5.
СЫҚАҚ (САТИРАЛЫҚ) ЕРТЕГІ.
Сықақ ертегіде ақымақтар мен қу тазша, Алдар кӛсе, Қожанасыр
бейнелерінің болуы – ертегілік прозаның жаңа кӛркем сапаға кӛшкенінің
белгісі, ӛйткені бұл кейіпкерлер қоғамның дамуына сәйкес ӛзгерген халық
дүниетанымына байланыстыпайда болған. Басқаша айтқанда, ел енді ежелгі
нанымдар мен салттарға сын кӛзбен қарап, оларды ұстанған кісілерді мазақ
қылатын болған. Сол себепті ертегі кейіпкерінің бұрынғы жақсы қасиеттері
(тектілігі, адамгершілігі, адалдығы, т.б.) басқаша бағаланып, кейіпкер
ӛзгеше, тіпті бұрынғыға кереғар сипатталатын болған. Дүние ӛзгеріп кетті, ал
ертегі кейіпкері сол қалпында қалған, сондықтан оның ескі салт пен түсінік-
пайымға адалдығы елдің күлкісін келтіреді. { 7; 169-224 }
Оқиғасын реалистік болмыстан, шындық ӛмірден алып ауызша шығарған
қазақ халқының кӛркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз-
әңгімелер.Аңыз-әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен
және тарихта болған адамдардың ісін, ӛмірін әңгімелеу негізінде
туған.Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын
қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге
айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Олардың аты , ісі ерте кезде жазу-сызу
ӛнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-әңгімелерінде
сақталған.Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы
деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын
аңыздарына айналған.
Аңыздардың әңгімесі тарихта болып ӛткен адамдар жайынан алынады
дегенді біз шартты түрде айтамыз.Ӛйткені қазақтың аңыздарында аталатын
Алдар кӛсе, Асан қайғы, Жиренше туралы тарихи деректерден кӛрі аңыз-
әңгімелер кӛп.Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлдеп айту қиын.Бірақ
солардай адамдар тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаған
халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи
адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп жіберген.
Достарыңызбен бөлісу: |