«¥зындыққа секіруі бар эстафета»
Әзірлік.
Залдың бір жағынан сөре сызығы сызылады. Одан 6-8 м.
қашықтықта екі сызықпен ені 1 м. жолақ сызылады, жолақтың
арғы жагында 1-3 м. қашықтықта 3 дөңгелек сызылады. Әр
дөңгелекке бір жалаудан қойылады. Ойыншылар үш командага
бөлініп, «П» эрпі тэрізді can түзейді.
Ойынды баяндау.
Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар сөреден жүгіріп
шығып, кедергі жолақтан секіріп өтіп, жалауларды жоғары
көтеріп, қайтадан орнына қояды. Кім бұрын жалауды көтерсе, сол
командаға ұпай әпереді. Осы түрде келесі ойыншылар ойнайды.
Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болады.
Осы ойынды баска түрде жетекшінің белгісінсіз, үзбей
ойнауға болады. Бұо түрде, бірінші ойыншы, жалауды алып,
жылдам жүгіріп кедергі жолақтардан секіріп өтіп, жалауды өзінің
екінші ойыншысына береді, ал екінші ойыншы жалауды
алысымен жүгіріп, кедергі жолақтан секіріп өтіп, жалауды
дөңгелектің ішіне қояды да, қайта жүгіріп келіп, үшінші
27
ойыншының алақанына саусағын тигізеді. Осы түрде бір ойыншы
жалауды дөңгелекке қойып, келесісі экеледі. Команданың
ойыншылары түгел қатынасып шыққанда ойын аяқталады.
Ойынды бірінші бітірген және аз қателескен команда жеңімпаз
болады.
Ережесі.
1. Сөреден тек белгі бойынша цозгалуга болады.
2. Бір ойыншы старттан кеткен соң, екінші ойыншы онын
орнына келеді.
3. Ойыниіы қайтып келіп өз орнына сапңа түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |