Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

     Қиял-ғажайып ертегілері. 

Бұл топқа кіретін ертегілер ескі заманда туып, 

содан бері қарай келе жатқандығын аңғартады.Ертедегі адамдар табиғат және 

оның  құбылыстары  туралы,  адамның  еңбегі,  тіршілік-    кәсібі,  күресі 

жайында, дүние- жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы 

қиял-  ғажайып  ертегілер-әңгімелер  тудырған.Бұл  ертегілерге  мысал  ретінде 

«Ер  Тӛстік»,  «Керқұла  атты  Кендебай»,  «Күн  астындағы  Күнікей  қызды» 

келтіруге болады. 

     

Хайуанаттар  жайындағы  ертегілер. 

Бұл  топтағы  ертегілердің  де 

алғашқы  үлгілері  ӛте  ерте  заманда  туған.Ертедегі  адамдар  ӛздерінің  күн 

кӛрісі  үшін  тӛрт  аяқты  хайуандарды  пайдалану,  оларды  үйрету,  асырау 

жайын  қарастырған  және  де  әрбір  хайуанат  туралы,  оның  қасиеті  туралы 

түрлі  қиял-  ғажайып  ұғым-түсініктер  ойлап  шығарған.Табиғат  сырын, 

жаратылыс  құбылыстарын  түсіне  алмаған  ертедегі  адамдар    әрбір 

хайуанаттың  жаратушысы,  иесі  бар  деп  ойлаған,  кейбір  хайуанатарды 

керемет тұтып, оған табынатын болған.Бұл ертегілер қатарына «Ақ қасқыр», 

«Жігіт  пен  қасқыр»,  «Сиқыршы»,  «Сырттандар»,  «Қу  түлкі»  сынды 

ертегілерді жатқызамыз. 

   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет