Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

қара

 

ӛлең

” 

аталған. 



5.Жалпы поэзиялық басқа жанрдағы шығармаларды “

ӛлең

 деген терминмен 

атайды. 

 XX ғасырдың I жартысы 

           XX  ғасырдың I жартысында фольклорды теориялық тұрғыдан зерттеу 

жұмысы Қазан тӛңкерісінен кейін қолға алына бастады.Бұл қатарда  1920-30 

жылдары мақалалар, оқулықтар мен хрестоматиялар жарық кӛрді. Айталық, 

А.Байтұрсынұлының  1926  «Әдебиет  танытқыш»  атты  кітабы  жарық  кӛріп, 

оның    «Ауыз  әдебиеті»  деп  аталатын  тарауында  ауыз  әдебиетіне  ерекше 

кӛңіл  бӛлінеді.  Фольклорға  А.Байтұрсынов    «жазу-сызу,  ӛнер  –  ғылым  жоқ 

анайы  халықтарда  жазба  шығарма  болмайды.Ондай  халықтардың  асыл 

сӛздері  анайы  тілмен  айтылған  ауыз  шығарма  бар.Сондықтан  ондай  асыл 

сӛздер ауыз әдебиеті, яки анайы әдебиет деп аталады»,- деп анықтама береді.                            

А.Құнанбайұлының  фольклорға  деген  ғылыми  кӛзқарасы  қара  сӛздерінде 

кӛрініс  табады,  әсіресе,  «Бесінші»,  «Жиырма  тоғызыншы»,  «Отыз 



тоғызыншы»  қара  сӛздері.  Бұл  қара  сӛздерінде  мақалды  арнайы  түрде 

талдайды.  Абай  Құнанбайұлы  фольклорды  зерттеді  ме  ауыз  әдебиетіне 

қатысы  бар  ма  деген  сұрақтың  қоюлуы  заңды  ?!    Абайдың  фольклористтігі 

бірнеше тараптан байқалады. 

1)  Қазақтың  тӛл  халық  поэзиясының  бүкіл  поэтика  мен  сюжеттік 

элементтерін асқан шеберлікпен пайдаланады. 

2)  Қазақтың  басқа  елдің  фольклорлық  сюжетін  шығармашылығына  арқау 

етуі. 


3)  Қазақ  халқының  кейбір  мақал-мәтелдерімен  нақыл  сӛздерінің  мағынасын 

ашуы. 


Осылардың 

бәрі 


Абайды 

жан-жақты 

танытады.                                                                  

М.Әуезов «Әдебиет тарихы» 1927 жылы жарық кӛрген еңбегі- XX ғасырдың 

I  жартысындағы  фольклор  дамуындағы  аса  құнды  еңбек.  Бұл  еңбегінде 

М.Әуезов  қазақ  халық  әдебиеті  үлгілерін  «Сыршылдық  салт  ӛлеңдері», 

«Батырлар әңгімесі», «Ел поэмалары», «Тарихи ӛлеңдер», «Айтыс ӛлеңдері», 

«Ертегі»,  «Зар  заман  ақындары»  деген  тарауларға  бӛледі.  Осылайша 

фольклордың  жанрларын  жан-жақты  зерттеген.  М.Әуезов  Соболевпен 

бірлесе  отырып  орыс  тілінде  жазылған  «Қазақ  халқының  эпосы  мен 

фольклоры» атты  еңбегінде халық ауыз әдебиетін негізгі бӛлімдерге бӛліп, 

оның әрқайсысын орында сипаттап ӛтеді.                  С.Сейфуллин 1931 жылы 

«Қазақтың  ескі  әдебиет  нұсқалары»  және  1932  жылы  «Қазақ  әдебиеті», 

«Билер  дәуірінің  әдебиеті»  деген  кітаптарының  маңызы  зор.Автор  Ноғайлы 

жырларына  «Едіге  батыр»,  «Шора  батыр»,  «Қобыланды  батыр»,  «Қозы 

Кӛрпеш  -  Баян  сұлу»,  «Ер  Кӛкше»,  «Орақ  -  Мамай»  жырларын  жатқызады. 

Жалпы С.Сейфуллин фольклорды:эпос, ертегі, тұрмыс  - салт жырларын т.б. 

деп 


жүйелеген.                                                                                                               

С.Мұқанов  -  батырлар жырының құрылысы туралы жазған еңбегі ғылымға 

қосылған  күрделі  үлес.  Автор  қазақтың  ерлік  эпостарындағы  жиі 

қайталанатын құбылыстарды түрліше жіктейді. 1942 жылы «Қазақтың XVIII-

XIX  ғасырлардағы  әдебиеті  тарихының  очерктері»  деген  кӛлемді  еңбегі 

жарық  кӛрді.  Автор  бұл  еңбегінде  айтыстарды  :    айтыс,  жар-  жар,  қайым 

айтысы,  діни    айтыс,  «жұмбақ  айтыс»  т.б.  деген  салаларға  бӛледі.                                                                               

Қ.Жұмалиев- 1944 жылы «XVIII-XIX  ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы» 

деген тақырыпта кандидаттық,  1946  жылы «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы 

және  Абай  поэзиясының  тілі»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация 

қорғайды. 

XX ғасырдың II жартысы. 

 Бұл ӛте күрделі кезең.  

    М.Ғабдуллин-1958  жылы  жарық  кӛрген  «Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті» 

деген  оқу  құралы,  оның  ауыз  әдебиеті  ғылымына  қосқан  үлесі 

болды.Оқулықта  фольклор  жанрларына  анықтама  беріліп,  талданған.1972 

жылы  М.Ғабдуллин  мен  Т.Сыздықовтың  «Қазақ  халқының  батырлық 

жырлары» деген монографиясы жарияланып, ұлттық Академияның арнаулы 

жүлдесіне  ие  болды.                                            Әлкей  Марғұлан  –  «Қазақтың  ерлік 

жырларындағы  тарихи-қоғамдық  сарындар»,  «Қазақ  эпосын  тудырудағы 

тарихи  мұралар»,  «Қазақ  эпосының  ӛзіндік  характері  мен  оның  тарихқа 



қатынасы»  деген  ғылыми  еңбектерінде  тарих  және  фольклор  туралы  елеулі 

еңбектер  жазған.Батырлар  жырының  туу  тарихы  5  кезеңге  бӛліп 

қарастырып,жан-жақты 

зерттеп, 

талдау 

жасайды.                                      

С.Қасқабасов – қазақ фольклористикасы бойынша республикада тұңғыш рет 

мемлекеттік  дәрежеде  сыйлық  алған.1984  жылы  «Қазақтың  халық  прозасы» 

деген  кӛлемді  еңбегі  жарыққа  шықты.Мұнда  қазақтың  қарасӛз  түріндегі 

айтылатын  халық  прозасының  поэтикасы  мен  типологиясы  жан-жақты 

зерттеген.                                          О.Нұрмағамбетова-  филология  ғылымдарының 

докторы.Ол Мұрын жыраудан творчестволық ӛмірбаян жазды. «Қыз Жібек», 

«Керұғлы»  жырларының  бірнеше  нұсқаларын  баспаға  әзірледі.Әсіресе, 

«Қобланды  батыр»  жырының  варианттары  мен  версияларын  салыстырып, 

тұрақты текстологиясын жасауға ӛлшеусіз үлкен еңбек етуі. Б.Уахатов-1974 

жылы  «Қазақтың  халық  ӛлеңдері»  деген  монографиясы  жарияланды.  1975 

жылы  «Қазақтың  халық  ӛлеңдері»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация 

қорғады.Бұл  кітабы  мен  диссертациясында  орта  ғасырдан  бастап,  XX 

ғасырдың  ортасына  дейінгі  аралықта  қазақтың  халық  ӛлеңдері  қандай  даму 

сатыларынан ӛтті”,-сол туралы тереңірек зерттеліп, пікірлер айтылған. 

 XXI ғасырда 

          С.Қасқабасовтың  «Фольклордың  кезеңдері»  деген  кітабында  «Қазақ 

фольклоры»  туралы  ғылымның  қалыптасуы,  дамуы  деп  аталатын  екінші 

тарауында фольклорды үш кезеңге бӛліп қарастырған. 

1.I кезең XVIII-XIX ғасырдағы фольклортану. 

2.II кезең XX ғасырдың I жартысындағы фольклортану. 

3.III кезең XX ғ. II  жартысы. 

       Осы  кезеңдердің  III  –  кезеңде  С.Қасқабасов  XXI  ғасырдағы  фольклорға 

кішкене  шолу  жасайды.Соңғы  он  жылда  фольклорды  теориялық  тұрғыдан 

зерттеуден  гӛрі  жариялау  жағы  басым,  ӛйткені  тәуелсіздікке  қол  жеткелі 

елдің назары фольклордың тарихилығы мен тәлімдігі басымырақ жанрларға 

ауды.Сол себепті шешендік сӛздер, жылдар кӛбірек жарияланды. Яғни  1994 

жылы  «Ел қазынасы- ескі сӛз» деген атпен В.Радлов жинаған фольклорлық 

мәтіндер жарық кӛрді.Сонымен қатар ғылыми шарт негізінде «Бабалар сӛзі»-

100 томдығы жарық кӛрді. 

1.3.

          Тұрмыс  –  салт  жырлары  –  қазақ  халқының  әдет  –  ғұрып,  салт  – 

жораларына  байланысты  туындаған  ӛлең  –  жырлар.  Ал  сол  тұрмыс  –  салт 

жырларын әр ғалым ӛзінше жіктейді.   

М.Әуезов «Әдебиет тарихы» ( 1927 ) деген еңбегінде тұрмыс-салт жырларын 

сыршылдық салт ӛлеңдері деп атап оларды 2 түрге бӛледі. 

1.Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер ӛлеңдер (наурыз, жарапазан, бата 

беру ) 


2.Қыз ұзату үстіндегі салт ӛлеңдері (жар-жар, сыңсу, беташар, тойбастар). 

    А.Байтұрсынов  тұрмыс-салт  ӛлең  –жырларын    сарындама  деп  атайды.Ол 

ӛзінің  «Әдебиет танытқыш » деген 1926 жылғы еңбегінде атап, 3 түрге  

бӛледі. 


1. «Салт сӛзі» 

2. «Ғұрып сӛзі» 




3. «Қалып сӛзі»,- деп ӛзгеше жіктейді. 

     Б.Кенжебаев тұрмыс – салт жырларын «арнайы бір салт шартын орындау 

ретінде  айтылып  қолданылатын  ӛлеңдер»,-  дейді  және  4  түрге 

бӛледі.Олар: 

1.Мал шаруашылығы жайлы ӛлеңдер. 

2.Діни - салт ӛлеңдер. 

3.Үйлену ӛлеңдері. 

4.Мұң- шер ӛлеңдер. 

   Ә.Қоңыратбаев  елдің  тұрмыс-салты  мен  әдет-ғұрпын,  түрлі  наным-

сенімдерге  байланысты  туған  сюжетсіз  ұсақ  ӛлеңдерді  «Тұрмыс-салт» 

жырлары  деп  атайды.Бұл  жырларды  олардың  мазмұны  мен 

тақырыбына қарай бірнеше түрге бӛлген.Олар: 

а) бақташылық жырлары(тӛрт түлік мал туралы); 

ә )діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар(жарапазан, бәдік); 

б )үйлену жырлары (тойбастар, жар- жар, сыңсу, жұбату, беташар); 

в )ұлыс жырлары; 

г)бӛбек  жырлары;жаназалау  жырлары  (естірту,  қоштасу,  жоқтау),  т.б. 

осылайша бӛлінеді. 

М.Ғабдуллин қазақтың Қазан кӛтерілісіне дейінгі ауыз әдебиетінде халықтың 

тұрмыс-салтына  байланысты  туған  шығармаларды  бірнеше  түрге 

бӛледі.Соның ішінде бастылары мыналар: 

1.Тӛрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы. 

2. Үйлену салтына байланысты. 

3. Діни ұғымға байланысты. 

4. Кӛңіл-күйін білдіретін шығармалар. 

    Шартты  түрде  болса  да,  осындай  тӛрт  салаға  бӛлінген  шығармалардан  

қазақ  халқының  ертедегі  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы  ,  діни  ұғымдары, 

арман-мүддесі  қандай  екендігін  аңғаруға  болады.  Ал  осындай 

жіктеулерді  біле  отырып,  Мәлік  Ғабдуллиннің  жіктеуіне  кеңінен 

тоқталып анықтама беретін боламыз. 

1.Тӛрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы.  

     Қазақ халқы кеңестік заманға дейін, негізінде, кӛшпелі жағдайда болды да

мал шаруашылығымен кәсіп етті.Халықтың күн кӛрісі, тұрмыс-тіршілігі тӛрт 

түлік  малға  байланысты  еді.Жесе-азық,  кисе-киім,  мінсе-кӛлік  дегендей, 

кӛшпелі  жағдайда  ӛмір  сүрген,  экономиканың  басқа  түрі  дамымаған  қазақ 

халқы үшін тӛрт түлік мал тіршілік тірегі болды. 

     Ӛзінің  тұрмыс-  тіршілігінде  осындай  ерекше  орын  алған,  пайдасы  тиіп, 

қызметі сіңген тӛрт түлік мал тіршілік тірегі  болды.Бұлардың бәрінде де мал 

шаруашылығымен  кәсіп  еткен  адамның  тӛрт  түлік  мал  жайындағы 

кӛзқарасы,  ой-арманы,    тілек-мүддесі  кӛрініп  отырады.  Ауыз  әдебиетінде 

тӛрт түлік мал жайындағы  шығармалардың кейбір үлгілері ӛте ерте заманда, 

адамдардың  жаратылыс  сырын  түсіне  алмаған  кезінің  ӛзінде-  ақ  туа 

бастаған.Шоқан  Уәлиханов  «Шамандықтың  қазақтардағы  қалдығы»дейтін 

еңбегінде,  М.Әуезовтің    «Қазақ  ертектері»  туралы  жазған  зерттеуінде  тӛрт 




түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардаң 

ой- ӛрісі тӛмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. 

    Тӛрт  түлік  мал  жайында  шығарылған  әңгіме,  ӛлең-жырлардың  алғашқы 

үлгілері  ерте  заманда  туып,  бертін  келе  дами  береді.Тұрмыс-тіршілігі  тӛрт 

түлікке  байланысты  болған  шаруа  адамы  мал  баласын  қадірлеп,  ардақтай 

түседі.Сондықтан  да  ол  тӛрт  түліктің  иелеріне  жалынып,  жалбарынады. 

«Малға  аура,  індет  жіберме,  одан  сақтай  гӛр,  малымызды  ӛсімтал  ет»,-деп, 

тӛрт  түліктің  иелеріне    тіл  қатады.    Әдебиетші  Қ.Жұмалиевтің  айтуына 

қарағанда:  «Мал  бағып  күн  кӛрген  ертедегі  адамдар  ӛзі  жасаған  ауыз 

әдебиетінде ең жақсы бейне, теңеулерді әртүрлі жануарлардың ӛмірінен алып 

отырған.  «Бұған,-дейді  Қ.Жұмалиев,-екі  себеп  бар,  біріншіден,  тӛрт  түлік 

ғасырлар  бойы  адамның  ой-санасынан  ұнамды  орын  алған;екіншіден,  тӛрт 

түліктің  қайсысы  болса  да  кӛпке  белгілі,  сол  белгілі  нәрсе  арқылы  белгісіз 

нәрсені  елестеткен».Осы  пікірді  қазақ  әдебиетін  зерттеуші  ғалымның  бірі 

Б.Кенжебаев  та  айтады:  «Қазақ  халқы  ,-дейді  Б.Кенжебаев,  -  малға  сыр 

мінез.Адамның  келбетін,  түсін,  сиқын,  жақсы-жаман  мінезін,  қылығын 

айқындап  кӛрсету  үшін,  оны  малдың  мүшелеріне,  мінезіне  салыстырады, 

сӛйтіп, әртүрлі теңеулер жасайды. Осылайша ғалым ӛз еңбегінде тӛрт түлік 

мал,  еңбек-кәсіп  жайындағы  шығармаларға  анықтама  бере  келіп,  мұның 

ішіндегі ауыз әдебиетінің тӛмендегідей түрлерін енгізіп, қарастырады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет