15
-
k = 0 - итератордың бастапқы мәні;
-
k<3(итератор үштен кем болғанда) - циклды жалғастыру шарты;
-
k=k+1 (әрбір қадамда 1-ге кӛбейіп отырады) - итератордың әрібір
қадам кезіндегі әрекеттері.
4. Функциялар
типі_функция атауы_функция (аргументтері){
функция ішінде орындалатын командалар
return нәтиже_функциялар;
}
типі_функциялар - қайтарылатын мәндер типі. Мысалы, sin стандартты
функциясының қайтаратын мәні float.
атауы_функциялар – әріптерден басталатын және әріптер мен астын сызу
таңбасынан тұратын кез келген жол.
аргументтер – функцияның ӛз әрекеттерінде қолданатын аргументтер
тізімі.
Нәтиже_функциялар - функцияның қайтарылатын мәнін анықтайтын
айнымалы немесе сан.
Тӛменде екі бүтін санды қосындысын анықтайтын функцияға мысал
келтірілген.
int sum( int a, int b) {
int result;
result = a+b;
return result;
}
5. Минималды бағдарлама
Arduino-да іске қосылатын минималды бағдарлама екі функциядан
тұрады:
void setup() { }
void loop() {
}
Setup функциясы Arduino іске қосылғанда бір рет қана шақырылады. Loop
функциясы шексіз рет шақырылады.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма:
1. Стендты ДК-ге қосу
2. Жарық диодты қосу
Тәжірибелік сабақ №1. Порт мониторына мәтін жазу.
Сабақ үшін Arduino uno контроллері, USB кабель қажет.
Arduino-ны
компьютерге
қосып,
осы
ортада "Hello
World!"
бағдарламасының кодын жазу керек. Тӛмендегі бағдарламаны IDE-ға жазамыз.
int val; // Батырманы басуды қадағалау үшін айналмалы val орнатамыз
void setup ()
{
Serial.begin (9600); //com-портының 9600 айналымының жылдамдығын орнатамыз
16
}
void loop ()
{
val = Serial.read (); // IDE Arduino консольі арқылы компьютерден жіберілген
команданы оқимыз
if (val == 'R') // "R" әрпіне шартты әрпін орнатамыз, оны басқан кезде консольді
жарық диоды жанатын болады және "Hello World!" жазуы шығады
{
Serial.println ("Hello World!"); // Консольға "Hello World!" деп жазамыз
}
}
Осы скетч arduino-ның виртуалды com-портына "R" әріпін енгізгенде,
arduino-ның порт мониторына "Hello World!" жазуын шығарады.
Бағдарламаның кодын талдайық.
Бірінші жолда val айнымалысы батырманы басуды қадағалау үшін
беріледі.
Одан кейін void setup () міндетті блогында Serial.begin (9600) командасы
арқылы тақта мен деректер алмасуының жылдамдығын орнатамыз. Бұл
командаға 9600 жылдамдығын орнатамыз, ол компьютер мен деректер
алмасуында тұрақтылыққа әкеледі.
Бағдарламаның негізгі коды void loop () міндетті блогында орындалады,
ол ішіндегі кодты шексіз орындайды.
val = Serial.read () - com-порттан деректерді оқу;
if (val == 'R') - егер com-порттан R әрпі келсе -
онда
Serial.println ("Hello World!") - com-портқа Hello World! - деп жазамыз.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма:
1. Жоғарыда қарастырылған скетчті Arduino-ның порт мониторына
ӛздеріңіздің аты-жӛндеріңізді шығаратын етіп ӛзгертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: