Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

Беташар.

Жаңа  түскен  келіншектің  тойында  айтылатын  ӛлеңнің  бір  түрін 

беташар  деп  атайды.Бұл  ӛлеңнің  мақсаты-  жас  келіншекті  жаңа  ағайын-

жұртқа,  қайын  ата  мен  қайын  енесіне,  жаңа  қауымға  таныстыру,  кімнің 

қандай екендігін айту; мұнымен қатар, жаңағы ағайын-жұртқа жас келіншек 

жайын түсіндіру, жатсынбай баурап ал, ол осы қауымның бір мүшесі болды 

деп  кӛрсету.Шоқан  Уәлихановтың  айтуына  қарағанда,  жас  келін  үйдің 

босағасын  алғаш  рет  аттап  енгенде,  отқа  май  құйып  ырым  жасалған. 

«Мұндай  ырым,-  дейді  Шоқан,-  ертедегі  шамандық  дәуірінен  қалған,  ол 



кездегі адамдардың отты жарылқаушы күш есебінде түсінгендігінен туған».  

Жаңағыдай  ырымдарды  жасалу  үстінде  жыршы  ақын  беташардың  ӛлеңін 

айтуға кіріседі. «Келін, келіп, келіп тұр!»-деп бастайды да, жиналған жұртқа 

келінді таныстырады, келін атынан сәлем береді. 

 3. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар. 

     Басқа  халықтар  секілді,  қазақ  халқының  да  ертеден  келе  жатқан  діни 

ұғымдары,  ескі  наным-сенімі  болған.Мұндай  ұғымдар  қазақ  арасында  ӛте 

ертеде, Шоқанның айтуынша, шамандық дәуірде кӛп құдайға сиынған кезде 

туған.Жаратылыс  сырын  түсіне  алмаған,  ой-ӛрісі,  дүние  тану  шама-щарқы 

тӛменгі  сатыда  тұрған  ертедегі  адамдар  жаратылыста  болатын  әрбір 

құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. 

      Мұнымен  қатар,  М.Горкийдің  айтуына  қарағанда,  ертедегі  қараңғы 

адамдар  тұрмыс-тіршілігі,  күн  кӛрісі  жолында  кездескен  қиыншылықтарды, 

жұмыстың  ауыртпалығын  әртүрлі  ырымдар  жасап  жеңілдетпек  болған.  Бұл 

топтағы түрге тӛмендегі ауыз әдебиетінің түрлерін жатқызады : 

   


Бәдік. 

Ауру  адамды  немесе  ауру  малды  емдеу  үшін  ертеде  арнаулы  кӛш 

ӛткізген.Мұны  қазақтар  «бәдік  кӛші»  деп  атаған.Бұл  кешке  жұрт,  әсіресе 

жастар жиналып, ауруды ортаға алып емдемек болған.Адамға не малға ауру, 

індет  жіберетін  құдай  бар  деп  түсінген  халық,  «бәдік  кешінде»  сол  құдайға 

тіл  қату,  ықпал  ету,  ӛлең  арқылы  ӛтініш  жасау,  жалынып-жалбарыну 

ырымын  істеген.Сол  үшін  «бәдік  кешіне»  жиналаған  жігіттер  мен  қыз- 

келіншектер екі жақ болып айтысқа түскен. 

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет