2
Еңбек құқығының әдісі
Әдіс - еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің
жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі категория болып табылады,
ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-
экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына байланысты.
Еңбек құқығының әдісі - еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің
амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы, оған мыналар кіреді:
- еңбектегі құқықтық қатынастар орнатудың
шарттық тәртібі;
- өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс
берушіге бағыныштылығын тараптар
теңдігімен үйлестіру;
- еңбекті ұйымдастырудың ерекше режимі;
- еңбекті ұйымдастыруды және оны қолдану
жағдайын орталықтан нормалауды жергілікті
реттеумен үйлестіру;
- еңбек жағдайын белгілеуге еңбек ұжымдары
мен кәсіподақтардың қатысуы;
- еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің
біртұтастығы және жіктелуі;
- еңбек құқықтарының бұйрықтық, ерік
берілген және ұсыныс ретіндегі нормаларының
күшінде болуының ерекше тетіктері;
- еңбектегі құқықтық қатынастар
тараптарының құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ санкция
қолданудың арнайы іс жүргізу нысандары.