Қыз бен жігіт айтысы.
Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына
байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сауыққа
жиналған жұртты кӛңілдендіру, күлдіру, ән мен ӛлең қызығына батыру
негізінде туған.Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер
шығарған.Олардың осы айтыстағы ӛлеңдерін кейіннен ӛлең айтуға икемі бар,
бірақ ӛздерінің ақындық ӛнері жоқ жастар жаттап алып, ойын- сауық кезінде
айтып жүретін болған.Бұл айтысты кӛбінесе қыздар мен жігіттер бастап,
солар айтатындықтан, халық оны «қыз бен жігіт айтысы» деп атаған.
Дін айтысы.
Тарихшылардың айтуына қарағанда XVI-XVII ғасырға дейін
қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII ғасырдан бері қарай
ислам дінін толық қабылдап алған.Осы кезден бастап ислам-қазақтардың да
негізгі дініне айналған.
Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін
ӛлең-жырды, соның ішінде айтыс ӛлеңдерін пайдаланған.Олар халыққа
түсініксіз дін сӛздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы
ұғындырмақ болған, кӛпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-
үгіттерді таратқан.Дін иелері ӛздерінің қолына ұстаған ақындарына әдейілеп
тапсырып, жұрттың жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы
және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған.Осы негізде діни тақырыпқа
арналған айтыс ӛлеңдері туған.
Достарыңызбен бөлісу: |