газ алмасу деп атайды. Газ алмасуға әсер ететін факторлар: диффузия,
топырақ температурасының ӛзгеруі, барометрлік қысым, топырақтағы ылғал
мӛлшері, желдің әсері, жер асты сулары деңгейінің ӛзгеруі.
7.7 Топырақтың негізгі жылу қасиеттері: жылу сіңіру қабілеті, жылу
сиымдылығы, жылу ӛткізгіштігі.
Топырақтың жылу сіңіру қабілеті оның кҥн нҧры энергиясын сіңіру
қаситетінің мӛлшерін сипаттайды. Оны альбедо (А) кӛрсеткішімен ӛлшейді.
Альбедо – топырақ бетіне жетіп тҥскен жалпы кҥн сәулесі
радиациясының топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды кҥн сәулесі
радиациясы ҥлесін кӛрсетеді, ол пайызбен есептелінеді.
Идеалды немесе мінсіз шағылыстыратын бет 100% болады. Альбедоның
мӛлшері топырақтың тҥсі, ылғалдылығы, қҧрылымы, тегістігі және оның
ӛсімдік жамылғысына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |