Шымдану процес - -шӛптесін есімдіктер қалдықтары ыдырау әсерінен
гумустың, азоттың және кҥлді элементтердің топырақтың ҥстіңгі қабатына
шоғырлануымен, топырақтың дәнше-кесекті қҧрылым қалыптасуымен
сипатталады. Шымдану процесі әсерінен топырактың потенциалды
қҧнарлылығы қалыптасып, ӛсімдіктердің ӛсіп-ӛнуіне қолайлы жағдай
туады.
Балшықтану процесі - топырақта туынды балшықты минералдар:
монтмориллонит, гидрослюдалар, каолин, вермикулит т.б. тҥзілуі
қҧбылыстармен сипатталады. Олар бастапқы, кейде туынды минералдардың
ҥгілуімен, ыдырауынан пайда болады. Бҧл қҧбылыс биогеохимиялық
процестер қатарына жатады. Балшықты минералдардың тҥзілуіне
биологиялық ҥгілудің ҥлкен әсері бар.
Глейлену үрдісі (қопалану) топырақта шала темір тотығы (ҒеО), темір
және марганецтің тҧздары ҒеС0
3
сидерит, Ғе
3
(Р0)
4
*8Н
2
0 вивианит
қосылыстары бар балшықты минералдардың артық ылғалдылық және
оттегі
тапшылығы
қалыптасқан
анаэробты
жағдайда
тҥзілуімен
айкындалады. Жоғарыда кӛрсетілген қосылыстар топырақта глейленген
(қопа) қабатын немесе глей дақтарын тҥзейді. Бҧл дақтар ақшылт-жасыл,
кӛкшіл-жасыл, кӛкшіл-қара тҥсті больш келеді. Қопа тҥзілу процесі
батпақты, артық ылғалдылығы бар аймақтар топырақтары қҧралуы
қҧбылыстарына тән болып келеді.
Аллиттену (ферралиттену) үрдістері ҥгілу және топырак тҥзілуі
кезінде топырақта темірдің және алюминийдің тотықтары минералдарының
(гетит, гидрогетит, лимонит, гидрогелит, гиббсит), туынды каолиниттің
жиналуы, ал басқа тотықтардың, кремнеземнің кемуі байқалатын қҧбылыс.
Бҧл процесс тропикалық және субтропикалық ылғалды аймақтарда
байқалады. Қызыл және сары топырақтар тҥзілуі қҧбылыстарына катысады.
Аллиттену (ферралиттену) процестері әсерінен қалыптасқан топырақтар
қызыл немесе сары тҥс болады, бҧлар темірленген микроқҧрылымды, аз
сіңіру қабілеті бар, біріккіштігі немесе иленгіштігі жақсы және
ылғалданғанда ӛте ісінетін болып келеді.
Латериттену процесіне топырақта темірлі, темірлі-кварцты болып
қатқан
тҥйіршіктермен
қабаттардың (жабындының)
пайда болуы
қҧбылыстары жатады. Бҧл процесс топыракқа темір және алюминий
қосылыстары бар сулардың әсері арқылы жҥреді. Латериттену зат
айналымынан кӛп мӛлшерде темір косылыстарын ығыстырады. Бҧл процесс
мерзімді ылғалды тропикалык аймақтар топырақтарында байқалады.
Топырақта пайда болған ӛнімдердің ӛзгерістерге ҧшырау процестеріне
келесідей қҧбылыстар жатады:
Шайылу-сілтілі және жер сілтілі металлдары қарапайым тҧздарының
топырақ қабаттарынан аластатылуы (шайылуы). Тҧздардың топырақтың
қабаттарынан біржола шайылуы жауын-шашын тҥсетін, топырақта
шайылмалы су режімі қалыптаскан аймақта байқалады. Топырақ қҧралуы
25
кезінде тҥзілген немесе аналық жынысында болған натрийдің, калийдің,
кальцийдің және магнийдің тҧздары шайылу әрекетіне жиі ҧшырайды.
Шайылуға тӛзімді тҧздар қатарына кальций карбонаты (Са,С0
3
) жатады, ал
бикарбонатқа ( (НСОз)
2
айналған тҧз тез шайылады.
Сортандану – топырактың ҥстіңгі қабаттарында ерігіш тҧздың жиналуы
процесі. Бҧл процес жауын-шашын мӛлшерінен ылғалдың булануы артық
болған жағдай да, топырактың бусану су режимі аумақтарда қалыптасады.
Ыза судың деңгейі биік болғанда (0,5 м тереңдікте) ол ыстық ауа райы
әсерінен буланып, топырактың бет қабаттарына тҧзы бар ащы су кӛтеріліп,
тҧздар ҥстіңгі топырақ қабаттарына шоғырланады. Сортаңданған
топырақтардың физикалық, химиялық қасиеттері нашар және оның
қҧнарлылығы ӛте тӛмен болады.
Кебірлену - топырақтың қабатында алмаспалы натрий иондарының
шоғырлану процесі. Топырақ қҧралуы кезінде пайда болған немесе аналық
тау жыныстарымен ыза су қҧрамында болған натрий тҧздарының
иондарының бір бӛлігі топырақтың сіңіру кешені қҧрамына кӛшіп жиналады.
Бҧл процесс нәтижесінде кебір және кебірленген топырақтар тҥзіледі. Бҧл
топырақтардың физикалық-химиялық және басқа касиеттері нашар болалы,
топырақ ортасының реакциясы сілтілі болып қалыптасады, ӛсімдіктердің
ӛнімділігі кҥрт тӛмендейді.
Кҥлгіндену-тайгалы орман ішінде ағаш жапырақтары ыдырап
қышқылды ӛнімдер калыптасып, топырақтың минералдарын ыдырататын
мол жауын-шашын суымен еріген заттардың ҥстінгі кабаттардың
астыңғы қабаттарға шайылуы нәтижесінде топырақта қоректік заттар кедей,
қҧрамында қышкылдарға тӛзімді кремний тотығы жиналған қышқыл
реакциясы бар қабаттың пайда болу процесі.
Лессиваж-топырақ тҥзілуі кезінде балшықты бӛлшектердің қҧрамын
ӛзгертпей су ағысымен топырақтың астыңғы қабаттарына кӛшуі.
Нәтижесінде
топырақтың
ҥстіңгі
қабаттарында
балшықты-тозаңды
бӛлшектер кемиді, ал астыңғы иллювиалды қабатта осы бӛлшектер мӛлшері
молаяды, яғни топырактың ҥстіңгі қабаттарында қҧнарлылықты арттыратын
маңызды бӛлшектер мӛлшері кемиді.
Қорыта айтқанда, топырақ қҧралуы кезінде оның бойында әр тҥрлі
процестер қалыптасады және олардың қарқындылығы, косарлана жҥруі
топырақтың тҥрлі қасиеттерін, морфологиялық белгілерін қалыптастырады.
Топырақтың белгілі бір тҥрінің тҥзілуіне ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |