82
тұқымның орташа арифметикалық массасын табады. Бірінші және
екінші үлгілердегі тұқым массаларының арасындағы айырмашылық
орташа арифметикалық массаның 3%-нан аспаса талдау аяқталды деп
есептеледі. Егер екі үлгінің өлшеу нәтижелеріндегі айырмашылық
рұқсат етілген шамадан артық болса, онда үшінші үлгі сұрыпталады.
Үшінші үлгінің өлшеу нәтижесін алғашқы екеуімен салыстырады және
1000 тұқымның массасы айырмашылығы барынша төмен үлгілермен
анықталады.
Жекелеген жағдайларда абсолют құрғақ тұқымның массасын
анықтайды. 1000 тұқымның абсолюттік массасы төмендегі анықтама
бойынша есептеледі:
мўнда
a
B
A
,
100
:
)
100
(
А - 1000 тұқымның абсолюттік құрғақ массасы, г ;
а - 1000 тұқымның құрғақ-ауа массасы (қысқаша - 1000 тұқымның
массасы), г;
В - тұқымның ылғалдылығы, %
Қант және мал азықтық қызылшаның іріктелмеген тұқымдарын
тазалыққа талдағанда негізгі дақыл тұқымының массасын ғана анықтап
қоймай шөкімдегі жеміс шоғырларының да (клубочкалар) санын
есептейді және бұл деректерді 1000 тұқымның массасын анықтау үшін
пайдаланады.
Қант қызылшасы 1000 тұқымның массасын мына анықтамамен
есептейді: M = m : х ∙ 1000, мұнда
М - 1000 тұқымның массасы, г;
m - шөкімді тұқым тазалығына талдағандағы негізгі дақыл
тұқымдарының массасы, г ;
Х - шөкімді електен (решетка) өткізгенде електе қалған жеміс
шоғырының саны, дана.
Аталған деректер тұқым сапасыв жөніндегі құжаттарда көрсетіледі
және олар тұқымның салмақтық себу мөлшерін есептеуде қолданылады
( ).
Достарыңызбен бөлісу: