52
Топырақтың ҥстіңгі қабаты оның қалған қалыңдығына жылу кӛзі болып
саналады және бҧл жағдайда оның жылу ӛткізгіштігі маңызды.
Жыл мезгілі ішінде жаз айларында жылу топырақтың ҥстінен астыңғы
қабаттарына таралып, оның қызуы, ал қыс айларында, керісінше, жылу
топырақтың астыңғы қабатынан ҥстіне қарай таралып, оның салқындануы
байқалады. Қысқы бӛлінуден жазға ӛту сәуірде, ал жаздан қысқа ӛту
қыркҥйек айында байқалады.
Топырақтың температуралық режиміне қар жамылғысының зор әсері
бар. Қар жылуды нашар ӛткізеді, сондықтан оның топырақтан шағылуын
және атмосфераға беруін тӛмендетеді, олай болса топырақтың салқындауын
азайтады.
Жылу режимі жер бедеріне де байланысты. Беткейлердің экспозициясы
(кӛрінісі) және олардың қҧлдилығы немесе қҧламалығы кҥн радиациясынан
алатын жылу айырмасын анықтайды. Оңтҥстік, оңтҥстік-батыс және
оңтҥстік-шығыс беткейлеріндегі топырақтар солтҥстік, солтҥстік-батыс,
солтҥстік-шығыс беткейлеріндегі және су айрығындағы топырақтарға
қарағанда жақсы қызады.
Ӛсімдік жамылған (кҥздіктер, шӛптер, орман және т. б.) топырақтар
жамылмағандарға қарағанда аз тоңданады.
Достарыңызбен бөлісу: