1.4.
Қазақ мақал-мәтелдері-ертек, аңыз-әңгіме, батырлық, ғашықтық
жырлар, қара ӛлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе
жатқан кӛне жанр.
Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» дейтін жоғары оқу
орындарына арналған оқулығында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды бірге
дербес тарау етіп алып анықтама беріп ӛтеді. М.Ғабдуллиннің анықтамасы
бойынша «Мақал-ең алдымен әдебиеттік жағынан алғанда, үлкен толғау,
қисынды ой қорытындысы болып келеді.Қандай мақалды алсақ та, оның
шығуына үлкен уақиға мәнді әңгіме себеп болады.Мақал тоқсан ауыз сӛздің
тобықтай түйіні есебінде жүреді»,-дей, мақал мазмұнын аща келіп мәтелге
тоқталады. «Мәтел – айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама
түрінде жеткізеді, кейбір сӛздерін тыңдаушының ӛзі аңғарып түсінер деген»
оймен әдемі қалдырып кетеді.{ 1; 107 }
А.Байтұрсынов ӛзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде де мақал-
мәтелдерге тоқталып ӛтеді.
Мақал-тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер тақпақтан
кӛрі мақал-маңызды, шыны келеді.
Мысалы: Мал-жаным садағасы,
Жан-арым садағасы.
Ақыл- дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос
Аура қалса да әдет қалмайды.
Ұрлық түбі қорлық т.б.
Мақалдарды осылайша мысал ретінде кӛрсетеді. { 4; 424 }
Мәтел-ол кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі сӛздер. Мәтел
мақалға жақын, бірақ ммақал тәжірбиеден шыққан ақиқат түрінде айтылады,
ал мәтел ақиқат жағына қарамай, әдетте сӛз есебінде айтылады.
Мысалы:Ӛзі тойса да кӛзі тоймайды.
Кӛппен кӛрген ұлы той.
Тамақ тоқ, кӛйлек кӛк, уайым жоқ.
Осылайша
мәтелге
анықтама
беріп,
және
мақал
мен
мәтел
айырмашылықтарына тоқталады, мысалдар келтіреді.Ішкі құрылысынан
алғанда мақалдар екі түрлі жасалады.
Біріншісі-айтайын деген ойын ашық етіп бірден, турасын білдіреді.
Мысалы: Жауды аяған жаралы қалады.
Бірлігі жоқтың-тірлігі жоқ т.б.
Екіншісі-негізгі ойды астарлап айтатын нәрсені ишаратпен білдіретін
мақалдар.
Мысалы:Жығылсаң нардан жығыл
Сырын білмеген аттың,
Сыртынан жүрме т.б.{ 4; 425 }
Мақалдар кӛбінесе бір сӛйлемнен құралады.
Тіл-қылыштан ӛткір
Ақыл қылыштан шығады, асыл тастан шығады.
Сонымен қатар мақалдардың жасалуында дыбыс үндестігі бір дыбысты не
бір сӛзді қайталаушылық айрықша орындалады.
Мысалы: Болған кісі болдым демес,
Болдым десе болғаны емес.
Қазақ мақалдары кӛбінесе ӛлеңнің 7-8 буынды жыр түрінде жасалады.
Кейбір мақалдар бір шумақтан тұратын ӛлең сияқты.
Мысалы:Жамандықты кӛп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар;
Жақсылықты кӛп қусаң
Бақ- дәулетің молығар.
Ат басына күн туса, ауыздық пен су ішер,
Ел басына күн туса, етігімен су кешер. { 1; 108-119 }
Мақал-мәтелдерде жинап, жазып қағаз бетіне түсіру, баспасӛз арқылы
жариялау XIX ғасырдың II жартысында басталады.Мақал-мәтелдер
жарияланған революцияға дейінгі әдебиет ретінде 1879 жылы шыққан 1906
жылы
толықтырылып
қайта
басылған
Ы.Алтынсарин
«Қазақ
хрестоматиясының» орны ерекше.Хрестоматияда қазақ мақал-мәтелдерінің
ең таңдаулылары іріктеліп жарияланған. Ал революциядан кейін қазақ
фольклорының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты жиналып,
молынан жарияланды. Ташкентте 1927 «Қазақ мақалдары» құрастырушысы -
Ә.Диваев.
Алматыда 1935 жылы Ӛтебай Тұрманжановтың «Қазақтың мақалдары мен
мәтелдері». Ол құрастырған мақал-мәтелдер идеялық және кӛркемдік
жағынан таңдап алынуымен, тақырыбы мен мазмұнының жүйелі берілуімен
дараланады.
А.Байтұрсынов ӛзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жұмбақтар
мен жаңылтпаштарға қысқаша анықтама беріп, пікірін айтқан болатын.Оның
пікірінше «Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан яғни қолдың ішінде бір
нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта
нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды.Ойды беріп айтып, сол нәрсеге
ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, таптырады.Мәселен құлыпты жұмбақ
қылғанда ат тәрізденіп былай дейді:
Тау қаларлық бір ит бар
Үй бағады үрлейді
Аяғы жоқ жүрмейді.
Кӛмейін тықсаң сӛйлейді»,- айқындап, мысалдармен кӛрсетеді.
«Жаңылтпаш деген атау жаңылтудан шыққан.Қатарынан қайта-қайта
шапшаң айтқанды, я тіл келмейтін, я тіл басқа сӛз қылып бұрып кететін
сӛздердің басын құрап, келістіретін шығарма»,- дейді. Мысалы:
Базардан алып келген боқжама,
Мен боқжамаламай кім боқжамалайды,
Мен боқжамаламай кім боқжамалайды, т.б. { 4; 413-414 }
Ал жұмбақтарға жүйелі тоқталып ӛз пікірін білдірген бізде М.Ғабдуллин
болатын.
«Жұмбақ-ойға алған нәрсенің ӛзін айтпай, оның сырт кӛріністерін
белгілерін қысқаша сипаттау деп солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды
айтамыз»,-дейді. М.Ғабдуллин бұл анықтамасын 1974 жылы шыққан «Қазақ
халқының ауыз әдебиеті» деген еңбегінде айтып жұмбақты- барлық елдің
ауыз әдебиетінде болатын жанр деп кӛрсетеді. { 1; 123 } Сонымен қатар
М.Әуезов ӛзінің 1940 жылы шыққан «Жұмбақтар» жинағында, қазақтың
ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алатынын айта келіп
былай деген: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтардан туады.Әңгімені әсем жыр,
дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады.Ертеде ердің
даралығын, жүйріктігін кӛрсету, сынау мамық болған»,-дейді.Бұл тарихи
щындыққа негізделген пікір.Бұл пікірге дәлел ретінде М.Әуезов «Қарттың
ұлына айтқан ӛсиет», «Аяз би» ертегілерін кӛрсетеді. { 6; 12-15 }
Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» атты еңбегінде жұмбақ пен
жаңылтпашқа қысқаша анықтама беріп ӛтеді. Мақал адамның логикалық
ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіру табиғат,
ӛмір жайындағы түсінік пен қиялдау қабілетін дамытады.Жұмбақтың
объектілері- табиғат құбылыстары, жер-су, жан- жануарлар, жәндіктер, адам
мүшелері, түрліше ӛлі заттар болып келеді. { 2; 64-66 }Мысалы:
Ақ сандығым ашылды.
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
М.Ғабдуллиннің жоғарыда аталған еңбегінде жұмбақтардың жасалу
жолдары, тақырыптары кӛрсетілген.
Жұмбақтың ӛзі де, оның шешіуі де асқан тапқырлықпен жасалады.Жұмбақ
жасалуында сондықтан да фантазиядан гӛрі деректілік пен нақтылық басым
келеді.Жұмбақ ӛз кӛлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін
кӛрінісімен сипатталады,сонымен қатар әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс
белгісімен бейнелеп жасады.Жұмбақтың жасалуында бірден бір-ерекшелік ол
заты жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында.Кӛркемдік суреттеу құралы
теңеу, метафора жұмбақта кӛп қолданылады.Мұнымен қатар жұмбақ пен
жаңылтпаштың жасалуында кездесетін бір ұқсастық- дыбыс үндестігі,
дыбыс қайталаушылық, сол арқылы жұмбақта, жаңылтпашта тыңдаушы
кӛңілі ӛзіне аударта алуы.Жұмбақ пен жаңылтпаштың тәлімдік мәні де ӛте
зор.Табиғат пен болмысты танытса, жас жеткіншектің ойы мен тілін дамытса
жас буынның тілін дұрыс сӛйлеуге үйретуге сондай ғажап дүниелердің
тигізер әсері орасан зор.Жұмбақтың қай объектісі болсын балалар мен
жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. { 2; 130-132 }
1.5
. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-
сызу ӛнері болмаған кезңнде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір
түрі – ертегілер. Ертегілер кӛбінесе, қара сӛз ретінде айтылатындықтан, оны
халықтың ерте заманда шығарған кӛркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының
еңбек-кәсіп
ету,
тұрмыс-тіршілік
құру
тәжірибесіне
байланысты
туған.Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың
неліктен болатындығын толық түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял еткен;
ӛздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.Бұл жӛніндегі
ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған.Сӛйтіп
ертегі- әңгімелердің алғашқы үлгілері туған.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне
шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады.Бұл ретте
Шоқан Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтың басқа бірнеше
адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады.Олар А.Е.Алекторов,
А.Васильев, Н.Пантусов, Бейбіт Дауылбаев, Ташмұхамбет Сейфуллин,
О.Әлжанов, Жағыпар Айманов, Б.Досымбеков, М.Ибрагимов т.б. Жоғарыда
аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай
еңбек еткендер – А.Алекторов, Н.Пантусов, А.Васильев, Б.Дауылбаев,
М.Досымбековтар. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне
белсене араласқан және бұл жӛнінде асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі
Н.Пантусов болды. Қазақ ауылдарын кӛп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін
жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі –
А.Васильев. Мұнымен қатар, кеңестік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне
аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты.Бұл жӛнінде қазақстандық
жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.М.Сидельниковтың еңбектерін
айрықша атауға болады.Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский
т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан.Олар кӛбінесе қазақ
ертегілерін жинау керектігін сӛз етті.М.Әуезов қазақ ертегілерінің кӛркемдік
ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет
тарихынан алатын орнын анықтайды.Кейіннен ол қазақ ертегілерін зерттеу
ісіне қайта оралады да, «Ертегілер» атты ғылыми еңбегін жазады.М.Әуезов
пен Е.Исмайылов қазақ ертекшілерінің айтқыштық ӛнеріне ерекше мән
береді.
Қазақ ертегілерін мазмұнына , әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше
түрге бӛлеміз.Солардың ішінде бастылары:а)қиял-ғажайып ертегілер;
ә)хайуанаттар жайындағы ертегілер; б)тұрмыс-салт ертегілері және аңыздар.
Деп осындай жіктеуді М. Ғабдуллин ұсынған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |