Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЛЕК 2

        

  Батырлар  жырының  қайсысы  болса  да  оқиғаға  құрылады,  желісіз  жыр 

болмайды.Жырдың  желілік  құрылысы    жырдағы  басты  кейіпкер  жайын, 

оның  ағайын-  жұрты,  жолдас-жоралары  және  олардың  бір-бірімен  қатысы, 

қуанышы  мен  күйініші  ,  алыс-  тартыс  жорықтары,  жау  адамдарының  іс-

әрекеттері  жайын  суреттеуден  тұрады.      Қазақтың  батырлар  жырының 

құрылысын  сӛз  еткенде,  оның  кӛпшілігіне  тән  ерекшеліктің  бірі-жырдағы 

оқиғалар басты кейіпкерлер тӛңірегінде болатындығында.Кейбір жырлардың 

оқиғалары  кӛбінесе  басты  кейіпкерлерге  байланысты  алынады  да,  солар 

арқылы дамиды.Бұған мысал ретінде «Қобыланды батыр» мен «Ер Тарғын» 

жырын  келтіруге  болады.Жырдың  мұндай  құрылысы,  яғни  оқиғаны  басты 

кейіпкер  арқылы  дамыту-оқиғаны  тізбектеп  жырлау  әдісі  деп  аталады.



 

Батырлар  жырының  құрылысы  арқау-  желілі  әңгімелерді  қиыннан 

қиыстырып айта  білу,  әрбір  оқиғаны  тартымды  етіп  суреттеу,  негізгі ойдың 

желісін  бұзбай,  бір  оқиғадан  екіншісін  тудыру,  әрбір  ұсақ  бӛлшектің  ӛзін 

сипаттай  жырлау  жыршы  ақындарының  шеберлігіне  байланысты  болып 

отырады.


 

       Батырлар жырының мәні.  Ӛзінің ел- жұртын, халқын сүйген, оларға жан- 

тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған 

батырлар  жайында  шығарылған  жырлардың  халық  әдебиеті  тарихынан 

алатын  орны  үлкен.Мұны  кӛп  ғасыр  бойына  халықтың  ұмытпай  сақтап 

келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының ӛзі-ақ дәлелдей түседі. Ертеден 

келе  жатқан батырлар  жыры біздің  қазіргі  заманымызда  да  халықтық мәнін 

жойған жоқ.Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін халқымыз бұл жырлардың 

ең  таңдаулысын,  кӛркемдік  сапасы    жоғарыларын  пайдалануда.Бұған 

батырлар  жырының  ең  таңдаулы  үлгілерінің  жинақ  болып  бірнеше  рет 

басылуы,  ғылыми  еңбектер  жазылуы,  оқу  орындарында  оқытылуы  ,  театр 

сахналарында және киноларда кӛрсетілуі дәлел. 

     Ертедегі  қазақ  ӛлең-жырында  желілі  әңгімеге  құрылған  жырлардың  бір 

бӛлігі  лиро-эпос  деп  аталады.  Егер  батырлар  жырының  басты  тақырыбы, 

күрделі әңгімесі-ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз 

айырмашылығы  бар  сияқты.Ең  алдымен  бұл  алуандас  жырлырдың  оқиғасы 




халықтың  ертедегі  жалпы  әдет-ғұрпына,  үйлену  салтына  байланысты 

туған.Онда  кӛбінесе  бір-біріне  ғашық  болған  жұбайлар  жайы,олардың 

қуанышы  мен  арман-мұңы,  қайғы-шері  суреттеледі.Және  де  ӛткен  заманда  

жастардың  бас  еркі  болмағандығы,  олардың  арман-  мүдделеріне  жетуі, 

сүйгендеріне  қосылуы    жолында  кӛптеген  бӛгеттердің  кездескендігі,  ол 

бӛгеттерді  жеңе  алмай  ауыр  аза,  зор  қасіреткке  ұшырағандары  жырға 

қосылады.Бұл  ретте  халықтық  негізде  туған  лиро-эпос  жырлары  ӛткен 

заманның жастарға жасаған озбырлық, әдет-ғұрпын әйгілеп сынға алады. 

    Батырлар  жыры  сияқты  лиро-эпос  жырлары  да    бір  дәуірдің  жемісі 

емес.Бұл  да  талай  ғасырмен  бірге  жасасып,  әртүрлі  жағдайлардың,  таптық, 

қоғамдық  тілектердің  ыңғайына  қарай  ӛзгеріп  отырған.Ұрпақтан-ұрпаққа  

ауызша  айтылу  түрінде  ,  кӛптеген  ӛзгерістерге  ұшырау  арқылы 

жеткен.Халықтық    ортада  туған  және  халықтың  кӛзқарасын,  тілегін 

білдіретін  жырлардың  ӛздері  де  таза  күйінде  халықтық  сипатын  толығынан 

сақтаған емес. 

    Қазақ  ауыз  әдебиетінде  лиро-эпос  жырларының  ертеден  келе  жатқан 

бірнеше  үлгілері  бар.Солардың  ішінде  бастылары  деп    «Қозы  Кӛрпеш-Баян 

сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз-Назымбек», «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», 

«Айман-Шолпан»  жырларын  айтуға  болады.Бұл  жырларда  тек  ғашықтық, 

махаббат  әңгімелері  ғана  суреттелмейді.Солармен  қатар,  халықтың  ертедегі 

тұрмысы,  салты  ,  қоғамдық  мәні  бар  жайлары  қамтылады.Жырлардың 

оқиғасы  халықтың  тұрмыс-салтынан  туып  дамиды,  күрделі  әңгімелер 

айтылады.   

   


1.7.

   Ертеде жазу ӛнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі 

бір саласы айтыс ӛлеңдері туды. Қазақтың айтыс ӛлеңдері жайында үлкенді-

кішілі  зерттеу  еңбектер  жазған  С.Мұқанов,  М.Әуезов,  Е.Исмайылов, 

Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин тағы басқалардың айтуына қарағанда , айтыс деген 

сӛз бірнеше мағынада қолданылған.Айтыс екі адамның сӛз қағыстыруы , сӛз 

жүзінде  тартысуы,  дауласуы  ,  жарысуы,  сынасуы  ,  ӛнер  салыстыруы  деген 

ұғымды  қамтыған.Әдебиет  кӛлемінде  ӛсетіндері  және  әдебиеттік  жанрдың 

бірі болып табылатыны да –осы ӛлең түрінде айтылған айтыстар. 

     Қазақ әдебиетшілері айтыс ӛлеңдері халықтың жазу ӛнері болмаған 

кезінде  туғандығын  дәлелдей  түседі.  «Бір  кезде  кӛшпелі  тұрмыс  құрған 

елдердің,-дейді  Сәбит  Мұқанов  айтыс  туралы  жазған  еңбегінде,-  сауаты  аз 

болды, оқуы жоқ елде ақынның күші аузына түсіп, басқа жанрлар сықылды, 

айтыс жанрын ауызша тудырды, ауызша айту жолымен ӛркендетті». { 1; 410-

411 } 

 С.Мұқанов «Айтыс» жинағының бірінші томында жазған алғы сӛзінде 



бұл атаудың кейде «талас» мағынасында ұғылатынын да айтқан еді. Алайда 

екі  адам  арасындағы  талас,  жанжал  -  әдеби  жанр,  кӛркем  де  кӛрікті  ойға 

құрылған нағыз ақындар айтысы бола алмаса керек . {10; 35 }  XIX ғасырда 

айтыс  поэзиясы  ӛзінің  кемеліне  жетіп,  жеке  айтушылар  туады.  Біздіңше, 

ақындардың  «ақын»  деп  аталуының  себебін  олардың  ӛзге  фольклор 



ӛкілдеріне  ұқсамайтын  ӛзгешеліктерінен  іздеу  керек  сияқты.  Ол  қандай 

ӛзгешелік?  Ақындарды  жыраудан  да,  жыршыдан  да  айыратын  негізгі 

ӛзгешелік  –  айтысқа  түсуі.Қазақ  тұрмысының  жағдайында,  жазба  әдебиет 

тумаған  кезде  ақынға  «ақын»  деген  атақ  әперетін  ең  басты  поэзия  «айтыс» 

болған.  Ақын  болу  үшін  ақынға  ӛзінің ақындық  күшін  кӛп  алдында  таныту 

керек: ақындығын таныту үшін ақын болғысы келген адам, бұрын ақын деп 

танылған біреумен ақындығын жарыстырып, кӛптің сынына түседі. Егер осы 

жарыста кӛптің сынына толса, оған кӛпшілік ақындық атақ тағады да, сынға 

толмаса  ақын  деп  танымайды»,-деп  жазады  С.  Мұқанов  {  10;  31  }Кейбір 

жұмбақ айтыстардан бір нәрсені жұмбақтап айтушының да, оны шешушінің 

де ӛмір құбылыстарын ӛте кӛп білетіндігіне таң қаласың. Жұмбақ неғұрлым 

қиыннан  қиысқан  сайын,  соғұрлым  ол  кейінірек  шыққандығын  дәлелдейді. 

Сол тәрізді салт айтысының бір түрі саналатын ақындар айтысы айтыстардың 

басқа  түріне  қарағанда,  анағұрлым  кеш  туған  айтыс  екені  сӛзсіз.    Салт 

айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық кӛңіл 

күйі  мен  ӛнер  сынасу  болса,  ақындар  айтсында  ӛнер  салыстыру,  сӛз 

сынасудың үстіне әр ақын ӛз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын 

кӛреміз. { 10; 33 } 

           Әдебиеттік  жағынан  алғанда,  айтыс  ӛлеңдерін    мазмұнына, 

тақырыбына  қарай  екі  түрге  бӛлуге  болады.Біріншісі-халықтың  тұрмыс- 

тіршілігіне,  әдет-  ғұрып  салтына  байланысты  туған  айтыстар.Екіншісі-шын 

мәніндегі  ақындар айтысы.Соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі болып 

табылады. 

    Айтыс  ӛлеңдерін  М.  Ғабдуллин  :  «жар-жар»,  «бәдік  айтысы»,  «қыз  бен 

жігіт»,  «дін  айтысы»,  «жұмбақ  айтысы»,-деп  түрлерге  бӛліп  қарастырған 

болатын.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет