айтамыз,  нақты    жалақы  –  номиналды  жалақының  есебінен  
сатып  алу  қабілеттілігінің  алуға  болатын  тауар  және  қызметтің 
жиынтығы.  Сонымен  келгенде,  нақты  жалақы    мөлшері 
номиналға  тіке  пропорционалды  және  бағаның  деңгейіне  теріс    
пропорционалды болып келеді. 
Фирма  жалдайтын  жұмысшылардың  саны  мынадай,  онда, 
соңғы  жұмысшының  шектелген  өнімі,  оның  шектелген 
шығынынан асуы керек: 
MRP  >  MRC.  Егер,  керісінше  болса,  онда  фирма  «өзін-өзі 
өтемейтін» жұмысшыны жалдауы болады. 
Еңбек  нарығында, жалақы  басқа  кез  келген  нарық    сияқты 
сұраныс  пен  ұсынысқа  тәуелді  болады.  Еңбекке  сұраныс 
қаншалықты  жоғары  болса,  соншалықты  жалақы  жоғары 
болады  және  ұсыныс  қаншалықты  жоғары  болса,  жалақы 
соншалықты  төмен  болады.  Бәрі  нарық  заңымен.  Бірақ,  еңбек 


Экономикалық теория 
 
101 
ерекше тауар. Еңбекке сұраныс және оның ұсынысы теңгерілсе, 
сол  кезде  тепе-теңдік    баға    болады,  ал  жұмысшы  күшін  толық 
бастылығы экономикада жоқ, яғни жұмыссыздық пайда болады. 
Еңбектің  барлық  мәселесі  тауардың  ерекшелігінде  болады. 
Еңбек  бағасының  жоғары  және  төменгі  шектері  басқа 
тауарларға 
қарағанда 
басқаша 
орналастырылады. 
Еңбек 
бағасының  жоғарғы  шегімен  белгіленсе  еңбек  бағасы  онымен 
теңестірілсе,  онда  капиталист  өндіріске  деген  қызығушылықты 
жоғалтады, себебі капитал ешқандай өсуді бермейді. 
Еңбек  бағасының  төменгі  шегі  тауар  құнына  тіреледі  – 
жұмыс  күшіне.  Жұмысшы  күші  бұзыла  жүдей  бастайды.  Еңбек 
бағасы  және  жұмысшы  күшінің  бағасы  арасында  айқын 
айырмашылық  көрінеді.  Еңбек  нарығындағы  тепе-теңдікті 
келесі суреттен көруге болады. 
 
 
 
1.16-сурет.  Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс 
 
Мұндағы А нүктесі – LD және  LS қисықтарының қиылысуы 
–  ол  еңбек  нарығындағы  тепе-теңдікке  мінездеме  береді.  Оған 
нақты  еңбекақының  айқын  дәрежесі  талапқа  сай  болады  және  LD 
еңбек ұсынысы мына жалақыға лайықты болады. 
Еңбекке  деген  сұраныс  толық  қанағаттандырылады,  ал 
кәсіпкерлер  лайықты  еңбек  ақының  мөлшерін  төлеуге  дайын,  бұл 
еңбек  нарығындағы  тепе-теңдікті  білдіреді.  Сондықтан  А  нүктесі 


Н. А. Маженова 
 
102 
толық  жұмысбастылық  нүктесін  анықтайды.  Қазіргі  экономикалық 
әдебиеттегі толық жұмысбастылық еңбекке жарамды халықтың  94 
– 95% деңгейіндегі жұмысбастылығымен есептеледі. 
              


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет