болады, сонымен қатар онда азоттың мӛлшері де ӛзгеруі мҥмкін. Батпақты
50
Топырақ ауасындағы оттегі мен кӛмір қышқыл газының мӛлшері ӛте
қҧбылады. Мысалы, жақсы аэрациясы бар топырақтың ҥстіңгі қабатындағы
мӛлшері атмосфералық ауадағы мӛлшерге жақын, ал ауыр топырақтардағы
мӛлшері он және жҥз есеге дейін азаюы мҥмкін, ал кӛмір қышқыл газының
мӛлшері 20% дейін жетеді.
Топырақтағы ауа ҥш кҥйде болады. Олар еркін ауа, сіңірілген
(адсорбциялаған) және еріген ауа. Еркін ауа топырақтың қылтҥтікті және
қылтҥтікті емес қуыстарында болып қозғалмалы келеді және атмосфера
ауасымен алмасып тҧрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бӛлігінің
бетіне сіңген тҥрлі газдар. Оның мӛлшері топырақтың гранулометриялық
қҧрамына, гумус мӛлшерінежәне ылғалдылығына байланысты. Гумусы мол,
ауыр гранулометриялық қҧрамды қҧрғақ топырақта адсорбцияланған ауа мол
болады.
Еріген ауа топырақ ылғалы қҧрамында кездесетін тҥрлі газдар. Олар
кӛмір қышықыл газы, аммиак, оттегі, кҥкіртті газ.
Оттегінің ӛсімдіктер мен топырақтың тіршілігінде маңызы ӛте зор.
Топырақта еркін немесе бос оттегі болмағанда ӛсімдіктердің ӛсіп-ӛнуі
тоқталады, оптималды жағдай – шамамен 20% оттегі болғанда. Топырақта
оттегі жетіспеген жағдайда ӛсімдіктерге улылығы бар қосылыстар пайда
болады, қоректік заттардың мӛлшері азаяды, топырақтың физикалық
қасиеттері нашарлайды, осының салдарынан оның қҧнарлығы және
ӛнімділігі тӛмендейді.
Топырақ ауасында көмір қышқыл газы концентрациясының жоғары
болуы тҧқымның ӛнуімен тамырлардың дамуына теріс әсер етеді. Кӛмір
қышқыл газының бірсыпыра мӛлшерін ӛсімдіктер фотосинтез кезінде
пайдаланады, оны тыныс алуы процесінде топырақ қамтамасыз етеді.
Сондықтан СО
2
жаңадан белсенді пайда болуына және жақсы газалмасуына
жағдай жасау ӛте маңызды.
Кӛмір қышқылының топырақтың минералдық бӛлігінің мҥжілуінде және
қоректік заттардың жиналуында да ҥлкен мәні бар. СО
2
қаныққан топырақ
ерітіндісі оның кӛптеген қосылыстарына ерітуші бағытта әсер етеді.
Ауа режимін жақсарту әсіресе топырақтың шамадан тыс ылғалданған
аудандарда маңызды. Оңтайлы ауа режимін жасауда оның физикалық
қасиеттері мен қҧрылымын жақсартудың ҥлкен маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: