Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

 Наурыз  туралы  ӛлеңдер.

  Қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілік  ӛмірінде,  әдет, 

салтында елеулі орын алған және ерте кезде мерекелеп ӛткізетін күннің бірі-

Наурыз.  Қазақ  арасында  ұлыс  күнінің    құрметпен  той  жасап  мерекеленуі, 

әдебиетші ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, ислам діні қабылданбастан 

бұрын  шыққан.Бұл  күнді  қазақтардың  зор  құрметпен  қарсы  алу  себебі,  сол 

кездегі кӛшпелі жағдайда ӛмір сүрген халықтың тұрмысына байланысты еді. 

 

   



Бесік  жыры.

  Қазақ  халқының  ерте  заманнан  келе  жатқан  әдет-ғұрып 

салтының  бәрі  де  оның  ауыз  әдебиетінен  орын  алған.Мұны  ол  ескі  кездің 

елесі  есебінде  кейінгі  жас  ұрпаққа  ӛлең  арқылы  жеткізген.Қазақтың  ескі 

әдет-ғұрып,  салтында  елеулі  орын  алған  нәрселердің  ішінен  аңыз-әңгіме, 

ӛлең-жырға  қосылмағаны  жоқ  деуге  болады.Адамның  тууынан  бастап, 

қартайғанға  дейінгі  ӛмірі,  тұрмысында  кездескен,  басынан  ӛткен 

жайларының  бәрі  де  ауыз  әдебиетінде  суреттелген.Жаңа  туған  жас  балаға 

арнап  «шілдехана»,  алғаш  рет  жолға  шықса  «тоқым  қағар»  деген  секілді 

ырымдар  жасалған.Осының  бәрі  ойын-сауық,  ӛлең  түрінде  ӛткен  және  олар 

қазақтың жалпыға бірдей салтына  айналған.Осындай салттан туған ӛлеңнің 

бір түрі-бесік жыры. 



Ӛтірік  ӛлеңдер

.  Қазақтың  ертедегі  салты  бойынша,  ойын-сауық  кездерінде 

айтылатын  ӛлеңнің  бір  түрі  –  ӛтірік  ӛлең.Бұл  алуандас  ӛлеңдер  күлкілі, 

қызық  сюжетттерге  құрылады.      Ӛтірік  ӛлеңдерді  айту  оңай  болғанымен, 

шығаруы  оңай  емес.Ол  ақыннан  ақындық  ӛнерді  талап  етумен  қатар,  қиял-

ойдың  мол  болуын  қажет  етеді.Ӛйткені  ӛтірік  ӛлең,  оның  сюжеті  қиыннан 

құрастырылуды, түймедей нәрсені түйедей етіп, болмаса, керісінше, түйедей 

нәрсені  түймедей  етіп  кӛрсетуді  тілейді.Бұл  ӛлеңдерде    суреттелетін 

нәрселердің  бәрі  адамның  кӛз  алдындағы  заттардан,  нақтылы  шындықтан, 

жалпыға түсінікті кӛріністерден алынады. 

      Ӛтірік  ӛлеңдер  айтайын  деген  ойын,  суреттейін  деген  кӛріністерін 

тыңдаушыға 

әсірелеу, 

бейнелеу, 

шендестіру 

арқылы 


жеткізіп 

отырады.Мысалы: 

               Бір қоянды міндім де аспанға ұштым

               Екпініне шыдамай жерге түстім. 

               Алты күндей ақ боран соғып еді, 

               Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім. 

               Дүниенің ауыры үрген қарын, 

               Жалғыз ӛзім кӛтердім соның бәрін. 

 

    Жаңылтпаш.

 Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған ойын-сауықтар 

кезінде ӛлең, әңгіме-жырлар ғана айтылып қойған жоқ.Ойын-сауық үстінде, 

жиналған жұртты күліру үшін, ауыз әдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері, 

айтылған.Соның  бірі-  жаңылтпаш.  Жаңылтпаш  айтқанда  екі  нәрсе 

ескерілетін  секілді.Біріншіден,  жиналған  жұртты  күлдіру;  екіншісі-  әрбір 

сӛзді  тез,  шебер  айтуға  ,  тіл  ұстартуға  үйрету.Жаңылтпаштың  сӛздері 



жаңылдыратындай  қиын,  кӛбінесе,  ұяң  және  қатаң  дауыссыз  дыбыстардан  

құралады. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған қырлы сӛздерді 

орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе-онда күлкі боларлық, тіпті ұятқа 

соғарлық  жағдайға  әкеледі.  Сондықтан  ол  әрбір  сӛзді  жылдамдата 

тақпақтаумен  қатар,  нақышына  келтіре,  мүлт  жібермей,  оралымын  таба 

айтуға  тиіс.  Жаңылтпаштың  сӛздері  қара  сӛз  түрінде,  кейде  ӛлең  секілді 

ұйқасып кедеді .Мысалы: 

    Қара бүркіт томағасын түсірді. 

    Оны мен томағаламай кім томағалайды

    Оны мен томағаламай кім томағалайды. 

    Ерте  кезде  ойын-cауықтарда  жаңылтпаш  айтқызу  қазақтың  салты 

болған.Жаңылтпаш  жиналған  жұртты  күлдіру,  тіл  ұстартуды  кӛздеумен 

қатар,  ол  ӛлең,  ән  білмейтін  жастарға  берілетін  жаза  есебінде 

қолданылған.Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа келген жастардың бәрі 

де ән салып, ӛлең айтуға тиіс болған. 

2. Үйлену салтына байланысты туған ӛлеңдер. 

  Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет- салты, ырым-кәдесі 

бар.Соның  бірі-қыз  ұзату,  келін  түсіру-жастарды  үйлендіруге  байланысты 

туған.Мұндай  салт  қазақта  да  бар  және  ол  әріден  келе  жатыр.  Қазақ  халқы 

ерте  кезде  тұрмыс-тіршілігінде  орын  алған  салтының  қайсысын  болса  да 

ойын-сауық  етіп  ӛткізуге  тырысқан.Оның  бәрін  ӛзінің  ән-күйімен,  ӛлең-

жырымен  есте  қалдырған.Мұны  үйлену  салты  жайынан  да  кӛруге  болады.  

Қазақтың  қыз  ұзату,  келін  түсіру-жастарды  үйлендіру  салтына  байланысты 

туған  ауыз  әдебиетінің  ұсақ  түрлерін  талдамастан  бұрын,  сол  салт  туралы 

аздаған  деректер  бере  кеткен  жӛн.  Арғы  шыққан  уақытын,  нақтылы  туған 

мезгілін  және  қай  дәуірде  «Қалай  дамығандығын  дәлелдеп  кӛрсете 

алмағанмен, Қазан кӛтерілісіне дейін қазақта үйлену салтының бірнеше түрі 

болғаны мәлім.Бұл ретте профессор Б.Кенжебаев кӛңіл аударарлықтай біраз 

дәлелдер келтіреді».Оның айтуынша , қазақтардың ертедегі тұрмысында құда 

болу, қыз ұзатып, келін түсіру әдет-салты халық ортасында туған, бұл салты 

сол  кездерде  билік  еткен  үстем  тап  та  пайдаланып,  оны  ақсақалдық-

рушылдық жол-жоба заңына айналдырған, ӛздерінің кертартпа ой-мүддесіне 

қосқан.Мұндай әдет-салттың қазақта Қазан кӛтерілісіне дейін басты үш түрі 

болып  келген.Біріншісі,  бел  құда  немесе  ежеқабыл  деп  аталған.Бұл  әдет-

салты бойынша, жастардың ата-аналары балаларын тумай тұрып атастырып 

қойған; бірін ұл, екіншісінен қыз туса, құда боламыз деп уәделескен;тумаған, 

әлі  дүниеге  келмеген  балаларына  құда  түсіп,  ырымдарын  жасаған;  ол 

балалардың  не  ӛлі,  не  тірі  боларын  еске  алмаған.Мұның  мысалы  «Қозы 

Кӛрпеш  - Баян сұлу» жырынан кӛрінеді.  Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру-

жастарды  үйлендіру  салтына  байланысты  туған  және  соларды  елестететін 

ӛлеңдердің  бірнеше  ұсақ  түрлері  бар.Олардың  қайсысы  болса  да  әр  кездің 

жағдайына қарай ӛзгеріп, дамып отырған.Сонымен қатар, ол ӛлеңдер арқылы 

белгілі  қоғамдық  ортаның,  таптың  ой-мүддесі,  кӛзқарасы  білдірілген.Осы 

аталған  ӛлеңдердің  тобына  жататын  «Тойбастар»,  «Жар-жар»,  «Сыңсу», 

«Беташар»  т.б.  ӛлеңдерінің  халықтық  жақтары  болумен  қатар,  халықтың 



тілегіне  қайшы  келетін,  кертартпа  сипаты  барларын  да  есте  сақтау 

керек.Бұларды сын кӛзімен қарастырып талдау қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет