салты қазақ арасына ислам діні енгеннен кейін туған.Ислам діні бойынша,
оны қабылдағандар үшін жылына отыз күн ораза ұстау, күніне бес рет намаз
оқу, сондай-ақ қайыр-садақа беру т.б. міндет саналаған.Сондықтан да олар
дін үгітін халыққа ұғындыру үшін ӛлеңді қолайлы кӛрген.Қазақ халқыныңс
сауықшыл, ӛлеңшіл, ӛлең сӛзге құлақ түргіш келетіндігін ескерген.Осы
негізінде жарапазан ӛлеңдері туған.
4.Кӛңіл-күйін білдіретін шығармалар.
Қазақ
халқының
ӛткендегі
тұрмыс-салтына
байланысты
туған
шығармаларының енді бір түрі-адамның кӛңіл-күйін, қуанышы мен
қайғысын, іштей тартқан мұң- шерін, ауыр қазаға душар болғандығы
күйініш-күйіктерін білдіруге арналған сыршыл ӛлең-жырлар.Бұл ӛлеңдер
арқылы ӛткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны
жеңілдетуді кӛздеген.
Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т.б. тудыратын
жайларға әртүрлі жағдайда душар болған.Біреу баласынан, не жанкүйер
жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп,
кірін жуған жерінен еріксіз ауса,- мұның бәрі адам кӛңіліне ауыр қайғы
түсірген.Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған,әртүрлі
ӛлең-жырлар тудырған.
Қоштасу.
Қазақтың ӛлеңдері тақырып жағынан алғанда әр алуан болып
келеді.Туған ел-жұртымен, ӛсіп-ӛнген жер-суымен, ата-ана, ағайын –
туысымен, ӛткен ӛмірімен, жолдас еткен ӛнерімен қоштасу- тұрмыс-
тіршілікке, салтқа байланысты туған қазақ ауыз әдебиетінің белгілі
тақырыбынан саналады.
Ӛткен заманда, ру арасында дау-жанжал, қастасып, қақтығысу дәуірленген
заманда, бір елдің жерін екіншісі зорлықпен тартып алу, елден елдің
айырылып ауа кӛшуі, ата мекенін амалсыздан тастап кетулері кӛп болған.Ру
басыларының бақастығы, бас таласы негізінде туған дау-жанжалдардың
зардабы, ауыртпалығы бүкіл халыққа түскен, ата мекен жерінен, шұрайлы
қонысынан айырған.Бұл секілді жағдайға қатты күйінген халық ӛздері
бұрыннан мекен еткен жер-суымен қоштасқан, кӛңіл-күйін зар етіп қоштасу
ӛлеңдері арқылы білдірген. «Жылау, жылау, жылау күй» дейтін қоштасулар
осындай жағдайға байланысты туған.Сӛйтіп, қоштасу ӛлеңдері, біріншіден,
қоштасушы кісінің кӛңіл-күйін білдіреді, қоштасып отырғандары (ел-жұрт,
ағайын-туыс
т.б.)
адам
үшін
ең
қымбат,
қадірлі
екендігін
аңғартады;екіншіден, қоштасу ӛлеңдері қоштасушының артында қалып бара
жатқандарға арнаған ақыл-ӛсиеті түрінде болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: