Тарихи аңыздар.
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық
қиялы мүлде ӛзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың ӛзі уақыт ӛте келе аңыздық
сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар.Моңғолдың атақты әміршісі
Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар
бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың
ӛтірік-шынын тексеріп жатудың ӛзі ақылға сыймайтын нәрсе.Олар ойдан
шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз.Бір қызығы, әдеби немесе
ғылыми шығармалар мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше
болатын тарихи тұлғаларға, оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да
кӛптеп кездеседі.Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай.
1.6
. Қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі-
батырлар жыры.Бұл жырлардың кӛпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы
жаулын ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету тұрғысынан туған.Басқыншы
жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел жұртын қорғап қалған
батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына
қосқан.Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының кӛпшілік үшін
жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген.Еңбек адамдарының
ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың ісінен кем санамаған.Сондықтан да бұл
екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне
айналған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінің ел арасынан жиналуы XX ғасырдан
басталды десек, мұны батырлар жыры жӛнінде айтуға болады.Батырлар
жыры да ел арасынан XIX ғасырдың ішінде жазылып алына бастады.Бұл
жӛнінде де зор еңбек еткендер жоғарыда аталған адамдар еді.Бұған, әсіресе,
Ш.Уалихановтың, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың т.б. жинап бастырған
батырлар жыры дәлел.Дегенмен батырлар жырының молынан жиналған кезі
кеңестік дәуірде болды.Қазақ ғылым академиясының қолжазба қорында
батырлар жырының, кӛлем жағынан ғана алғанда, алты мың баспа табақтай
болуының ӛзі-кеңестік дәуірде ауыз әдебиетін жинау ісіне кӛп кӛңіл бӛлініп
келе жатқандығын сипаттайды. Батырлар жырын зерттеу ісі де кеңестік
дәуірде қолға алынды.Батырлар жыры жайында газет, журналдық
мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін
еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары кӛлемінде
зерттелді.Кеңестік
дәуірде
қазақтың
батырлар
жырын
зерттеуде
С.Сейфуллин,
М.Әуезов,
С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев,
Ә.Марғұлан,
Б.Кенжебаев, А.С.Орлов, Н.С.Смирнов, Т.Сыдықов секілді әдебиетші-
ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді.Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты
кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің
алғашқы бастамасы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |