Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

1.

 

ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ ЕРТЕГІ. 

       Халық прозасының бұл жанрындағы шығармалардың түп тӛркіні адамзат 

тарихының  ең  арғы  заманында,  аңшылық  ӛмір  кезінде  жатыр.  Басқаша 

айтқанда, жануарлар жайындағы ертегілер ертедегі адамдардың аң аулаумен 

ғана  күнелткен  шағында  туған.  Ол  кездегі  адамдар кейбір  аңдарды  қасиетті 

деп  санап,  қадір  тұтқан,  оларды  ӛздерімен  туыстас  деп  ойлаған,  ал  кейбір 

жануарларды  рудың  бабасы  деп  сенген.  Осындай  аңдардың  мейірі  түспесе, 

аңшылардың жолы болмайды деп түсінген. Сондықтан ертеректе аң аулауға 

кеткенде,  әйелдер  үйде  отырып,  сол  аңдарды  мақтаған,  оларға  арнап  неше 

түрлі  әдемі  әңгімелер,  ӛлеңдер  шығарған.  Оларды  ӛте  күшті,  айлалы, 

айбарлы етіп бейнелеген. Мұндай мақтау ертегілер мен әңгімелерді ол аңдар 

естиді,  содан  соң  мейірленеді  деп  сенген.  Сӛйтіп,  аңшыларға  кӛмек  болады 

деп  ойлаған.  Жануарлар  жайындағы  қазақ  ертегілерін  үш  топқа  жіктеуге 

болады.  

Біріншісі– шығу мерзімі жағынан ең кӛне миф жанрымен байланысын толық 

үзе  қоймаған,  жануарлардың  пішініндегі,  немесе  жүрістұрысындағы,  я 

болмаса  мінез  құлқындағы,  әйтеуір  қандай  да болсын  ерекшелігін  түсіндіре 

баяндайтын  этиологиялық  ертегілер.  Екіншісі–  Шығыс  және  Батыс 

халықтарының  кӛпшілігіне  мәлім,  яғни  дүниежүзі  елдерінің  жануарлық 

эпосын  құрайтын  классикалық  ертегілер.  Бұлар  бүгінгі  дәуірде  балалардың 

үлесіне  тиген.  Қай  елдің  болсын  жануарлар  жайындағы  классикалық 

ертегілері  адам  мінезінің  ақылдылық,  ақымақтык,  қулықсұмдық  сияқты 

жақтарын  қарапайым  аллегориялық  формамен  ашып  береді.  Үшіншітопқа 

мысал  ертегілер  (апологтар)  жатады.  Бұл  ертегілер  кӛбінесе  кітаби  болып 

келеді де, әдебиетке жақын тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде 

алынғанмен, ғибрат ашық айтылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет