1 Тақырып Топырақтану пәніне кіріспе
Мақсаты: Топырақтанудың міндеттері, табиғаттағы орны мен маңызы,
топырақтың экологиялық қызметі, топырақтанудың басқа ғылымдармен
байланысы, ғылымының даму тарихы.
Дәріс сұрақтары:
1.1Топырақтану пәні және оның міндеттері
1.2 Топырақ ерекше табиғи дене
1.3 Топырақтың табиғаттағы, адам ӛміріндегі алатын орны және маңызы
1.4 Топырақтың экологиялық қызметі
1.5 Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты
ғылыми салалары
1.6 Топырақтану ғылымының даму тарихы
1.7 Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
1.1 Табиғаттың ғаламат туындысы топырақ. Ол жер кабығының ең ҥстін
алып жатқан кҧнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы
ортада ӛсімдік ӛніп, тамыр жҥйесі дамып, ӛсіп жетіліп, фотосинтез арқылы
органикалык заттар тҥзіп халыкқа азык-тҥлік, ӛндіріске шикізат беруін
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге топырак табиғи экологиялық жҥйелердің
басты қҧрамды бӛлігі болып келеді.
Топырақтың қҧрылысын, қҧрамын, қасиеттерін, пайда болуымен
дамуының зандылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен
байланысын,
табиғаттағы
маңызын,
топырақты
жақсарту
жӛне
қҧнарсызданудан қорғау, халык шаруашылығында тиімді пайдалану жолдары
мен әдістерін зерттейтін - топырақтану ғылымы.
Топырақтану ғылымының негізін XIX ғасырдың аяғында орыстың ҧлы
ғалымы Василий Васильевич Докучаев (1846-1903) қалады. Ӛткен ғасырдың
басында топырақтану жаратылыстану ғылымының жеке жаңа саласы болып
қалыптасты.
Топырақ туралы ғылыми тҧрғыдан дҧрыс тҥсінік В.В. Докучаевтың
жемісті еңбегінің нәтижесінде пайда болып, дами тҥсті. Ол 1879 жылы
Санкт-Петербургте жаратылыстану қоғамында жасаған баяндамасында-
«топырақ дегеніміз жердің ҥстіңгі, қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-
кӛпті мӛлшерде боялған, тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің ӛзара
қарым-қатынасы әсерінен пайда болған минералды-органикалық жаралынды
зат» - деп керсеткен.
Топырақтану ғылымының алға басып, дамуына ерекше әсер еткен
жоғарыда кӛрсетілген ғалымның топыраққа берген анықтамасында келесідей
ҥш ҥлкен мән бар. Біріншіден, топырак ерекше табиғи дене ретінде қаралып,
оның басқа табиғи денелерден ерекшеленетін қасиеттері бар екендігі.
Екіншіден, топырақтың жаратылу, даму жолы бар тарихи дене екені
айқындалды. Ҥшіншіден-топырақтың қоршаған ортамен, басқа табиғи
денелермен тығыз байланысы бар екенділігі кӛрсетілді, Топырақты
агрономиялық бағытта зерттеуде орыс ғалымдары П. А.Костычев (1845-1895)
6
және В.Р.Вильямс (1863-1939) ҥлкен еңбек атқарады, П.А.Костычевтың
топырақты ӛсімдіктер ӛсу ортасы ретінде қараған бағытын дамыта отырып
В.Р.Вильямс: « топырақ-ӛсімдіктің ӛніп-ӛсуіне жағдай туғыза алатын жердің
қопсыған ҥстіңгі қабаты»- деп аныктама берді. Қазіргі кезде жоғарыда
аталған ғалымдардың еңбектерін жалғастыра, дамыта отырып ғалымдар
топыраққа тӛмендегідей анықтама береді.
Топырақ-тау жыныстарының бҧзылу қабатының ҥстіне орналасқан, тау
жыныстарының, ағзалардың, климаттың, жер бедеріңің және уакыт
ағымының ӛз ара қарым-қатынасы әсерінен тҥзілген қҧнарлылыгы бар,
қызметі алуан тҥрлі, кҥрделі қҧрамды, кӛп бӛлімді ашық қҧрылымдық жҥйе.
1.2 Егер жер бетіндегі табиғи денелерді тірі ағзаларға (жан-жануарлар,
ӛсімдіктер) және жансыз денелерге (тау жыныстары, минералдар) бӛлетін
болсақ, онда топырактың осы екі топтағы денелердің аралығынан орын
алатын ерекше дене екенін байқаймыз. Ӛйткені академик В.И.Вернадскийдің
(1863-1945) аныктауы бойынша әрі тірі, әрі ӛлі денеден қҧралған.
Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші себеп оның
қҧрамында әрі минералды, әрі органикалык заттардың және айрықша
органикалык, органикалык-минералдық заттар тобының қарашіріндінің
болуы. Ал, екінші себеп оның қҧрамында тірі ағзалар ӛсімдіктердің тамыр
жҥйесі, топырақта қоныстанған жәндіктердің және неше тҥрлі орасан кӛп
микроорганизмдердің болуы, сӛйтіп оның тірі бӛлігін қҧрауы. Сонымен
бірге, топырак кӛп бӛлікті кҥрделі жҥйе екенімен де ерекшеленеді. Топырақ
қатты, сҥйық, газ және тірі бӛліктерден қҧралған. Топырақтың негізгі ерекше
қасиеті оның қҧнарлылығы болып саналады.
Топырақ қҥнарлылығы дегеніміз, оның ӛсімдіктерді қажетті мӛлшерде
минералды элементтермен, сумен, оның тамырларын ауа және жылумен
қамтамасыз етіп, ӛсімдіктің ӛсіп, ӛнім беруіне мҥмкіндік бере алатын касиеті.
Осы қасиетімен топырақ тау жыныстарынан, табиғаттың басқа
туындыларынан ерекшеленеді.
Адамзат топырактың кҧнарлығын пайдаланып оны ауыл және орман
шаруашылығында негізгі ӛндіріс қҧралы ретінде қолданады. Әртҥрлі
ӛсімдіктер егіп, мал жайып ӛнім алады. Топырақты қолданғанда олар
топырактың тҥзілу процесіне әсер етеді, онын қҧрамының, қҧрылымының
және физикалық-химиялық касиеттерінің ӛзгеруіне ыкпалын тигізеді.
Сондықтан топырақ адамзат еңбегінің туындысы, жемісі ретінде де
саналады. Сӛйтіп, топыраққа адамзаттың қатынасы ҥш жакты больш келеді.
Біріншіден - топырақ табиғи ерекше дене, екіншіден-ол негізгі ӛндіріс
кҧралы, ҥшіншіден-ол адамзат еңбегінің туындысы, жемісі.
Топырақты негізгі ӛндіріс қҧралы ретінде пайдаланғанда оның
келесідей ерекшеліктері бар екені анғарылады: топырактың орнына басқа
табиғи денені ауыстырып колдануға болмайды; топырақтыі межесі бар;
кӛп кӛлемде орнынан козғап баска жаққа ауыстыру. болмайды; оның
қҧнарлылығы бар.
7
1.3 Жердің планетарлык кабаттары-жер қабығы (литосфера), газ қабаты
(атмосфера) және су кабаты (гидросфера) тҥйісіп, әрекеттесетін шегінде
топырак жамылғысы (педосфера) орналасқан ( 1 сурет).
1 Сурет. Топырақтың жер геосферасында алатын орны
Топырақ кабаты жоғарыда кӛрсетілген планетарлык кабаттардың ӛзара
қарым-катынасының, осылардан туындаған ағзалардың әсерінен пайда бола
отырып, жердің кҥрделі геосфералар жҥйесінде айрықша қызмет аткарады.
Топырақ кеңістікте орналасуына, пайда болуына, дамуына
байланысты
әлемдегі кҥрделі табиғи жҥйелер-биогеоценоздың,
экологиялық жҥйенің, биосфераның қҧрамды бӛлігі болып саналады.
Жер ғаламшарында топырақ сан-алуан экологиялық қызметтер
атқарады. Осылардың ішінде топырақтың атқаратын келесідей басты
әлемдік қызметтері бар.
Бірінші және ең бастысы-топырақтың жер бетінде тіршіліктің негізгі
ӛзегі болуы. Топырақтан әуел баста ӛсімдіктер, су және коректік заттар
сіңіріп ӛнім кҥрайды, ал олардан жануарлар және адамзат коректік заттарды
алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке керек биофильды элементтер
шоғырланады, ӛсімдіктердін тамырлары жайылады, онда кӛптеген жәндік
тҥрлері және орасан кӛп микроағзалар қоныстанған. Топырақсыз табиғаттағы
ағзалар кешенінің тіршілігі жоқ. Сонымен бірге айта кететін бір жай,
топырақ ӛзі тіршілік салдарынан пайда болады және ӛзі тіршіліктің
жалғасуына себепші болып келеді. Сӛйтіп биосфералық процестердің
диалектикалык бірлігін дәлелдейді.
Тонырақтың екінші әлемдік қызметі-табиғаттағы ҥлкен геологиялық
және кіші биологиялық зат айналымының ӛзара қарым-қатынасының жҥріп
тҧруына әсер етуі.
Жер бетіне шыққан тау жыныстары бҧзылу процесіне ҧшырайды. Осы
бҧзылу кабатының ҥстінде топырақ пайда болып, биофильды элементтерді
шоғырландырады. Ал осы элементтерді ӛсімдіктер пайдаланады және
бірнеше сатылы ӛзгерістен кейін олар кайтадан топырақка оралады
(биологиялық зат айналымы). Топырақ элементтерінің бір бӛлігі жауын-
8
шашын мен шайылып ӛзен-кӛлдер, мҧхиттарға барып шӛгінді тау
жыныстарын кҧрайды. Олар геологиялық даму кезеңінде қайтадан жер бетіне
шығады немесе басқа кҥйге кӛшеді (геологиялық зат алмасуы). Топырақ осы
екі зат айналымның қарым-қатынасының реттегіш және байланыстырушы
бӛлігі.
Топырақтың ҥшінші әлемдік кызметі-атмосфера мен гидросфераның
химиялық қҧрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы ӛсімдік
фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге
жақын кабатының химиялык кҧрамының біркелкі болуына ҥлкен әсер етеді.
Сонымен бірге гидросфераға қҧрлық бетінен бар жиналатын заттардың
қҧрамы топырак жамылғысының әсеріне байланысты болып келеді.
Топырақтың тӛртінші әлемдік кызметі биосфералық процестерді
реттеуші болуы. Соның ішінде халықтың жер бетіндегі тығыздығына әсер
етуі. Топырақ қҧнарлығының ӛндірілуіне байланысты ӛсімдіктердің ӛніп-
ӛсуіне қажетті жағдай пайда болады. Сондықтан қҧрлык бетіндегі тірі
ағзалардың тығыздылығы, азды-кӛптілігі климат жағдайына және топырақ
жамылғысынын географиялық ӛзгеруіне байланысты болып келеді.
Топырақтың бесінші әлемдік қызметі-органикалық заттарды және
олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына
шоғырландырып жинауы. Қҧрамында 4-6 % гумусы немесе қарашірінді бар,
немесе гектарға шаққанда 200-400 т қарашірінді бар топырақта, 20 - 30 тонна
антрацит кӛмір бойында бар энергия жиналған. Академик А.В.Ковда
топырақтың энергия кӛзі ретінде маңызын айқындай келе: «топырақ
жамылғысы биосфераның қҧрамды бӛлігі бола отырып, сонымен бірге
жердегі әмбебап энергия жинағыш (аккумулятор) және табиғаттағы заттар
алмасуымен айналымның ҥйлесімді жҥруіне қажет, қарашірік қҧрамында бар
тіршілікті қуаттаушы энергия кӛзінін ҥнемі жҧмсаушысы»-деп атап
кӛрсеткен.
Қорыта келгенде, топырақ ӛзінің ерекше қасиеттерінің арқасында Жер
ғаламшарының ағзалар дҥниесінде ӛте ҥлкен маңыз аткаратынын аңғарамыз.
Табиғаттың туындысы және оның бір бӛлігі бола отырып топырак әлемі
табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге
атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен ҥздіксіз зат
және энергия алмасу процестеріне қатынасып олардын ӛзара қарым-
катынасының ҥйлесімділігіне әсер етеді, тіршіліктің сан қилы тҥрлерінің
сақталуына жағдай туғызады.
Адам ӛмір сҥретін табиғи ортада, яғни экосферада топырақтың алатын
маңызы ӛте зор. Ӛйткені топырақ кӛмегімен адамзат қолданатын азық-
тҥліктің, ӛмірге керек ӛндірістік шикізаттардың басты бӛлігі алынады.
Ғалымдардың есептеулері бойынша жер шары халықтарының пайдаланатын
тамағының 98 % жердің кҧнарлы қабаты арқылы жиналанатынын кӛрсетеді.
Сонымен бірге топырақ қҧнарлығы арқылы ӛндіріске керек кӛптеген шикізат
осы топырақта әр тҥрлі ӛсімдіктер ӛсіру және ӛсімдіктерді азық ретінде
пайдаланатын жануарлардың жҥні, терісі ретінде ӛндіріледі. Сондықтан
9
топырақ ауыл шаруашылығында негізгі ӛндіріс қҧралы ретінде ӛте маңызды
роль атқарады.
Адамзат қоғамына қатынастылығына байланысты топырақ бір
жағынан адам ӛмір сҥретін табиғи орта, тіршілік кеңістігі болып
саналса, екінші жағынан ол экономикалық негіз және негізгі ӛндіріс қҧралы.
Қорыта келгенде, топырақ табиғаттың ӛзі тудырған ерекше денесі, оның
адамзат ӛмірінде, табиғатта алатын орыны айрықша маңызды. Топырақ баға
жетпес халық байлығы, халық қазынасы. Сол себепті барша адамзат оны
ауыл шаруашылығында тиімді де, дҧрыс пайдалануы керек, оны
қҧнарсызданудан, жойылудан сақтап, қорғау қажет. Келесі ҧрпаққа
топырақты тоздырмай, ластамай, қҧнарлы калпында жеткізу әр адамның
парызы деп есептеуге болады.
1.4 Экологиялық пәндер катарына жататын топырақтану ғылымының
қазіргі кезде маңызы ӛте ҥлкен. Ӛйткені топырақтың экологиялық қызметі
алуан тҥрлі және оның экожҥйелермен жер биосферасында атқаратын
қызметі ерекше маңызды.
Топырақтың жалпы және ең басты бірінші экологиялык қызметі – жер
бетіндегі тіршіліктің табиғи ортасы больш, тірі ағзалардың, жан-
жануарлардың ӛмір сҥруіне жағдай жасауы болып саналады.
Топырақтың ғажайып ерекшелігі, оның бойында тіршілік ететін
организмдердің ӛте тығыз орналасуы. Біздің планетамызда қҧрлықтардың
бет ауданы теңіздер мен мҧхиттардың бет ауданынан 3 есе кем екеніне
қарамай, қҧрлықтағы қалыптасқан экожҥйелердің биологиялық массасы,
суда қалыптасқан биомассадан жҥздеген есе кӛп. Сонымен бірге қҧрлық
ӛсімдіктерінің және жануарларының тҥрлері сулы ортаны мекендегендерге
қарағанда кӛп басым. Осы салыстырулар атмосфераға, гидросфераға және
литосфераға қарағанда топырақ қҧрылымы жағынан жоғары дәрежеде
дамыған тіршілік ортасы екенін дәлелдейді. Топырақта әрі қатты, әрі
сҧйық, әрі газ бӛліктерінің болуы осында жайғасқан ағзалардың тіршілігіне
кажетті, қолайлы жағдай туғызады. Топырақтың бойындағы органикалық-
минералдық заттар автотрофты, гетеретрофты ағзалар мен ацидофил және
алколофилдердің дамуына оң әсерін тигізеді.
Топырақтың екінші маңызды экологиялық қызметі – қҧрлық
биогеоценозында ӛтіп жататын геологиялык және биологиялық заттар мен
энергия айналымдарының сыбайластығының орталық буыны болады.
Фотосинтез арқылы тҥзіліп жиналған органикалык заттар топырақтық
минералды заттарға ыдырап, қайтадан тіршілік сатысының қҧрамына
қосылады. Топырактың осы кызметімен оның қҧрамындағы организмдер
және ӛсімдіктер фотосинтезі қосылып оның биологиялык ӛнімділігі негізін
жасайды. Сӛйтіп жер ҥстіндегі тіршіліктің кезекті сатысының жҥруінің негізі
болады.
Ауыл шаруашылығы тҧрғысынан қарағанда топырақтағы
биологиялық ӛнімділікті, яғни ӛсімдіктердің ӛнімін қалыптастыруына
жағдай жасауы, оның қҧнарлығы болып есептелінеді. Топырақтың
10
кҧнарлылығы оның келесі басты экологиялык кызметі болып саналады.
Ӛйткені адамдар ӛміріне азық-тҥліктің барлығына дерлік және ӛндіріске
қажет кӛптеген шикізаттар топырақтың кҧнарлығы аркылы алынады.
Топырақ баскада кӛптеген экологиялык қызметтер атқарады. Олар
мыналар: организмдерді сумен қамтамасыз етуі, атмосфера және жер асты
сулармен келген заттарды сіңіруі, ӛсімдік тҧкымдарын сақтауы,
гидротермалды ӛктем кҧбылыстарды бәсеңдетуі, топырақтағы тірі
организмдердің саны мен қҧрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму
тарихының айғағы ретінде ӛз кескінінде қалдыктарды жинақтауы,
сақтауы.
Қорыта келгенде, топырақ-табиғаттың қымбат байлығы, кҧрлықтағы
биоценоздар тіршілігінің арқауы. Аты әлемге әйгілі эколог Ж.Дорст
топырақтың маңызын тӛмендегідей сипаттаған: «Топырақ біздің ең қымбат
байлығымыз. Ол қҧрлыктағы табиғи және жасанды биоценоздар кешенінің
баянды ортасы. Сайып келгенде тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жҧқа
қабатына тәуелді».
1.5 Топырақтану кең ауқымды жаратылыстанҥ ғылымы. Бҧл ғылым
топырақты және жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мәселесі
кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдарымен байланысты, олардың
әдістемелерін және жетістіктерін қолданып отырады.
Қазіргі топырактану геология ғылымынан дамып, бӛлініп шыққан және
әліде геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтанудың шығу
тегін, дамуын, топырақ жамылғысының жер шарында таралу ерекшеліктерін,
оның минералдық қҧрамын зерттеуде геология ғылымының ҥлкен маңызы
бар.
Топырақты және онын қҧнарлығын зерттеу барысында топырақтану
ғылымы ҥшін микробиология, биохимия, ӛсімдіктер физиологиясы,
ӛсімдіктану,
жануартану,
экология
ғылымдарымен
байланысының
кажеттілігі туады.
Сонымен бірге топырақтың химиялық қҧрамын, физикалық
қасиеттерін аныктауда, зерттеу барысында алынған мағлҧматтарды
статистикалық жолмен сҧрыптап, математикалық болжамды мӛлшерлік ҥлгі
(модель) жасау ҥшін химия, физика, математика, информатика
ғылымдарының алатын орыны айрықша.
Топырақтану ғылымынын ӛрістеп-дамуы баскада жаңа ғылым
салаларының пайда болуына ьқпалын тигізді. Олар биохимия,
геоботаника, биогеоценология, ландшафтану, экология ж.б. В.В.
Докучаевтың әдістеме жҥйесін колдана отырып, оның оқушысы және жолын
қуушы академик В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімнің
негізін қалады. Қазіргі экология және қоршаған орта жайлы ілімдердің
дамуына В.В.Докучаевтың дамытқан ғылыми тҧжырымдары
(концепциялары) қомақты ҥлес косты.
Топырақтанудың кең ауқымды тҥрде басқа ғылымдармен
қатынасының тығыз болуы топырактың ерекше табиғи дене екендігіне және
11
алуан тҥрлі ғылымдар зерттейтін жер геосфераларының тоғыскан межесінде
топырақтың пайда болып, оның дамуының әрі карай жҥріп жатқандығында.
Топырактану ғылымы дами отырып казіргі кезде әр-алуан ғылыми
бағыттағы тарауларға бӛлінеді.
Бастапқыда бҧл ғылымды екі ҥлкен топқа жіктеуге болады. Біріншісі -
жалпы топырактану (іргелі), екіншісі-арнайы топырактану ( қолданбалы).
Жалпы топырақтану бағытында ғалымдар топырақтың негізгі
қасиеттерін, пайда болуын, таралуын, жіктелуін зерттейді. Ал арнайы
топырақтану бағытында ғалымдар топыракты пайдалану барысында туатын
мәселелерді зерттеп, анықтайды.
Іргелі топырактану ғылымының дамыған салалары: топырақ
морфологиясы, топырак физикасы, топырақ минералогиясы, топырақ
географиясы, топырак тарихы, топырак қҧнарлығы, топыракты корғау,
топырақ картографиясы ж.б.
Арнайы топырактану бағытында осы ғылымның салалары-ауыл
шаруашылық топырақтануы, орман шаруашылығы топырақтануы,
инженерлік топырақтану, мелиорациялык топырақтану, экологиялык
топырақтану болып келеді. Топырактану ғылымы жоғары дәрежеде ауыл
шаруашылығымен, оның ішінде егіншілік саласымен тығыз
байланысты.
Топырақтану ғылымы топырақтың дамуын, қҧрамын, касиеттерін, оның
бойында жҥріп жаткан ӛзгерістерді зерттеу ҥшін әр саладағы ғылымдардың
озық әдістемелерімен бірге келесідей зерттеу әдістерін кеңінен қолданады:
- географиялық салыстырмалы әдіс топыракты пайда болу
жағдайлармен қатар зерттеп, оның қасиеттерімен қҧрамының топырақ тҥзуші
факторлармен корреляциялық байланысын аныктау;
- далалық тәжірибелерде, орнықты тҥрде топырақтың қасиеттерін,
режимлдерін зерттеу әдісі;
- топырақтың тік кескінін зерттеу әдісі;
- топырақтағы ӛзгерістер процестерінің моделін жасау арқылы зерттеу
жҥргізу әдісі ж.б.
1.6 Топырақ туралы алғашқы білімнің дами бастауы ӛте ерте заманнан,
жер бетінде адамдардың егіншілікпен шҧғылдана бастаған уакытымен сәйкес
басталып, одан кейін егіншілік туралы білімнің әрі карай дами тҥсуімен
байланысты болып отырды. Бірақ ертеде кӛптеген уақыт бойы адамдар
топырақ туралы тек қана жекелеген мағлҧматтар жинап, оның қасиеттеріне
бақылау ғана жҥргізіп отырды.
Антикалық ежелгі кезендерде-ақ топырақ туралы алғашқы ілімдерді
егіншілер айта бастаған. Ежелгі грек философтары Аристотель, Теофраст
жердің суреттемелерін берген, таңғажайып, жақсы, қҧнарлы, қҧнарсыз,
кедей, ӛте жақсы деп айтқан. Бірақ топырақтану ғылым ретінде одан біраз
уақыттан кейін дамыды. ХҤШ-ХІХ ғ. бірінші жартысында Батыс Европада
топырақ туралы 2 бағыт болды:агрогеологиядық және агрокультурхимиялық.
12
Бірінші бағыттың ӛкілдері (Фаллу, Берендт, Рихтгофен және т.б.)
топырақты қопсытылған тау жынысы ретінде қарастырған, оны қатты тау
жыныстарынын ҥгілуі нәтижесінде тҥзіледі деп айтты, ӛсімдіктерге тек
пассивті рӛль берілді, олар тек қоректі элементтерді пассивті жолмен ҧстап
алушылар деп қарастырылды.
Агрокультурхимиялық бағыт ӛкілдері А. Тэер, Ю. Либих еңбектерімен
байланысты. А.Тэер ӛсімдіктер топырақтың органикалық заттарымен
қоректенеді деген гипотеза шығарды (гумус теориясы). 1840 жылы Ю.Либих
ӛзінің «Химия в приложении к земледелию и физиологии растений»
еңбегінде ӛсімдіктер топырақтан минералды коректі қосылыстарды сіңіреді
дейді. Ю.Либих топырақты табиғи қҧрылым сияқты емес, тек қарапайым
масса ретінде қарастырады, оны шығу тегімен және дамуымен
байланыстырмайды.
Сонымен, агрогеологиялық және агрокультурхимиялық бағыттар
топырақтану негізін қҧра алмады, ӛйткені топырақтың табиғи және тарихи
калыптасқан дене ретінде пайда болғанын дәлелдемеді.
Ресейде де топырақтану ғылым ретінде пайда болды, осында
топырақтанудың ғылыми негіздері мен зерттеу тәсілдері қаланды.
Топырақтың алуантҥрлілігі мен байлығы, егіншіліктің кең орын алуы
топырақ зерттелуіне ҥлкен жол ашты.
1725 жылы Ресейде Ғылым Академиясы ашылды, осыдан кейін орыс
ғалымдары Паллас, Гюльденштед және М.В.Ломоносов ӛздерінің
зерттеулерін бастады. М.В.Ломоносов топырақтың шығу тегі мен қасиеттері
туралы маңызды пікір айтты: « Тас тауларда жас мҥктер кездеседі, содан
кейін олар қарайып, жер болады, жер ҧзақ уақыт қалыптасып, басқа
ӛсімдіктер мен ірі мҥктің ӛсуіне себеп болады». М.В.Ломоносов алғашқы
рет топырақтың тҥзілуі тау жыныстарына уақыт және ӛсімдіктердің әсері
болатыны тҧжырымдаған.
Топырақ зерттеулері «Бос экономикалық коғам» (1765) ҧйымы
ашылғаннан кейін одан сайын кҥшейді.1765 жылы ашылып, осы қоғам
Ресейде ауыл шаруашылығын зерттеуді мақсат етті. Пайдалынылатын
жерлерді бағалау ҥшін топырақты зерттей бастады.
XIX ғ екінші жартысында Ресейдің Европалық бӛлігінің алғашқы
топырақ карталары шықты. XIXғ. екінші жартысында орыс ғылымының
басты ӛкілдері профессор В.В.Докучаев, П.А. Костычев, Н.М, Сибирцевтің
арқасында топырақтану ғылым ретінде дамыды.
В.В. Докучаев (1846-1903) топырақтану ғылымының негізін қалады,
жаратылыс тарихы немесе генетикалық топырақтанудың жаратушысы
болды. Кӛп жылдар бойы В.В.Докучаев егіс танабында кара топырақты
зерттеді, осының нәтижесінде оның классикалық еңбегі «Орыс қара
топырағы» (1883ж) шықты. Онда қара топырақтың шығу тегі теориясы, оның
касиеттері,
анализдердің
нәтижесі,
морфологиялық
сипаттамасы,
географиялық таралу ерекшеліктері, кҧнарлылығын кӛбейту жолдары
қарастырылды.
13
Қара топырақ мысалында В.В.Докучаев негізінде басқа да
топырақтардың пайда болуы туралы тҥсінік берді, арнайы тарихи -
жаратылыс кҧрылым екенін кӛрсетті.
Топырақ - жеке табиғи дене, жануар, ӛсімдік, минерал секілді, ол да
ҥздіксіз уақыт пен кеңістікте ӛзгеріп отырады. В.В.Докучаев топыраққа
алғаш рет дәл анықтама берді. Топырақтың қалыптасуы кҥрделі процесс,
онда 5 табиғи фактор қатысады: жер бедері, ӛсімдік және жануар әлемі,
топырақ тҥзуші жыныстар, елдің жасы (уақыты).
В.В.Докучаевтің айтуы бойынша топырақтың тҥзілуінде тірі және ӛлі
табиғат қатысады. Осы анықтамалардан табиғат аймақтары туралы ілімі де
шығады, яғни тірі және ӛлі табиғаттың ӛзара қатысатын ортасы туралы ілім.
Табиғат аймақтары туралы ілім топырақтанудан да басқа ғылымдарға терең
әсерін тигізді: геоботаника, физикалық география, ормантану, геохимия.
В.В.Докучаев
солтҥстік
жер
шарының
топырақтарының
классификациясын ҧсынды. Оларда бҧлардың әрқайсысы ӛзіне тән
топырақтың дамуына, желденуіне, климаттық жағдайларға, ӛсімдіктер
тҥрлеріне, флора мен фаунаға, бедерлерге әсер етеді деп кӛрсетті.
В.В. Докучаевке топырақтанудың қалаушысы ретінде осы зерттеу
тәсілдерінің
нҧсқауларының
әзірлемешісі
болды,
топырақтану
заңдылықтарын және негіздерін белгіледі, қҧнарлылықты тиімді кӛтерудін
практикалық шараларын әзірледі. В.В.Докучаевтің топырақ туралы ілімі
геология, геохимия, минералогия, геоботаника. ормантану, ӛсімдіктану,
география дамуына айтарлықтай әсерін тигізді.
В.В.Докучаев Ресейдің табиғи жағдайларын, ауыл шаруашылығын
терең білді, осының бәрі оған топырақтануды ғылым ретінде жоғары
деңгейге коюына ықпал етті.
В.В.Докучаев елдің дала аймақтарындағы қҧрғақшылыққа назар
аударып, дала аймақтарының су режимін жаксарту және кҧрғакшылықтан
зардап шекпейтін шараларды ҧсынды, яғни дала аймактарын егін
аймақтарына ауыстыруды қарастырды. В.В.Докучаев ҥлкен әдеби мҧра
калдырды. Оның 225 тіркелген және басылған жҧмыстары бар. Оның ең
басты еңбектері: «Орыс қара топырағы» (1883), «Табиғи аймақтар туралы
ілім» (1899ж), «Нижегород губерниясының жерлерін бағалау туралы» (14
жҧмыс,1884-1886жж.),
«Полтава
губерниясының
жерлері
туралы
материалдар» ( 18 жҧмыс, 1889-1894жж), «Орман департаментінің шығарған
экспедициясының еңбектері» ( 18 жҧмыс, 1884-1898), «Орыс топырақтарын
зерттеу туралы материалдар» (10 жҧмыс, 1885-1886жж), «Біздің дала бҧрын
және қазір»(1889ж).
1899 жылы В.В.Докучаев «Топырақтану» журналын шығара бастайды,
ол казіргі кезде де шығады.
В.В.Докучаев жаратылыстану мен агрономияның қалаушысы. Оның
еңбектері орыс және Кеңес Одағының топырақтануының деңгейін барлық
әлемге паш етті.
Н.М.Сибирцев (1860-1900) В.В.Докучаевтің оқушысы және ізбасары.
Ӛзінің еңбектерінде ол В.В.Докучаевтің топырақтанудағы ілімдерін әрі карай
14
жалғастырып,
П.А.Костычевтің
да
топырақ-ауылшаруашылық
дақылдарының ӛсу ортасы деген ілімдерін жалғастырды. Н.М.Сибирцевтің
негізгі зерттеулері топырақтың жіктелуіне, топырақты зерттеу тәсілдеріне,
қҧрғақшылықпеп кҥреске және топырақты бағалауға байланысты болды. Ол
В.В.Докучаевтің кӛмекшісі болды, Нижегород губерниясына топырақты
зерттеуге
онымен
бірге
экспедицияға
(1882ж)
шықты,
орман
департаментінің ҧйымдастырған экспедициясында болды.
Н.М.Сибирцев топырақ абиотикалық және биотикалық факторлардың
тау жыныстарына әсерінен пайда болады деген. Н.М.Сибирцев 1894 жылы
Ново-Александрийск ауыл шаруашылық институтының топырақтану
кафедрасының бірінші басқарушысы болды, 1899 жылы Н.М.Сибирцев
топырақтану оқулығын шығарды.
П.А.
Костычев
(1845-1895)
Сибирцевтің
айтуы
бойынша
«Топырақтанудың»
екінші қалаушысы болды. Оның жҧмыстары
агрономиялық топырақтанудың негізін салды. Оның ауылшаруашылығын
жақсы білуі топырақ пен ӛсімдіктерді бір-бірімен байланысын зсрттеп,
топырақтану мен жертануда бірқатар маңызды теорияларын ҧсынды.
П.А. Костычев топырақты жердің ҥстіңгі қабаты деп білді, оның терең
қабатында ӛсімдіктердің тамырлары жинақталған, олар топырақ тҥзуде
ҥлкен роль аткарады деп тҧжырымдаған. Ол алғашқы рет топырақтың
қарашірігінің тҥзілуі микроағзалардың тіршілігімен байланысты екендігі
туралы кағиданы шығарды.
П.А. Костычев ӛсімдік қалдықтарының ыдырау жылдамдығына
температура, ылғалдылық, топырақтың физикалық қасиеттері, әктің әсері
бар екенін дәлелдеді. П.А.Костычев топырақтың ӛнімділігіне судың ҥлкен
маңызы бар екеніне назар аударды. Ол агротехника тәсілдерін топырақтың
қасиетімен байланыстыруды, климаттық жағдайларды ескере отырып, ӛңдеу
жолдарын ӛзгерту қажет екенін, тіпті бір территория болса да, онда бірнеше
ауа-райының болуы мҥмкіндігіне назар аударды.
1886 жылы «Ресейдің кара топырақ аймақтары» жҧмысында ол
қарашіріктің пайда болу негіздерін қарастырып, ӛнімділікті кӛбейтудегі
шараларды хабарлады. П.А.Костычевтің жҧмыстарында топырақтану мен жер
егістерінің арасындағы байланыстарды жариялау болды.
XIX ғасырдың соңғы онжылдығында және XX ғасырдың басында
топырақтану тарихында топырақты генетикалық ілімнің негізінде зерттей
бастады. Жалпы жаратылыстану пәндерінің- химия, физика, биологияның
дамуы топырақтануға да ӛз әсерін тигізді. Осы кезде топырақ химиясы,
физикасы, биологиясы деген салалар пайда болды.
Топырақтың
шығу
тегі
мен
классификациясын
зерттеуде
К.Д.Глинки, С.С.Неуструева, Л. И. Прасолова деген ғалымдар кӛп еңбек
сіңірді.
К.Д.Глинка
(1867-1927)
I
академик-топырақтанушы.
Оның
басшылығымен бірнеше топырақ зерттеу экспедициялары қҧрылды, әсіресе
Ресейдің азия бӛлігі зерттелді (1908-1915жж).
15
К. Д. Глинка 1908 жылы топырақтанудың фундаменталды оқулығын
шығарды, ол 6 басылымда шықты. К.Д.Глинканың тау жыныстарының ҥгілуі
және топырақтың шығу тегі мен жіктемесі туралы кӛптеген еңбектері жарық
кӛрді.
1900 жылдан бастап К.Д.Глинка Новоалександрийск, Воронеж,
Ленинград ауыл шаруашылық институттарында кафедра басқарушысы
болды, ол топырақ комитеті және В.В.Докучаев атындағы топырақ
институтының ҧйымдастырушысы болды.
П.С.Коссович
(1862-1915ж) топырақтың физикалық, химиялық,
агрохимиялық қасиеттерін эксперимент жҥзінде зерттеушісі болды. Ӛзінің
«Топырақ туралы ілім»(1911), «Топырақтану курсы» (1903), «Генетикалық
топырақ жіктемесіндегі топырақ тҥзуші процестердің маңызы» (1910)
еңбектерінде ол топырақтар туралы ақпаратты жітілдіріп қана коймай,
топырақ жіктемесі, эволюциясы, топырақ тҥзушілік туралы кӛзқарастарын
қосты.
С.С.Неуструев (1874-1928) ең ҥлкен ҥлесі Докучаевтің топырақ
тҥзушілік туралы тҥсініктерін терең зерттеу болды. Ол алғашқы рет топырақ
географиясы курсында топырақ тҥзілуі ел ландшафтының ерекшеліктермен
байланыстырды, топырақты «қандай болса да табиғи ландшафт топырақтың
ерекше касиеттеріне байланысты» деді.
Л. И. Прасолов (1875—1954) ӛз елінің топырақтарының географиясы
туралы бірқатар классикалық жҧмыстар жазды, әсіресе Поволжье,
Приазовье, Забайкалье аймақтарының, топырақ картографиясының негізін
қалады, әлем және ӛз елінің топырақ карталарын басып шығарды.
В.Р.Вильямс (1863-1939) - белгілі Кеңес Одағының ғалымы, академик,
топырақтанушы, агроном. Ол топырақтанудың жаңа биологиялық бағытын
қалыптастырды, ол В.В.Докучаевтің генетикалық топырақтануы мен
Костычевтің агрономиялық топырақтануын бір-бірімен байланыстырды.
В.Р.Вильямс заттардың ҥлкен және кіші биологиялық айналымдары,
топырақтың ӛнімділігі, гумус, қҧрылымы жӛнінде маңызды концепцияларды
тҥсіндірді.
Б.Б.Полынов (1877-1952) - ірі кеңес одағының топырақтанушысы,
академик. Ҥгілу және топырақ тҥзушілікте биогеохимиялық жағдайлары
туралы маңызды тҥсінік енгізді.
Кеңес Одағы кезінде топырақтың географиясы, картографиясы,
физикасы, химиясы, биологиясы, минералогия және мелиорациясы сияқты
жеке бӛлімдері қалыптасты. Бҧл жағдайларға ӛз ҥлесін К.К.Гедройц,
А.Н.Соколовский, И.Н.Антипов-Каратаев қосты.
К.К.Гедройц (1872-1932) - белгілі ғалым, академик. Ол топырақ сіңіргіш
қасиеттерін зерттеді, кейіннен ол химиялық анализдің кӛп тәсілдерін
ашты, оның «Топырактың химиялық анализі», «Топырақтың сіңіргіш қасиеті
туралы ілім», «Сортаң жер және олардың шығу тегі» сияқты ғылыми
еңбектері бар.
И.В.Тюрин (1892-1962) - академик, экспериментатор, топырақтың
географиясы мен химиясын, сондай-ақ топырақтың химиялық анализ
16
әдістерін тауып шығарған автор ретінде белгілі. Оның монографияларында
қарашірік туралы концепциялар берілді. И.В.Тюрин ҧсынған қарашірікті
және топырақтың органикалық заттарының топтық қҧрамын анықтау
әдістемесі баршаға мәлім. И.В.Тюрин топырақтануды халықаралық жолға
койып, ӛз елінің топырақтану ғылымын әлемге паш етті.
Қазіргі
кезде топырақтану ғылымының барлық бӛлімдерінде
теоретикалық зерттеулермен қатар, топырақты есепке алу, бағалау,
картография
жҧмыстарының
ҥлкен
масштабымен
ерекшеленеді.
Топырақтанушылар жер ӛнімділігін кӛбейту мен жоғары деңгейде
пайдалануға ҥлкен ҥлесін қосып отыр. Қазіргі таңда топырақ процестерін
және тәртіптерін зерттеу ҥшін стационарлы қондырғылар ҥлкен рӛль
аткарады.
Достарыңызбен бөлісу: |