Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет164/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мәлі-
меттеріне сүйенсек дамыған елдерде денсаулық сақтау 
мәселесінде  ең  негізгі  қоғамдық  іс-шара  –  темекіге 
қарсы күрес. Салауатты өмір салты үшін жүргізілген 
осындай  науқандар  нәтижесінде  дамыған  елдерде 
темекі  шегетіндер  саны  азайғанымен  дамушы  елдер-
де темекі шегетіндер саны жыл өткен сайын ұлғаюда. 
Біздің қоғамымызда да темекі мен есірткінің шырмау-
ына түскендер көбеймесе азаяр емес. 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мәлі-
меттеріне сүйенсек, әлемде жыл сайын 3 000 000 адам 
темекі  салдарынан  өмірімен  қош  айтысатын  көрінеді. 
Демек бұл – әрбір он секундта бір адамның өлуі деген 
сөз.  АҚШ-та  осы  көрсеткіш  –  435 000,  әрбір  5  өлім 
оқиғасының  біреуі  темекі  салдарынан  орын  алуда. 
рак  ауруынан  көз  жұматындардың  30  пайызы  темекі 
салдарынан  болады  екен.  Әдетте  темекі  тартатындар 
осындай  статистикалық  мәліметтерді  елегісі  келмей 
«темекі шекпейтіндер де өліп жатыр» деп өздерін алдап 
жұбатуға  тырысады.  Дегенмен,  темекі  шегетін  адам-
дар  арасында  шекпейтіндерге  қарағанда  өлім  қаупі 
екі  есе  жоғары  екендігі  анықталған.  осы  тұрғыдан 
темекі шегетін әкеден туылған баланың организмінде 
рак ауруына қарсы тұратын гендері өлі туылады екен. 
Ал екіқабат кезінде темекі шеккен әйелдердің балала-
ры туылғанда 10-15 пайызға салмағы кем, ой-өрісі де 
дәл осындай мөлшерде кем қалпында дүниеге келетін 
көрінеді
118

Қазіргі  таңда  темекі  индустриясының  дамығаны 
соншалық, темекі өндіріп сататын әлемдік алпауыттар 
118
 Global Status Report, Tobacco or Health. Bulletin 1997; 75(5).


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет