Махаббат хикаялар.
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың
қайғысымен, ӛлімі немесе айырылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары
құрайды.Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың
бастарынан ӛткен оқиғалары жатады.
Батырлар туралы аңыздар.
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан
ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы
аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады.Бұлардың қатарына сақ
патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына ӛз ӛмірін құрбан еткен бақташы
Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз.Бұл оқиғалардың аңызға
айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман ӛтіп кеткендегі ғана
емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |