Топырақтың жылу режимін реттеу мәдени ӛсімдіктердің тіршілік ету
жағдайын жақсартуға бағытталған болу керек.
Топырақтың жылу режиміне белсенді әсер ететін шараларды олардың
ықпал ету сипатына қарай бӛледі және былай ажыратады: агротехникалық,
агромелиоративтік және агрометеорологиялық.
Агротехникалық шаралар – терең қопсыту, тығыздау, жал жасау,
аңыздарды қалдыру, топырақтың бетін жабу.
Агромелиоративтік шаралар – орман екпелері, қҧрғақшылықпен
кҥресу, суару, қҧрғату.
Агрометеорологиялық шаралар топырақтың ҥстіңгі қабатынан
жылудың шағылуын азайту, ҥсік шалуды болдырмау және с. с. бағытталады.
Бақылау сұрақтары
1 Топырақ суының қандай категориялары бар және олардың
ӛсімдіктерге деген тиімділігі қандай?
2 Су сиымдылығы дегеніміз не және олардың тҥрлерін атаңыз.
3 Су ӛткізгіштігі және су кӛтеруі неге байланысты?
4 Топырақтың су режимі және су балансы дегеніміз не?
5 Топырақтағы су қорын қалай есептеуге болады?
6 Су режимін реттеу шараларын сипаттаңыз.
7 Топырақ ауасының қҧрамы және оның атмосфералықтан
айырмашылығы қандай?
8 Ауа ӛткізгіштіліктің маңызы неде?
9 Топырақ ауасындағы О
2
и СО
2
мӛлшерлері неге байланысты?
10 Топырақ ауасындағы оттегі мен кӛмір қышқыл газының қандай
маңызы бар?
11 Топырақта газ алмасуын анықтайтын жағдайларды атаңыз.
12 Топырақтың жылу режиміне анықтама беріңіз.
13 Температуралық режим тҥрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз.
14 Топырақтың жылу режимін реттеу шараларын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |